Қажетті құрал-жабдықтар:Аскорбин қышқылы, итмұрын езіндісі, темірсинеродты калий K Fe (CN) , хлорлы темір Fe Cl қоспасы, құйғанда, қоңыр түсті сұйықтық көк түске боялады; 1 тамшы 5 % темірсинеродты калий, 1 тамшы 1 % хлорлы темір ерітіндісі. 5 – 10 тамшы 1 % итмұрын езіндісі, дистилденген су; Аскорбин қышқылы кездесетін итмұрын сығындысы, метилен көгі бар ерітінді немесе 2,6 - дихлорфенолиндофенол ерітіндісі, а/ 1 тамшы 0,01 % метилен көгін және 1 тамшы 10 % сода ерітіндісі, 5 тамшы 1 % итмұрын езіндісі, су, ә/ 10 тамшы 0,01 % 2,6 – дихлорфенолиндофенол ерітіндісі, 1 тамшы 2 % тұз қышқылы, итмұрын /5 – 10 тамшы/ езіндісі; Аскорбин қышқылы кездесетін итмұрын езіндісі, йоды бар йодкалийдің ерітіндісі. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.
Пиридоксин / В6 витамині, адермин/ 1926 жылы Гольдбергер қолдан жасалған диеталық қорекпен тышқандарды азықтандырғанда, олардың дерматит ауруына шалдыққанын байқаған. Бұған қарсы В1, В2 витаминдерімен әсер еткенде жазылмай, ал қоректік заттарға ашытқыны қосып бергенде тышқандардың айыға бастағанын анықтады. Кейіннен бұл витаминнің адам мен жануарлардың қалыпты жағдайдағы тіршілігі үшін де қажетті екені дәлелденді. 1937-1939 жылдары бұл зат ашытқылардан бөліп алынып, оны В6 витамині деп аталды. Сөйтіп тағамдарда пиридоксин жетіспегенде, полиневрит, анемия және тері ауруы – дерматитті тудырады. Бұл дерттерден никотин қышқылынан гөрі, пиридоксинмен әсер етіп жылдам айықтыруға болады.
В6 витамині организмге өте қажет-ақ. Өйткені ол зат алмасудың, қан түзілудің барлық процестеріне қатысады. Тері ауруларынан сақтандырады, ферменттердің құрамына енеді, нерв жүйелерінің қызметін реттеп, бала көтеру мен босанудың бірқалыпты өтуіне көмектеседі, ішектегі пайдалы бактериялардың көбеюіне әсер етеді.
Пиридоксинге феррихлорид әсері.Пиридоксиннің ерітіндісіне хлорлы темір ерітіндісін қосқанда сұйықтық қызыл түске боялады, себебі темірдің феноляты типтес комплексті қосылыс түзілу салдарынан.
Жұмыс барысы:5 тамшы 5 % пиридоксиннің судағы ерітіндісіне 1 тамшы 5 % хлортемір ерітіндісін қосып, шайқаймыз, сұйықтық қызыл түске боялады.