Математика сабақтарының сапасы ең алдымен мұғалімнің кәсіби дайындығына байланысты. Мұғалімнің кәсіби дайындығы деп нені тҥсінеміз? Ол құрылымы жағынан ӛте күрделі, кӛп қырлы және шығармашылық еңбекті талап ететін үздіксіз үдеріс. Біздің ойымызша, қазіргі заманғы бастауыш сыныптар мұғалімнің математиканы оқыту бағытындағы еңбегі жемісті болуы үшін, оның тӛмендегідей құрылымдағы кәсіби дайындығы жоғары деңгейде болуы керек.
Біріншіден, онын математикадан теориялық дайындығы жоғары болуы тиіс, яғни мұғалім математика пәнін жетік білуі керек, мұғалімнің математика пәнін қазіргі заманғы ғылым мен техниканың ӛскелең талаптарына сай дәрежеде білуі оны дұрыс оқытудың қажетті шарты болып табылады. Мұғалім жоғары оқу орнынан алған теориялық білімдермен шектеліп қалмай, оны тұрақты түрде жетілдіріп отыруы тиіс. Ол үшін пәнге байланысты теориялық әдебиетті үнемі зерттеп, оны меңгеруге тырысуы керек.
Екіншіден, оның психологиялық-педагогикалық дайындығы жоғары деңгейде болуы керек. Мұғалім психология мен педагогика оқулықтарындағы жалпы теориялық қағидаларды терең біліп қана қоймай, қазіргі заманғы оқытудың технологияларын, әсіресе, жаңа буын математика оқулықтарына негіз етіп алынған дамыта оқыту технологиясының теориялық мәселелерін жетік меңгеруі керек.
Үшіншіден, мұғалімнің әдістемелік-математикалық даярлығы жоғары болуы керек. Ол мерзімді педагогикалық басылымдарды, сондай-ақ озат мұғалімдердің іс-тәжірибелерін үнемі зерттеп, математиканы оқыту жӛніндегі қазіргі заманғы озық педагогикалық технологияларды пайдалануға бет бұруы тиіс.
Міне, осындай үш түрлі мәселені қамтитын жоғары деңгейдегі кәсіби даярлық математика сабағын ӛткізуді дұрыс ойластырудың, нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспарын жасаудың кепілі болып табылады.
Жоғарыда атап айтқанымыздай, мұғалім, ең алдымен, оқу жылының басында математикадан күнтізбелік (жылдық немесе жарты жылдық -П.С.) жоспар жасайды. Оның мектеп тәжірибесінде қалыптасқан дәстурлі үлгісі бар. Дегенмен, біз алдыңғы параграфтарда оның ыңғайлы бір үлгісін келтіргенбіз.
Мұнан кейін күнтізбелік жоспар негізінде тақырыптық жоспар жасауға кіріседі. Тақырыптық жоспарлау туралы да бұған дейін кӛп айтқан едік. Сондықтан кез-келген, мәселен, 2-сынып үшін математикадан 1 тоқсанға арналған тақырыптық жоспарды жасап кӛрсетейік.
2-сыныптың 1 тоқсанына арналған тақырыптық жоспар Тақырыбы: Кестелік қосу және азайту.
№№ р/с
|
Сабақтың тақырыбы
|
Оқулықта- ғы түрлен- дірілетін тапсыр- малар
|
Ӛзіндік жұмыс- тар
|
Үй тап- сыр- масы
|
Бақы- лау жұмы- сы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1
|
2-ні қосу және азайту
|
№2,№4
|
Т-9
|
№4
|
Б-5
|
2
|
Екі амалмен шығарыла- тын есептер
|
№2,№5
|
Т-9
|
№4
|
3
|
3-ті қосу және азайту
|
№3,№4
|
Т-9
|
№5
|
4
|
Білімді тиянақтау
|
№6
|
Т-9
|
№3
|
5
|
4-ті қосу және азайту
|
№3
|
Т-10
|
№3
|
6
|
Білімді тиянақтау
|
№4
|
Т-10
|
№1
|
7
|
5-ті қосу және азайту
|
№1
|
Т-10
|
№3
|
8
|
Білімді тиянақтау
|
№6
|
Т-10
|
№3
|
9
|
Бақылау жұмысы
|
-
|
-
|
-
|
10
|
6-ті қосу және азайту
|
№1,№4
|
Т-11
|
№3
|
11
|
Білімді тиянақтау
|
№4,№5
|
Т-11
|
№2
|
12
|
7-ті қосу және азайту
3
|
№5,№6
|
Т-11
|
№5
|
13
|
Білімді тиянақтау
|
№4,№5
|
Т-11
|
№1
|
14
|
Тік тӛртбұрыш. Есепті әр түрлі тәсілдермен шығару
|
№4
|
Т-12
|
№6
|
15
|
Тік тӛртбұрыштың қасиеті. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
|
№2,№3
|
Т-13
|
№5
|
16
|
Шаршы. Есепті әр түрлі тәсілмен шығару
|
№3
|
Т-13
|
№4
|
|
17
|
Білімді тиянақтау
|
№2,№6
|
Т-13
|
№2
|
|
18
|
8-ді қосу және азайту
|
№5,№4
|
Т-13
|
№4
|
|
19
|
Білімді тиянақтау
|
№5
|
Т-13
|
№2
|
|
20
|
9-ды қосу және азайту
|
№6
|
Т-13
|
№5
|
|
21
|
Білімді тиянақтау
|
№5
|
Т-13
|
№2
|
|
22
|
Бақылау жұмысы
|
-
|
-
|
-
|
Б-6
|
23
|
Тік, доғал және сүйір бұрыштар
|
№6
|
Т-14
|
№3
|
|
24
|
Кӛпбұрыштың периметрі
|
№6
|
Т-14
|
№4
|
|
25
|
Тік тӛртбұрыштың (шаршының периметрі)
|
№6
|
Т-14
|
№4,№5
|
|
26
|
Білімді тиянақтау
|
№3,№7
|
Т-14
|
№6
|
|
27
|
Білімді тиянақтау
|
№5
|
Т-14
|
№5
|
|
28
|
Бақылау жұмысы
|
-
|
-
|
-
|
Б-7
|
Математикадан сабақ жоспарын жасау бастауыш сынып мұғалімдерінен кӛп уақыт пен қажырлылықты талап ететіндігі белгілі. Математика бастауыш сыныптарда басқа сабақтарға қарағанда жиі болады (1 және 2 сыныптарда аптасына 4 сағ, 3 және 4 сыныптарда аптасына 5 caғ). Оның үстіне бастауыш сыныптар мұғалімінің бірнеше пәннен сабақ беретіндігін ескерер болсақ, математикадан күнделікті сабақ жоспарын жасаудың ол үшін тым оңай жұмыс болмайтындығы айқындала түседі.
