Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру



бет6/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
4. Фенол және формалинмен белокты тұнбаға түсіру. 2 пробиркаға 1 мл белок ерітіндісін құйып, біреуіне сондай мөлшерде қаныққан фенол, екіншісіне қаныққан формалин ерітіндісін қосады. Пробиркадағы сұйықтықты араластырып, бірнеше минут өткеннен кейін тұнба түзілгенін көреміз. Формалин мен фенолдың дезинфекциялау әсері олардың белокты ұйытуына негізделеді. Осыған байланысты олар түрлі зиянды бактерияларды құрта алады.

4 зертханалық сабақ


Тақырыбы: Белоктарды диализдеу /тазарту/
Мақсаты: Диализ әдісі белоктарды /кіші молекулалы қоспалардан және анорганикалық заттардан/ тазарту үшін кең түрде қолданылады. Диализ әдісін жүргізетін аспапты диализатор деп атайды. Ең қарапайым диализатор ретінде коллодийден немесе целлофан қағазынан жасалған қалта пайдаланылады. Коллоидты ерітінділер коллодидан жасалған қалтаға құйылады. Бұдан қанттардың, тұздардың және төменгі молекулалы заттардың молекулалары оңай өтсе, ал белоктың коллоидты бөлшектері өтпейді. Сол сияқты диализ әдісі арқылы кейде глобулиндерді, альбуминдерден бөлуге болады.
Тапсырма: 1. Коллодий қапшығын жасау
2. Диализдеу (тазарту)
3. Троммер реакциясы
4. Фелинг реакциясы

  1. Коллодий қапшығын жасау. Әрі таза, әрі құрғақ /диаметрі 2-3 см, ұзындығы 4-5 см/пробирка алып, ішіне коллодий ерітіндісін құяды да, оны 2-3 минут алақанда айналдырады. 5-10 минут өткен соң коллодий құрғайды, сол құрғаған коллодийді скальпельмен коллодий жарғағының бір шетін көтеріп су құйып айналдырады. Сонда коллодий босап шығады. Пайда болған коллодий жарғақты дистилденген су құйып, тесігі бар-жоқтығын тексереді. Дайындалған коллодий жарғақтарын дистилденген суда сақтайды.

Белоктың тұздағы ерітіндісін даярлау. 2 тамшы жұмыртқа белогіне 20 тамшы NaCl қосады. Осылай белоктың тұздығы ерітіндісін даярлайды. Осы ерітіндіні коллодий қапшығына құяды.
2. Диализдеу. Бір стакан алып, оған дистилденген су құйып, ішіне белок ерітіндісі құйылған коллодий қапшығын жұқа резинка сақиналарымен ұстатылған 2 шыны таяқша арқылы стаканның бет жағына орналастырып, коллодий қалтаны суға салады. Біраз уақыт өткеннен кейін қалтаның ішіндегі белоктың тұзды ерітіндісі ылайланады.
Глобулин тұнбаға түседі. Бұл процесті 1-1,5 сағат жүргізу керек. Қалтадағы ерітінді мөлшері 5-10 мл болуы керек. 10-15 минуттан кейін стакандағы судан алып, молекулалы қосылыстардың ерітіндіге өткен-өтпегенін анықтайды. Ол үшін судан 1 мл алып, оған бірнеше тамшы 10% HNO3 және AgNO3 қосады. Егер AgCl ақ түсті тұнбасы түссе, онда диализдену болғаны, яғни хлор иондарының таза суға көшкені.
Белок молекулалары өтті ме, өтпеді ме, оны білу үшін де сапалық реакциялар жүргізеді. Әрбір 10-15 минутта суды алмастырып, жоғарыдағыдай тексеріп отырамыз. 1,5-2 сағат уақыт өткеннен кейін, қалтаны судан алып, оның ішіндегі сұйықтықты сүзіп, сапалық реакциялардың жәрдемімен фильтратта альбумин, ал фильтрдегі қалған тұнбада глобулин белогінің барлығына көз жеткіземіз.
а/ Диализаттағы хлоридтерді ашу. 10 тамшы диализатка 1 тамшы 10% - тік HNO3 және 1 тамшы 1% AgNO3 қосады. Мұнда AgCl тұнбаға түсуі керек.
ә/ Диализаттағы белокты ашу. 10 тамшы диализатка 5 тамшы 10% - тік NаOН және 1 тамшы 1% СuSO4 қосылады. Белок болса күлгін-көк түс пайда болады.
б/ Диализденген сұйықтықтағы белокты ашу. 10 тамшы диализденетін сұйықтыққа Бирует реакциясын жүргізеді, пайда болған қызыл-күлгін түс диализденетін сұйықтықта белок барын білдіреді.

5 зертханалық сабақ




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет