Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Дисахаридтерге реакциялар



бет9/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

Дисахаридтерге реакциялар. Дисахаридтерге сахароза, мальтоза, лактоза, целлобиоза жатады. Дисахаридтер екі моносахарид молекуласынан түзіледі.

  1. Сахароза, мальтоза, лактозаның тотығу-тотықсыздану реакциялары.

Жұмыс барысы: 3мл дисахаридтердің кез-келген өкілінің ерітіндісіне сондай мөлшерде Фелинг сұйықтығын қосып қыздырады. Нәтижесінде мальтоза мен лактоза оң реакция, ал сахароза теріс реакцияны көрсетеді. Себебі, сахарозадағы активті ОН тобы бір-бірімен әрекеттесу нәтижесінде өзгермейді.

  1. Сахарозаға түсті реакция. Сахароза күкірт қышқыл кобальтпен түсті реакция береді.

Жұмыс барысы: 2-3 мл сахароза ерітіндісіне 0,5 мл 2 % COSO4 және 2 мл 10 % NaOH қосамыз. Ерітіндінің күлгін түске боялғанын көреміз.
2. Полисахаридтер. 1) Крахмалдың коллоидтық қасиетіне реакциялар
Жұмыс барысы: Үш пробиркаға 3 мл 1 % крахмал ерітіндісін құю керек, 1-ші пробиркаға (NH4)2SO4 кристалдарын крахмал ерітіндісі толық қаныққанша қосады. Ерімеген (NH4)2SO4 кристалдарының үстінде крахмалдың тұнбасы түзіледі. 2- пробиркаға - 6 мл этил спирті қосылады, крахмал тұнбаға түседі. 3–ге – 6 мл эфир қосса, мұнда да тұнба пайда болады.
2) Крахмал мен гликогенге түсті реакция
Жұмыс барысы: 2-3 мл 1 % крахмал не гликоген ерітіндісіне 1-2 тамшы Люголь реактивін (I2- KI) тамызса сұйықтық көк түске не қызыл қоңыр түске боялады, ал қыздырса ол түс жоғалады, суытса қайта пайда болады.
3) Агар-агарға реакция. Агар-агар түйірін алып үстіне 4-5 мл су қосып қыздырамыз. Пайда болған ерітіндіні екіге бөлеміз.
1-ге Фелинг сұйықтығын қосып қыздырамыз. 2-ге 0,5-1 мл концентрлі HCl қосып, қыздырады. Суытып нейтралдайды. Сосын Фелинг сұйықтығын қоссақ, оң реакция береді.

8 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Ферменттердің физика-химиялық қасиеті
Мақсаты: Ферменттер мен бейорганикалық катализаторлардың әсерін байқау, полисахарид – крахмал моносахаридке амилаза ферменті мен мальтазалары бар сілекеймен әсер еткенде ыдырауын, ферменттердің активтігіне температураның және көбінесе ортаның реакциясына, яғни сутек ионының концентрациясына /pH/ байланысты екенін анықтау.
Тапсырма: 1. Бейорганикалық катализаторлар мен ферменттердің салыстырмалы әсері

  1. Ферменттердің активтігіне температураның әсері

Қажетті құрал-жабдықтар: 2 мл крахмал ерітіндісі, термостат, 0,5 мл /7 тамшы/ тұз қышқылы, сілекей, 0,5 мл су, су жылытқыш, йод. 5 – 6 тамшы 10 % NaOH, 2 – 3 тамшы 1 % мыс купоросы, спиртовка. 2 мл крахмал ерітіндісі, су жылытқышы, мұз немесе қар, 0,5 мл сілекей, йод1 мл қышқыл фосфат, 1 мл сілті фосфат, 0,5 мл фосфат, 0,5 мл крахмал және 10 тамшы сілекей, индикатор, 2 тамшы йод ерітіндісі. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет