> >
№9. Аналитикалық және сандық интегралдауды Maple жүйесінде ұйымдастыру
Maple жүйесінде анықталмаған интегралын есептеудің екі командасы бар:
тікелей орындалатын команданың жазылу түрі мынадай болады: int(f, x), мұндағы f – интеграл астындағы функция, x – интегралданатын айнымалының атауы.
іштей орнатылған орындалу командасы үшін жазылу түрі – Int(f, x), мұндағы параметрлер дәл тікелей орындалатын командадағыдай болады. Int командасы экранға интегралдың математикалық формуласының аналитикалық түрде жазылуын шығарып береді.
Ал анықталған интегралды есептеу үшін int және Int командаларында интегралдау шектері көрсетіледі, мысалы
> Int((1+cos(x))^2, x=0..Pi)=int((1+cos(x))^2, x=0..Pi);
Егер интегралдау командасына continuous: int(f, x, continuous) опциясы қосылса, онда Maple жүйесі интегралдау аумағында интеграл астындағы функцияның үзілуіне мән бермейді. Ал бұл шектелмеген функциялардан меншіксіз интегралдарды есептей беруге мүмкіндік береді. Шектелмеген меншіксіз интегралдарды есептеу үшін int командасындағы параметр x=0..+infinity түрінде көрсетілуі қажет.
Ал сандық интегралдау evalf(int(f, x=x1..x2), e), командасы арқылы орындалады, мұндағы e – есептеу дәлдігін (үтірден кейінгі белгілер санын) көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |