Сабақ барысында жұптық жұмысты ұйымдастырудың негізі- өздеріне сенімсіз оқушылар анағұрлым өздеріне сенімді оқушылармен жұмыс істеу барысында, есепті шешу және талқылау жолдарын бақылап, үйренеді. Топтық талқылауда барлық оқушының қатысатынына, білімі төмен оқушылардың басқалардан тәуелді болмауына сынып оқушыларының сенімді болуы жоспарланған. Сонымен қатар, оқушылардың үлгеріміне қарай сараланған тапсырмалар ұсынылған.
|
Оқушылардың тақырыпты меңгергенін және мақсатты жеткілікті немесе жеткіліксіз түсінгенін қадағалау үшін, сабақ барысында әрбір оқушының қасына жеке-жеке барып қажет еткен жағдайда көмек көрсетемін. Әр түрлі бағалау түрлерін қолдану жоспарланған.
|
Сынып бөлмесін сабақтан бұрын желдету. Сыныптағы орындық парталардың түзу тұруына назар аудару.
|