деректер бойынша
қысқаша хабарламалар жасау, негізгі тарихнамалық
деректердің атауларын жазбаша тізіп жазу, кесте құрастыру.
Әдістемелік
нұсқаулар:
Мәселені
Қазақстанның
көне
дәуірдегі
тарихнамасын талдауда негізгі тарихнамалық деректерді
анықтаудан бастау
қажет.Ежелгі тайпалардың тарихына қатысты деректерді топтарға бөліп,
олардың әрқайсысына шолу жасаған жөн. Тарихнамалық сипаттаманы үш
кезеңге ХХ
ғасырдың бас кезіне дейінгі, кеңестік және тәуелсіздік
кезеңдеріне топтастырып жасау тақырыптың
мазмұнын толық ашуға
септеседі. Үндіарийлердің шығу тегі бойынша теорияларды өзара салыстыру
олардың мәнін айқындауға мүмкіндік береді.
Оқытушының назарына. Семинар сабағында алдын-ала дайындалып,
құрастырылған библиография бойынша топтағы студенттерді 2 немесе 3
шағын топқа бөліп, ежелгі тайпалардың қайсысының тарихының жан-жақты
зерттелгендігін
қарастырып, тарихнамалық деректер арқылы дәйектеген
тиімді. Мәселені зерттеудің ежелгі дәуірдегі, ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі
кезеңдегі және тәуелсіздік жылдарындағы бағыттарын да
топтарда жұмыс
істеу түрінде көрсеткен бір жағынан студенттерді ынталандырса,
екінші
жағынан тарихнамалық шолуды салыстырмалы түрде жасауға мүмкіндік
береді. Ал үндіарийлердің шығу тегі туралы теорияларды кесте түрінде
көрсету студенттердің бұл мәселені терең түсінуіне жол ашады. Кестені де
шағын топтар студенттерінің көмегімен құрастыру жекелеген студенттердің
жауабынан гөрі тиімді.
Әдебиеттер: Қазақстан тарихы. Бес томдық. 1-т. -Алматы, 1996.; Гумилев
Л.Н. Хунну. -М ,1960.; Қазақстан тарихы. 1-т.
- Алматы, 1996.;Мыңжан Н.
Қазақтың қысқаша тарихы. -Алматы, 1994
.
Достарыңызбен бөлісу: