Сабақ Тақырыбы: Белоктарға түсті реакциялар


Анилин реакциясы. Жұмыс барысы



бет8/24
Дата15.11.2023
өлшемі84,9 Kb.
#123027
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
Зертханалық сабақтардың орындау нұсқаулығы Биоорганикалық химия 2023 (1) 2

Анилин реакциясы. Жұмыс барысы: 2-3 мл арабиноза ерітіндісіне сондай мөлшерде концентрлі HCl қосып қыздырамыз. Қыздырудан бұрын фильтр қағазының кесінділерін анилин ерітіндісіне батырып алып, пробирканың қабырғасына қыстырып қоямыз. Сол кезде ол малина түске боялады.

  • Кетогексозаға реакция. Селиванов реакциясы. Әдетте бұл реакция кетозаларды анықтау үшін қолданылады. Әсіресе фруктозаны және гидролиздегенде фруктоза беретін күрделі қанттармен /сахароза/ жұмыс істегенде жақсы шығады.

    Бұл реакция оксиметилфурфурол түзілуге негізделген, ол резорцинмен әрекеттескенде қызыл түске боялады.
    Анықтау жолы: Пробиркадағы 1 мл фруктоза ерітіндісіне 1 мл меншікті салмағы 1,19 тұз қышқылын қосып, оның үстіне бірнеше түйір резорцин салады. Пробиркадағы сұйықтықты қайнап тұрған су ваннасында 1-2 минут қыздырса, қоспа қызыл түске боялады.
    Селиванов реакциясы үшін Толленс реактивін пайдаланған ыңғайлы.
    2 мл фруктоза не сахароза ерітіндісіне бірнеше /5-7/ тамшы Толленс реактивін қосады. Сосын оны жайлап су жылытқышында қыздырғанда қызыл түске боялғанын көруге болады.

    7 зертханалық сабақ


    Тақырыбы: Дисахаридтердің және полисахаридтердің физика-химиялық қасиеті
    Мақсаты: тірі организмдерде жүретін маңызды органикалық қосылыстар көмірсуларға сипаттама беру, дисахаридтер мен полисахаридтердің классификациясы және олардың негізгі қосылыстарын қарастыру.
    Тапсырма: 1. Сахароза, мальтоза, лактозаның тотығу-тотықсыздану реакциялары
    2. Сахарозаға түсті реакция
    3. Крахмалдың коллоидтық қасиетіне реакциялар
    4. Крахмал мен гликогенге түсті реакция
    5. Агар-агарға реакция
    Қажетті құрал-жабдықтар: 3 мл дисахаридтер ерітіндісі, Фелинг сұйықтығы, 2-3 мл сахароза ерітіндісі, 0,5 мл 2 % COSO4, 2 мл 10 % NaOH. 3 мл 1 % крахмал ерітіндісі, (NH4)2SO4 кристалдары. 6 мл этил спирті, 6 мл эфир. 2-3 мл 1 % крахмал не гликоген ерітіндісі, 1-2 тамшы Люголь реактивін (I2- KI). Агар-агар түйірі, 4-5 мл су, Фелинг сұйықтығы, 0,5-1 мл концентрлі HCl. Штативтер пробирклар, пипеткалар, күкірт, электороплитка, пробирканы ұстағыш.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет