Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет3/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Зертх.сабақ №1-2.2016.

3. **От жалынының боялуы.. Натрийдің тұздары от жалынын сары түске бояйды.
Реакцияның орындалуы.
Шыны таяқшаға дәнекерленіп жасалған платина немесе нихром сымын концентрлі HCl ерітіндісінде бірнеше рет тазартады, жалынның түсі өзгермейтіндей болғанша от жалынында қыздырады. Тазартылған сымды NaCl ерітіндісіне, немесе алдын-ала HCl ерітіндісіне , содан соң натрий хлоридінің құрғақ тұзына батырып, от жалынына енгізеді. Көк шыны арқылы от жалынының боялғаны байқалады. Платина сымы орнына графит таяқшасын қолдануға болады.


К+ катионының реакциялары
І. *Натрий гексанитро- ІІІ- кобальтатының әсері.
Ол калий катиондарымен сары түсті тұнба түзеді.
2 KCl + Na3Co(NO2)6 K2NaCo(NO2)6 + 2 Na Cl
2 K+ + Na+ + Co(NO2)63- K2NaCo(NO2)6
Бұл сезгіш реакция және оның сезгіштігі Ag+ иондарының қатысында артады:
K+ + Ag+ + Co(NO2)63- K2AgCo(NO2)6
бірақ ерітіндіде Cl-, I-, Br- иондары болмауы қажет, себебі бұл кезде AgCl тұнбаға түседі. Ерітіндіні жақсылап араластыру керек. Реакцияның pH-ы 7 шамасында болуы керек.
Қышқыл ортада тұнба түзілмейді, себебі ерітіндіде мына реакциялар жүреді:
K2NaCo(NO2)6 + 6 H+  6 HNO2 + Co3+ + Na+ + K+
2 Co3+ + 2 Cl-  Cl2 + 2 Co2+
2 Co3+ + HNO2 + H2O  2Co2+ + NO3- + 3H+
2HNO2  H2O + NO2 + NO
Сілтілік ортада қоңыр тұнба түзіледі:
Na3Co(NO2)6 + 3 NaOH  6 NaNO2 + Co(OH)3
K+ иондарының анықталуына NH4+, І- иондары кедергі жасайды.
Реакцияның орындалуы. Калий тұзы ерітіндісінің 2-3 тамшысына 2-3 тамшы натрий гексанитрокобальтаты (ІІІ) ерітіндісін қосып, араластырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет