Бағалау критериі:есептерді шешу, СӨЖ тапсырмаларын, семинар сабағында белсенділігін бағалау.
Тақырып 10. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және ұйымдастырушылық нысандары Семинар сабағының жоспары 1. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны және функциялары.
2. Кәсіпкерліктің мақсаттары, міндеттері және қағидалары..
3. Кәсіпкерліктің түрлері, нысандары және жіктелінуі.
Семинар сабағының мақсаты – Кәсіпкерлік қызметтің мақсатын айқындау.
Семинар сабағының міндеті – Кәсіпкерліктің түрлері. Кәсіпкерлік қызметтің маңызы мен оның атқаратын функцияларының әр түрлі белгілері бойынша топтар мен түрлерге жіктелуін түсіну.
Іскерлік, дағдылық және біліктілік ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес «Кәсіпкерлік- бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынды (мемлекеттік кәсіпкерлік) басқару құқығына негізделген, тауарларға деген сұранысты қанағаттандыру арқылы (жұмыстар, қызмет көрсетулер) таза пайда табуға бағытталған, меншік формаларына тәуелді емес азаматтар мен заңды тұлғалардың бастамалық қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігіне сай жүзеге асады.»
Сабақты өткізу формасы – сұрақ жауап, жазбаша жұмыс
Тақырып бойынша ауызша сұрау: Кәсіпкерлік қызмет бостандығы ұстанымы.
Түрлі меншік формаларын, меншік құқықтарының заңды теңдігін және олардың бірдей қорғалуын құптайтын конституциялық ұстаным. Ол ҚР Конституциясының 6- бабында бекітілген: «Қазақстанда мемлекеттік және жеке меншік бірдей деңгейде мойындалып, қорғалады.»
Бәсекені қолдау және монополиялану мен әділетсіз бәсекеге бағытталған экономикалық қызметті болдырмау ұстанымы (Конституцияның 26- бабы).
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу ұстанымы.
Заңдылық ұстанымы.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылар құқықтарының қорғалуы.
Ситуация 1. 1958 жылы Амур өзені бойындағы орманцеллюлоздық комбинатты қайта жанартау туралы шешім қабылданды. Комбинатты Амур деп атап, оның айналасы сонда жұмыс істеушілерге арналған қала тұрғұзу туралы шешім қабылданды. Осылайша картада Амур қалашағы пайда болды. 1976 жылы комбинаттық алғашқы айналымы өз өнімдерін шығара бастаса, 1976 жылы оның екінші айналымдық кезеңі келді.
Алайда, 70ж. орта шенінде кеңес мүшелерінің шешімімен комбинат құрылымының бітуімен тұспа-тұс келетін екі үлкен өндіріс орнын (машина құрылыс зауыты) құру көзделді. Бұл шешім, комбинат құрылысына арналған ресурстар мен жұмыс күшінің барлығының жоғарығыдағы өндіріс орнының құрылысына кетуіне алып келеді. Алғашқыда комбинат құрылысына қолданылған техниканың бір бөлігі жаңа құрылыс алаңында қалдырылды, кешеннің даму приоритеті құрылыс материалдары мен конструкциялардың бөлінуіне әкеліп соқтырды. Мұның бәрі жоспарланған азық-түлікке арналған жиналмалы ыдыс даярлайтын цехтың ашылмауына алып келді. Таяу шығыс аумағы мұндай тауарларды әлі күнге дейін Жапония елінен сатып алуда.
Комбинат вискозды целлюлоза өндіреді, яғни, шикізатты қайта өңдеуде химиялық негіз ретінде, текстиль өндірісінде қолданылады. Амурскіден басқа мұндай өнім бірнеше орындарда: Котласта, Святогорск, Приозерскі, Байкалда шығарылды.
Комбинат қуаттылығы жылына 100 мың тенге целлюлоза өндіру жоспарланды. 1976ж. бастап комбинат қағаз жәшік шығара бастады.
Комбинат Г. Трегубовтың басшылығында. Оның мәлімдеуі бойынша, 1991ж. бүгінгі таңға дейін баға көрсеткіші былайша өскен:
Целлюлоза- 757 рет
Орманға- 100 рет
Жұмыс күшіне- 500 рет
Электр қуаты- 7000 рет.
Қатты қағазды тасымалдау құны (теміржол тарифі) 1993 ж-ақ, қатты қағаздың нарықтағы бағасын жоғарлатылған. Осыған орай, Трегубов 1993ж. қыркүйек айында қатты қағазды өндіруді баяулату туралы шешімге келді. Целлюлозаға қатысты айтар болсақ, оның көрсеткіші мынадай:
80 % - ішкі рынок
20 % - сыртқы рынок (Азия аумағы елдері)
1992ж. мамырда, Ресей экономикасы құлдырау үстінде тұрған кезде, комбинат тығырыққа тірелмеген жалғыз өндіріс орны ретінде қалып отырды.
Алайда, 1992ж.маусым айында Ресей үкіметі өзара есептесу үрдісін жүргізді, яғни, өнеркәсіптің бөлектегі шоты «0»- ге тірелді, тамыз айында қаржылық тапшылықтың алғашқы көрінісі айқын бола бастады: өндіріс орны берешек ретінде электр қуатын берушілер тарапынан электр қуатынан айырылды. Өндіріс тоқтатылды. Тауарды өндіруге кеткен шығындар мен өнім бағасы арасында уақытша жарылыс орын алды. Комбинатта туындаған жағдай мынадай.
Тапсырмалар :
1. Қоршаған ортаны талдау барысында, комбинат айналасында орын алған өндіріске жанама және тікелей әсер ететін факторларды бөліп көрсетіңіз.
2. Трегубовтың басқару іс – тәжірибесіне әсерін тигізген осы аталған факторларды қарап отырыңыздар.
3. Трегубов тап болған жағдайды талдаңыз.
Менеджердің өндіріске сыртқы орта факторларының қолайлы жағдайларының туғызатындай ортаны құруға мүмкіндігі бар ма?