Мәтінмен жұмыс Жай және күрделі заттарды теріп жазып, жікте Жазира үй жинап, тазалағанды ұнатады. Бүгін де анасынан үйренгені бойынша алдымен ізбес суын әзірлеп бөлме қабырғасының ластанған жерлерін әктеді. Еденді хлор қосылған сумен жуып алды. Онан соң тамақ қамына кірісті. Алма қосылған тәтті бәліш дайындауды ойлады да қамырдың құрамына ас содасын, тұз, қант, май қосты. Ендігі кезекте салат дайындауды ойға алды. Қараса, үйде сірке қышқылы жоқ екен, жүгіріп дүкенге барды. Күн жаңбыр еді. Абайсызда сүрініп кетіп, темірге аяғын соғып, жарақаттап алды. Үйге келген соң алдымен қолын жылы сумен, артынан спиртпен жуды да, жараға иод жағып таңып тастады. Аяғының ауырғанына қарамастан айна алдына келіп күміс сырға, сақинасын тағып үсті-басын ретке келтірді. Туыстарын тәтті бәлішпен қарсы алатыны есіне түсіп жүзіне күлкі үйірілді. Жай заттар: Күрделі заттар:
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - нені білдім? не үйрендім? - не түсініксіз болды? - әлі де не бойынша жұмыс істеу керек? Рефлексия: Оқушыларға түсті шарларды ыдыстарға жабыстыру арқылы «ыдыстарды толтыруды» ұсыныңыз.
- барлығын түсіндім
- түсіндім, бірақ барлығын емес
- ештеңе түсінбедім
«Ыдыстарды толтыр»
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?