Тәжірибеге қарағанда, кӛпшілік мұғалімдердің сабақ жоспары басқаша болып, оның сабақ үстіндегі оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру жұмыстары жоспарға мүлдем сәйкес келмейтіндігін байқауға болады, яғни сабақ жоспарға сәйкес ӛтілмейді де оның нәтижесі мен сапасы тӛмен болып шығады. Біздің ойымызша, бұның басты себебі кӛпшіліқ мұғалімдердің сабақ жоспарын 45 минут ішінде орындалуға тиісті нақты жұмыс жоспары, оның ӛзі мен оқушыларының бірлесіп орындайтын іс-әрекеттерінің жиынтығының кӛрінісі ретінде бағаламауынан деп білеміз.
Сабақ барысында пайдаланылатындай нақты жұмыс жоспары ретіндегі сабақ жоспарын жасау үшін мұғалім, ең алдымен, сабаққа дайындалу мен оны жоспарлау технологиясын жан-жақты меңгеруі қажет. Бұл жерде технология сӛзін жайдан-жай келтіріп отырған жоқпыз. Қазіргі кезде психологиялық және педагогикалық әдебиеттерде «технология» ұғымы кеңінен пайдаланыла бастады. Бұл термин ӛмірге компьютерлік техниканың келуімен және білім беру саласында жаңа компьютерлік технологияның енуімен сипатталады. Ғылымда дамудың жаңа бағыты – технологиялық бағыт ӛмірге келді. Ғылымдағы осы технологиялық бағыттың пайда болуы және оның
педагогикада тереңірек зерттеле басталуы кездейсоқтық емес. Себебі педагогика ғылымы ежелден-ақ білім беруге, оны ӛмірде пайдалануға, жоғары нәтиже алуға, оқытудың жаңа формалары мен әдістерін табуға ұмтылады.
Сондықтан, ең алдымен, «технология» сӛзінің этимологиясын, мән- мағынасын ашып алайық.
«Технология» сӛзі грек тілінен енген екі сӛз тіркесінен құралған:
«techne» - шеберлік, ӛнер, іскерлік дегенді білдірсе;
«logos» – ғылым, ілім. Демек ол, тура мағынасында, шеберлік пен ӛнер туралы ғылым дегенді білдіреді. Технология ұғымы қазіргі мағынасында, әсіресе, шаруашылықта (ӛнер-кәсіпте, ауыл шаруашылығында, т.б.), адам баласының ғылыми - ӛндірістік қызметінің әр алуан түрлерінде жиі қолда- нылады. Мұнда ол ӛндірістік процестердің қандай да бір тиісті нәтижеге қол жеткізілетіндей етіп жүзеге асырылу тәсілдері (амалдары, операциялары) туралы білімдердің жиынтығын білдіреді.
Сонымен, технологияның мәнді белгілері мен сипаттамалары мыналар:
қандай да бір бӛліктердің жиынтығы (үйлесімі, бірігуі);
бӛліктердің тізбектілігі, логикалығы;
әдістер, тәсілдер, амалдар, операциялар (бӛліктер ретінде);
нәтижелілік.
Міне, осы мәнді белгілер педагогикалық технологияға, сондай-ақ сабаққа дайындалу және оны жоспарлау технологиясына да тән болып табылады.
Математика сабағына дайындалу және оны жоспарлау барысында мұғалім қандай іс-әрекеттер орындауы керек?
Бұл жұмысты неден бастап, қандай ретпен жүргізу және оны қалай аяқтау керек?
Әдетте, педагогика мен әдістеме оқулықтарында бұл сұрақтарға нақты жауап беріле бермейді. Сондықтан да болар, кӛпшілік мұғалімдер (әсіресе, жас мұғалімдер -П.С.) сабаққа дайындалу және оны жоспарлау технологиясын білмейді де осы бағыттағы ӛзінің педагогикалық еңбегін ғылыми тұрғыда дұрыс ұйымдастыра алмайды. Осыларды ескере отырып, біз сабаққа дайындалу және оны жоспарлаудың тӛмендегідей схемасын ұсынамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |