Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру



бет4/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру. Белоктарды ауыр металдардың тұздарымен тұнбаға түсіру, олардың белоктармен ерімейтін комплексті қосылыстар түзуіне байланысты. Белоктар кейбір тұздармен CuSO4,ZnSO4,(CH3COO)2Pb, FeCl3 тұнба түзеді. Түзілген тұнба олардың артық мөлшерін қосқанда, қайтадан еріп кетеді. Бұл процесс пептизация процесі деп аталады. AgNO3 және HgCl2 тұздарының ерітіндісімен пайда болған тұнба, бұл тұздардың артық мөлшерін қанша қосқанымен, сол қалпында қалады, яғни ерімейді.

Жұмыс барысы: 3 пробиркаға 2 мл-ден белок ерітіндісі құйылады. 1-шіге 3% AgNO3, 2-шіге 1 тамшы 1% CuSO4, 3-шіге 1 тамшы 0,5 % Pb(CH3COO)2 ерітінділері қосылады. Үшеуінде де тұнба түзіледі.

3 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Белоктарды тұнбаға түсіру реакциялары
Мақсаты: Белоктардың ерітінділерін қыздырғанда олардың коллоидтық бөлшектерінің іріленіп, коагуляциялана бастағанын байқау. Белоктарды концентрлі минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру, олардың дегидратация әсерлеріне байланысты екенін анықтау. Алкалоидтарды анықтайтын көптеген реактивтер белокты заттарды да тұнбаға түсіретінін анықтау.
Тапсырма: 1. Белоктардың органикалық еріткіштермен тұнбаға түсіру
2. Белоктарды минералды қышқылдармен тұнбаға түсіру
3. Белоктарды алкалоидты реактивтермен тұнбаға түсіру
4. Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру
Қажетті құрал-жабдықтар: 1 мл белок ерітіндісі, 3-5 мл метил, этил спирттері.1 мл белок ерітіндісі, 20%-тік сульфосацил қышқыл, HO2OS-C6H4O-COOH. 1 мл белок ерітіндісі, 1 мл 5%-тік үшхлорсірке қышқылы (СCl2COOH). Фенол, формалин. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.
1. Белоктардың органикалық еріткіштермен тұнбаға түсіру. Органикалық еріткіштер /спирт, эфир, ацетон және т.б./ белоктың макромолекулаларын дегидратациялайды, яғни олардың су қабатарын бұзып, ерітіндідегі белоктың тұрақтылық қасиетін нашарлатып, тұнбаға түсіреді. Егер ерітінді бейтарап не әлсіз қышқылды болып келсе, белоктың тұнбаға түсуі солғұрлым жақсы байқалады, ал сілтілік ерітінді де органикалық еріткіштер әсерінен оның тұнбаға түсуі әжептеуір төмендейді. Электролиттер /мысалы, хлорлы натрий/ қатысында ерітіндідегі белоктың тұнбаға түсуі жеделдейді.
Егер реагенттің әсер ету уақыты аз болса және оны қыздырмасақ, белоктың спирт әсерінен тұнбаға түсуі қайтымды болады. Белокқа спиртпен ұзақ уақыт әсер етсе, қайтымсыз тұнбаға түсіп, денатурацияланады.
Жұмыс барысы: 2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, әрқайсысына 3-5 мл метил және және этил спирттерін қосамыз. Спирттердің әсерінен белок бірден тұнбаға түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет