x=х1..х2, y=y1..y2, мұндағы х1, х2, y1, y2 сандары тіктөртбұрышты интегралдау аймағын құрайды;
x=f1(y)..f2(y), y=y1..y2, мұндағы f1(y), f2(y) - y1-ден y2-ге дейінгі сол жақтан оң жаққа дейін шектелген интегралдау аймағын анықтайтын сызықтар;
x=х1..х2, y=g1(x)..g2(x) , мұндағы g1(y), g2(y) - х1-ден х2-ге дейінгі төменнен жоғарыға дейін шектелген интегралдау аймағын анықтайтын сызықтар.
Еселі интегралдарды int командасын екі рет пайдалану арқылы есептеуге болады. Мысалы, интегралын есептеу үшін мынадай команданы пайдаланылады:
> int(int(x^2*y^3, x=0..1), y=0..2);
Еселі интегралдарды есептеудің мынадай мысалдарын қарастырайық:
1. интегралын есептеу керек боғанда, мынадай командалар орындалуы керек:
> Int(Int(y^3/(x^2+y^2),x=0..y),y=2..4)=int(int(y^3/(x^2+y^2), x=0..y),y=2..4);
2. еселі интегралды сызықтарымен шектелген аймақта есептеу керек болсын. Алдымен аймақты мынадай түрге келтіріп алайық: . Сонан кейін мынадай командалар орындалуы керек:
> restart: with(student):
> J:=Doubleint(sin(x+2*y), x=y..Pi/2-y, y=0..Pi/2);
> J:=value(%);
№12. Maple жүйесіндегі векторлар мен матрицаларды анықтаудың негізгі командалары
Сызықтық алгебра есептерін шешуге арналған Maple жүйесіндегі командалардың негізгі бөліктері linalg кітапханасының құрамында болғандықтан, матрицалармен және векторлармен жұмыс істер алдында аталған кітапхананы with(linalg) түрінде ашып алу керек. Векторлар мен матрицалармен жұмыс істеу үшін Maple жүйесіндегі linalg бумасына кіретін көптеген функциялардың ішіндегі жеке V векторы мен M матрицасына байланысты жиі қолданылатындарын атап өтейік:
coldim(M) —M матрицасының бағандарының санын бейнелейді;
rowdim(M) - M матрицасының жолдарының санын бейнелейді;
vectdim(V) — V векторының өлшемдерін бейнелейді;
col(M.i) — M матрицасының i-ші бағанын бейнелейді;
row(M,i) — M матрицасының i-ші жолын бейнелейді;
minor(M,i,j) — M матрицасының i және j индекстік элементтерінен құралған минорды бейнелейді;
delcols(M,i..j) — M матрицасының i-ден бастап j-ға дейінгі бағандарын алып тастайды;
delrows(M,i..j) — M матрицасының i-ден бастап j-ға дейінгі жолдарын алып тастайды;
extend(M,m,n,x) — M матрицасын x мәндерімен толтыру арқылы m жол мен n бағанға кеңейтеді;
Негізгі векторлық және матрицалық амалдарды атап өтейік:
dotprod(U,V) — U және V векторларының скаляр көбейтіндісін білдіреді;
crossprod(U,V) — U және V векторларының векторлық көбейтіндісі;
norm(V) не norm(M) — V векторының не M матрицасының нормасы;
copyinto(A,B,i,j) А матрицасының i-ден бастап j-ға дейінгі элементтерін тізбектей В матрицасына көшіреді;
matadd(A,B) және evalm(A+B) — А және В матрицаларының қосындысы;
det(M) — М матрицасының анықтауышын есептейді;
jordan(M) — М матрицасының Жордан формасын бейнелейді;
rank(M) — М матрицасының рангын есептейді;
transpose(M) — М матрицасының транспонирленген матрицасын есептейді;
inverse(M) не evalm(1/M) — М матрицасына кері матрицаны есептеу;
evalm(A*B) не multiply(A,B) — А және В матрицаларын көбейтеді,
evalm(A^n) — А матрицасының n дәрежесін есептейді;
exponential(A) — А матрицасының экспоненциалдық түрде есептелуі;
Достарыңызбен бөлісу: |