САБАҚ: Практикалық жұмыс № 3
«Металдар» тақырыбына эксперименттік есептер шығару.
|
Мектеп: № 79 негізгі мектеп
|
Күні: 13.03.2018 ж
|
Мұғалімнің есімі: Бейісова Гүлжайна
|
СЫНЫП: 9 , пәні: химия
|
Қатысқандар саны:7
|
Қатыспағандар саны: жоқ
|
Сабаққа негізделген оқу мақсаты(масаттары)
|
1. Эксперименттік есептер шығару жолын білу.
2. Металдар тақырыбын қортып есептер шығару арқылы түсіну .
3. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының генетикалық байланысын сипаттауды үйрену.
|
Оқу мақсаттары:
|
Барлық оқушылар:
|
1. Эксперименттік есептер шығару жолын біледі.
|
Оқушылардың басым көпшілігі:
|
2. Металдар тақырыбын қортып есептер шығару арқылы түсінеді.
|
Кейбір оқушылар:
|
3. Металдар мен бейметалдардың қосылыстарының генетикалық байланысын сипаттауды үйренеді.
|
Тілдік мақсат:
|
Металдар және оның қосылыстарын ажырата алады.
|
Негізгі сөздер мен тіркестер:
|
Металдар.
|
Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер:
|
Талқылауға арналған тармақтар:
|
«Металдапр» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару
|
Сіз неліктен .... екенін айта аласызба?
|
Металдар ме бейметалдардың қасиеттерін сипаттай алады.
|
Жетістік критерилері
|
1.Металдарды атай алады.
2.Металдардың қасиеттері мен маңызын ажырата алады .
3.Металдар мен бейметалдардың генетикалық байланысн сипаттай алады.
|
Алдыңғы оқу
|
Металдар мен бейметалдар арасындағы генетикалық байланыс.
|
Жоспар
|
Жоспарланған уақыт
|
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
|
Ресурстар
|
Басталуы
|
40 мин
|
Ұйымластыру:
Оқушыларды стикарлер арқылы топтарға бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру:
Үйге берілген есептердің шығарылу жолдарын тексеру.
Практикалық жұмыс № 3
«Металдар» тақырыбы бойынша эксперименттік есептер шығару
1 нұсқа
№1 Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
№2 Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.
№3 Мына сызбанұсқа бойынша : СаО → Са(ОН)2 → СаСІ2 кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.
|
9 сынып химия оқулығы.
|
Ортасы
|
|
ІІ нұсқа
№1 Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
№2 Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.
№3 Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:
Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)2 → СаСО3
|
Плакаттар
|
Аяқталуы
|
|
Қосымша тапсырма
1.Үш тәсілмен:
а) темір(ІІІ) хлоридін; ә) алюминий хлоридін алыңдар.
2.Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,
Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.
3.Лабораторияда мынадай реактивтер бар:
а) калий гидроксидінің ерітіндісі; ә) қатты натрий карбонаты; б) азот қышқылының ерітіндісі; в) концентрациялы күкірт қышқылы; г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі; ғ) мыс;
Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.
3.Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен
қорытындылап жазыңдар.
Кері байланыс
Стикерлерге бүгінгі сабақта не білді, не үйренді және не қызық болғандығы н түсіреді.
Үйге тапсырма: Бейметалдар, металдар және олардың қосылыстарының генетикалық байланысы.
Бағалау.
|
Стикерлер
|
Қосымша ақпарат
|
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
|
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері АКТ – мен байланыс Құндылықтардағы байланыс
|
Топтық, жұптық жұмыс арқылы оқушлыар өзрара қолдау көмек көрсетеді.
Қабілеті жоғары оқушыларға Кеңейтілген тапсырманың екеінші және үшінші бағыты беріледі.
|
1.Мұғалім тарапынан « Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағаланады.
2.Өзіндік жұмыс
|
|
Рефлексия
Сабақ/оқу мақсаттары шынайы шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жасаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
|
|
|
Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?
1.
|