Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет4/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Бақылау сұрақтары:

  1. Талшықтылардың құрылысы неден тұрады?

  2. Талшықтылардың органеллалары қандай қызмет атқарады?

  3. Талшықтылардың қоректенуінің қандай типтері бар?

  4. Миксотрофты талшықтылардың қоректенуі қалай жүзеге асады?

  5. Жасыл эвгленаның құрылысы неден тұрады?

  6. Жасыл эвглена қалай қоректенеді?

  7. Тамыраяқты талшықтылардың бір клеткалылардың жүйесінде қандай орын алады?



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. Учебник. - Москва: «Высшая школа», 1981.

  2. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. І бөлім: Оқулық.- Алматы: 1998.

  3. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. ІІ бөлім: Оқулық. - Алматы: 1999.

  4. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. - Москва: «Владос», 2002.

  5. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап: Оқулық. - Алматы: 2004.

  6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап: Оқулық. - Алматы: 2005.

  7. Арыстанов Е.А., Жакупова А.А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Оқу құралы. - Көкшетау: 2009.


Дәріс № 3 (1 сағ.)


Сабақ тақырыбы. Споралылар типі (Sporozoa).
Сабақ жоспары:

  1. Споралылардың паразиттік тіршілік етуімен байланысты жалпы құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктер.

  2. Грегариналар класына (Gregarinina) жататын Нағыз грегариналар отряды (Eugregarinida) өкілдерінің құрылысы, таралу және даму циклдері.

  3. Кокцидиятәрізділер класына (Coccidiomorpha) жататын Кокцидиялар отряды (Coccidiida) өкілдерінің паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктер.

  4. Кокцидиялардың даму кезеңдері және олардың жануарларға жұғу тәсілдері.

  5. Қан споралылар отряды (Haemosporidia). Безгек плазмодийлері, олардың тіршілік кезеңдері.



1) Споралылардың паразиттік тіршілік етуімен байланысты жалпы құрылысы мен дамуындағы ерекшеліктер.
Споралылар - буылтық құрттардың, моллюскалардың, буынаяқтылардың, омыртқалы жануарлардың және адамның ішегінде, дене қуысында, қан жасушаларында паразиттік тіршілік ететін бір клеткалы қарапайым жәндіктер. Паразиттік тіршіліктің әсерінен асқорыту және жиырылғыш вакуольдері жойылған, қоректік заттарды бүкіл денесі арқылы сіңіріп алады, ешқандай қозғалыс органоидтары болмайды, тек жыныс клеткаларында - микрогаметаларында - талшығы болады.
Споралылар жыныссыз, жынысты және спорогония жолымен көбейеді. Жыныссыз көбеюі ядроның көп рет бөлінуі арқылы жүзеге асады, бұны шизогония үрдісі деп атайды, нәтижесінде мерозоиттар деп аталатын жаңа даралар шығады. Жынысты жолы - гаметогония деп аталатын, гаметалардың пайда болуы. Копуляция нәтижесінде түзілген зигота қалың қабықшамен қапталып, ооцистаға айналады. Осыдан спорогония кезеңі басталады. Ооцистаның ішінде, спорогонияның нәтижесінде, ең алдымен споробласттар - бұлардан майда спорозоиттар пайда болады және олар споралардың ішінде орналасады.
Споралылар типі екі класқа бөлінеді: грегариналар - Gregarinina және кокцидия тәрізділер - Coccodiomorpha.
2) Грегариналар класына (Gregarinina) жататын Нағыз грегариналар отряды (Eugregarinida) өкілдерінің құрылысы, таралу және даму циклдері.
Бұл отрядтың өкілдері буынаяқтылардың ішегінде паразиттік тіршілік етеді. Денесі сопақтау, ұзындау, сыртын қалың қабықша - пелликула қаптап тұрады. Оның астында денесін бойлап эктоплазма жатады, ол плазмалық перделер түзіп, грегаринаның бір жасушалы денесін үш бөлікке бөліп тұрады. Бірінші - эпимерит, бұнда жіңішке ілмешектері не қармақшалары болады, солар арқылы грегарина ішек клеткаларына бекініп тұрады. Екінші - протомерит, цитоплазмаға толған, ядросыз бөлік. Үшінші - дейтомерит, ядро орналасқан үлкеңірек болып келген бөлік.
Грегариналар жынысты жолмен көбейеді. Екі грегарина бір-біріне, яғни біреуінің протомериті екіншісінің дейтомеритіне жабысып, сизигия түзеді. Содан кейін әрқайсысының денесі жұмырланып, екеуінің төңірегінде қалың қабықша бөлініп шығады. Екі грегаринаның ядросы митоз жолымен бірнеше рет бөлініп, көптеген ядролар түзіледі. Бұл ядролар дененің шет жағына қарай жылжып, цитоплазмамен қапталып, гаметаларға айналады. Алдыңғы грегаринадан макрогаметалар пайда болады, оны примит деп атайды, артқы грегаринадан микрогаметалар - ол сателлит. Гаметалар қосылып, зигота құрайды. Ооцистаның ішінде спорогония үрдісі өтеді. Ядро бөлініп, 8 ядроға бастама береді. Бастапқы екі бөліну мейоз жолымен жүреді, 8 ядро түзілгеннен кейін әрбір ядро цитоплазмамен қапталып, ооцистаның ішінде 8 спорозоит пайда болады. Спорогония үрдісі осылай жүзеге асады.
Ооцисталар ауру жануарлардың ішегінен сыртқа нәжіспен бірге шығып, ары қарай дамуы үшін басқа жануарлардың ішегіне түсуі керек. Онда ооцисталар ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, спорозоиттар шығып, эпимерит бөлімі арқылы ішек клеткаларына бекініп өсе бастайды.
3) Кокцидиятәрізділер класына (Coccidiomorpha) жататын Кокцидиялар отряды (Coccidiida) өкілдерінің паразиттік тіршілік етуіне байланысты құрылысындағы ерекшеліктер.
Кокцидиялар қоянның, ірі қара малдың, үй жануарлары мен жабайы құстардың, бунақденелілердің ішек эпителий жасушаларында паразиттік тіршілік етеді. Кокцидиоз ауруына адамдар да шалдығады. Кокцидиялардың денесі сопақша келген, алдыңғы жағы үшкір, артқы жағы доғал пішінді болады, бұларды зоит деп атайды (спорозоит, мерозоит). Зоиттың сырты үш мембраналы қабық - пелликуламен қапталған. Оның астында түтікшелі фибрилдер болады, олар субпелликулярлы микротүтікшелер деп аталады. Пелликуламен бірге олар зоиттың қаңқасын құрайды.
Зоиттың денесінің алдыңғы жағында екі айрықша органоидтар орналасқан. Олар спираль тәрізді фибрилді - коноид және қапшық тәрізді іші сілекей затқа толған саны 2-ден 14-ке дейін - роптриялар. Осылар арқылы паразит иесінің клеткаларының ішіне кіреді. Роптриядан шыққан сұйық зат иесінің эпителий клетка мембранасын ерітеді де, ал коноид арқылы зоит бұранда арқылы клетканың ішіне кіреді. Кокцидияларда, жасушаларға ортақ бірқатар органоидтар болады - митохондриялар, Гольджи аппараты, эндоплазмалық тор, т.б.
4) Кокцидиялардың даму кезеңдері және олардың жануарларға жұғу тәсілдері.
Кокцидиялардың даму сатысы өте күрделі. Мысал ретінде қояндардың паразиті - эймерия (Eimeria) туысының даму сатысын қарастыруға болады. Эймерия кезектесіп тұратын шизогония, гаметогония және спорогония жолдарымен дамиды. Ооцисталар су және шөп арқылы қоянның ішегіне түсіп, ооцистаның қабырғасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішінен 8 спорозоит шығады. Спорозоиттар ары қарай даму үшін ішектің эпителий клеткасына ену керек. Коноид және роптриялар арқылы спорозоит жасушаға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы бірнеше қайтара бөлінеді. Сол ядролардың бөлінуін шизогония дейді. Бұл жыныссыз көбею кезеңі болып табылады. Шизогония нәтижесінде пайда болған әрбір ядроның төңірегінде цитоплазма жиналып, олар ұсақ мерозоиттарға айналады. Мерозоиттар эпителий клеткаларын әбден зақымдап болғаннан кейін ішек қуысына шығады да, қайтадан жаңа клеткаларға еніп, денесі дөңгеленіп шизонтқа айналады. Шизонттың ядросы көп рет бөлініп шизогония арқылы тағы да мерозоиттар пайда болады. Шизогония бірнеше рет қайталанып, паразиттердің саны көбейеді.
Шизогониядан кейін гаметогония кезеңі басталады. Бұл кезеңде мерозоиттар гамонттарға айналады, бұлардан гаметалар пайда болады. Макрогамонттар бөлінбей өсіп макрогаметаларға айналады, ал микрогамонттардың ядросы көпке бөлініп, цитоплазмамен қапталынып, екі талшығы бар майда микрогаметаларға айналады. Микрогаметелер жылжып макрогаметалармен қосылады. Копуляция нәтижесінде пайда болған зигота сыртынан тығыз қабықпен қапталып ооцистаға айналады. Ооцисталар қоянның нәжістерімен бірге сыртқа шығарылады. Сыртқы ортада ооцистаның ішінде спорогония кезеңі өтеді. Ооцистаның ішіндегі ядро екі рет бөлініп, төрт ядро пайда болады. Оларды цитоплазма қоршап, төрт споробласт деп аталатын клетка түзіледі. Әрбір споропласт арнайы қабықпен қапталынып, спораға айналады.
Әрбір спораның ядросы екіге бөлініп - екі спорозоит түзіледі. Сөйтіп ооцистаның ішінде төрт спора пайда болып, олардан сегіз спорозоиттар түзіледі. Осындай ооцисталар сау қоянның ішегіне түскенде, оның қалың қабықшасы ішек сөлдерінің әсерінен жарылып, ішіндегі 8 спорозоиттар шығады да, иесінің ішек клеткаларында даму айналымын бастайды.
5) Қан споралылар отряды (Haemosporidia). Безгек плазмодийлері, олардың тіршілік кезеңдері.
Кең тараған паразиттік тіршілік ететін қарапайымдылар. Адамның, омыртқалы жануарлардың қан клеткаларында паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың кокцидиядан айырмашылығы спорогония кезеңі сыртқы ортада емес, қан сорғыш бунақденелілердің, яғни Anopheles туыстас масалардың ішегінде өтеді және масалар осы паразиттерді тасымалдаушылар болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет