Сабақтар №1 Зертханалық дәптерді толтыру ережесі Ион катион



бет4/17
Дата21.04.2023
өлшемі259,5 Kb.
#85401
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
2. * Шарап қышқылының (H2C4H4O6) немесе натрий гидротартратының (NaHC4H4O6) әсері.

Бұл реагенттер ерітіндінің pH = 5-7 тең және K+ катионының концентрациясы жоғары болған кезде ақ кристалдық тұнба түзеді:


KCl + NaHC4H4O6  KHC4H4O6  + NaCl
K+ + HC4H4O6-  KHC4H4O6

Тұнба минералды қышқылдарда және сілтілерде ериді:


KHC4H4O6 + H+  K + + H2C4H4O6
KHC4H4O6 + OH  K + + C4H4O62- + H2O
Бірақ та ол сірке қышқылында ерімейді. Қышқылдық ортаны NaOH не CH3COONa ерітінділерімен, ал сілтілік ортаны – сірке қышқылымен бейтараптандырады.
Реакция толық жүру үшін шыны таяқшамен пробирканың ішкі қабырғасын үйкелеу қажет. NH4+ - иондары кедергі жасайды.


Реакцияның орындалуы. Калий ерітіндісінің 3-4 тамшысына 3-4 тамшы шарап қышқылы немесе NaHC4H4O6 ерітіндісін қосып, араластыру қажет.


3. ** Гексанитрокупрат натрий қорғасынының әсесері (микрокристаллоскопиялық реакция).

Гексанитрокупрат натрий қорғасыны Na2Pb[Cu(NO2)6] К+ катионымен куб тәрізді қоңыр түсті кристалдар түзеді:


Na2Pb[Cu(NO2)6] + 2 KCl  K2Pb[Cu(NO2)6] + 2 NaCl
Pb2++[Cu(NO2)6]4- + 2K+  K2Pb[Cu(NO2)6] 

Реакцияны ерітіндінің pH=7 тең болған жағдайда орындаған жөн. NH4+ иондары ұқсас реакция береді.


Реакцияның орындалуы.
Заттық шыныға 1 тамшы калий тұзы ерітіндісін тамызып, буландырады. Салқындатқаннан кейін Na2Pb[Cu(NO2)6] реагенті ерітіндісінің 1 тамшысымен әсер етеді, 1 минуттан соң түзілген кристалдарды микроскоп арқылы көруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет