Сабақ тақырыбы. Кіріспе. Омыртқасыздар зоологиясы жеке ғылым ретінде. Сабақ жоспары



бет3/56
Дата17.04.2023
өлшемі177,48 Kb.
#83523
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Байланысты:
tezis lektsii po zoologiya

Бақылау сұрақтары:

  1. Жалған аяқтылар класы қалай жіктеледі?

  2. Амебаның құрылысы қандай?

  3. Қабыршақты амебалардың денесі неден тұрады?

  4. Фораминифераның қабыршағы қалай қалыптасады?

  5. Фораминифераның жыныссыз көбеюі қалай жұреді?

  6. Фораминифераның жынысты көбеюі қалай жүреді?

  7. Фораминифералардың ұрпақ алмасуы қалай жүзеге асады?



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Догель В.А. Зоология беспозвоночных. Учебник. - Москва: «Высшая школа», 1981.

  2. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. І бөлім: Оқулық.- Алматы: 1998.

  3. Түсіпова К.С. Омыртқасыздар зоологиясы. ІІ бөлім: Оқулық. - Алматы: 1999.

  4. Шарова И.Х. Зоология беспозвоночных. Учебник. - Москва: «Владос», 2002.

  5. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап: Оқулық. - Алматы: 2004.

  6. Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы. 2-кітап: Оқулық. - Алматы: 2005.

  7. Арыстанов Е.А., Жакупова А.А. Омыртқасыздар зоологиясының практикумы. Оқу құралы. - Көкшетау: 2009.



Дәріс № 2 (1 сағ.)


Сабақ тақырыбы. Талшықтылар класы (Mastigophora немесе Flagellata).
Сабақ жоспары:

  1. Талшықтылардың құрылысына жалпы сипаттама.

  2. Талшықтылардың органеллалары.

  3. Талшықтылардың қоректенуінің типтері.

  4. Өсімдік тектес талшықтылар класс тармағы (Phytomastigina). Эвгленалар отрядының (Euglenoidea) қоректену ерекшеліктері.

  5. Жануар тектес талшықтылар класс тармағы (Zoomastigina). Тамыраяқты талшықтылардың бір жасушалылар жүйесіндегі орны.



1) Талшықтылардың құрылысына жалпы сипаттама.
Талшықтылар класына 6000-нан аса қарапайымдылардың түрлері жатады. Олар тұщы суларда, теңіздерде, ылғалды топырақтарда және адамның, жануарлардың денесінде паразиттік тіршілік етіп, қауіпті ауруларды туғызады.
Талшықтылардың негізгі белгісі - бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, олар дененің алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Талшықтың қозғалу жылдамдығы бір секундта 10-нан 40-қа дейін айналымды құрайды.
Талшықтылардың кейбір түрлері (Rhizomastigina отрядының өкілдері) талшықтарымен қатар жалған аяқтарын (псевдоподияларын) да шығарып амеба тәрізді қозғала алады, бірақ еш уақытта талшықтарын жоймайды. Осы белгі талшықтылар класының саркодиналар класымен жақын екендігін көрсетеді және бұл кластарды бір типке Sarcomastigophora-ға жатқызады.
2) Талшықтылардың органеллалары.
Талшықтылардың клеткасы сыртынан мембранамен қапталған. Цитоплазмасы сыртқы жұқа мөлдір эктоплазма және ішкі түйіршікті эндоплазмаға бөлінеді. Эктоплазма қабаты тығыздалып, пелликула деп аталатын қабықша түзеді, осыған байланысты талшықтылардың денесі өзгермей тұрақты болып келеді.
Талшықтылардың көбісінде клетка бір ядролы, тек опалинина отрядының өкілдерінде ядролары көп. Жиырылғыш вакуолі жақсы дамыған, бұған қосымша вакуольдері жалғасады. Кейбір талшықтылардың клеткаларының ішінде хлорофилл пигменттері сіңген хроматофора органоидтары болады, олар фотосинтез қызметін атқарады. Бұл белгілер өсімдіктерге тән қасиет, сол себептен жасыл түсті талшықтыларды өсімдіктер мен жануарлар арасындағы аралық формасы деп есептейді. Талшықтылардың арасында колония құрып тіршілік ететін түрлері де кең тараған.
3) Талшықтылардың қоректенуінің типтері.
Талшықтыларды қоректену тәсіліне қарай - автотрофты, гетеротрофты және миксотрофты топтарына бөлінеді.
Автотрофты жолмен қоректенетін талшықтылардың цитоплазмасында жасыл түсті хроматофора органоидтары болады. Осыған байланысты олар фотосинтез жолымен қоректенеді, яғни күн сәулесінің энергиясын пайдалана отырып, бейорганикалық қосылыстардан органикалық заттарды синтездейді, сондықтан қоректенудің бұл тәсілін голофиттік немесе өсімдікше қоректену деп атайды.
Гетеротрофты жолмен қоректенетін талшықтылардың хроматофора органоидтары болмайды. Олар дайын органикалық заттармен, бактериялармен, бір клеткалы балдырлармен, т.б. қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін голозойлық немесе жануарларша қоректену деп атайды. Паразиттік тіршілік ететін талшықтылар дайын органикалық заттарды осмос жолымен бойына сіңіру арқылы қоректенеді. Қоректенудің бұл тәсілін сапрофиттік қоректену деп атайды.
Миксотрофты талшықтылар автотрофты және гетеротрофты жолмен қоректене алады.
4) Өсімдік тектес талшықтылар класс тармағы (Phytomastigina). Эвгленалар отрядының (Euglenoidea) қоректену ерекшеліктері.
Эвгленалар отрядының негізгі өкілі - жасыл эвглена (Euglena viridis). Денесі ұршық тәрізді, екі ұшы сүйірлеу болып келеді. Денесінің алдыңғы жағында ұзын талшығы орналасқан, осының көмегімен эвглена бұранда тәрізді қозғалыс жасайды.
Гетеротрофты тәсілмен қоректенген кезде талшықтың үздіксіз тез қозғалуы нәтижесінде ұсақ органикалық заттар (бактериялар, көк-жасыл балдырлар, т.б.) ауыз тесігіне жиналып, жұтқыншаққа өтеді. Жұтқыншақтың түбінде асқорыту вакуольдері пайда болып, солардың ішінде ас қорытылады, ал қорытылмаған заттар ауыз тесігі арқылы сыртқа шығарылып отырады.
Эвгленаның денесінде көптеген жасыл түсті хроматофоралары болады. Осыған байланысты эвглена автотрофты жолмен қоректенеді, ал негізінде жасыл эвглена миксотрофты организмдер қатарына жатады.
5) Жануар тектес талшықтылар класс тармағы (Zoomastigina). Тамыраяқты талшықтылардың бір клеткалылар жүйесіндегі орны.
Тамыраяқты талшықтылардың бір немесе бірнеше талшықтары болады. Олар талшықтарымен қатар жалған аяқтарын да (псевдоподияларын) шығара алады, сондықтан да екі кластың Sarcodina және Mastigophora-ның белгілерін біріктіріп тұрады. Бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен және ұсақ қарапайымдылармен қоректенеді. Жыныссыз жолмен көбейеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет