Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі



бет26/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

Сөзжұмбақ:

    1. 30 күн тамақ ішпейтін кезең.

    2. Балалардың топталып әр үйге айтатын әні.

    3. Бес мезгіл оқитын мұсылманның парызы.







о

р

а

з

а




ж

а

р

а

п

а

з

а

н




н

а

м

а

з




Балалар, осымен рамазан айы аяқталды. Ораза айт мейрамы құтты болсын! - деп шелпектен ауыз тигізіп, сабағымды аяқтадым.


ІV. Үйге тапсырма. Қайталау.

V. Бағалау.


Үшінші сабақ


Сабақтың тақырыбы: 5-ті бітіп, 6-дан асып, 7-ге жеттік. Сабақтың мақсаты:
Білімділік: 1-ден 7-ге дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. 7 санының құрамын таба білуге, ол арқылы амалдар орындауға машықтандыру.
Дамытушылық: Сандарды тура және кері санау арқылы балалардың ой-ӛрісін, тапқырлығын дамыту. Уақыт және кеңістікті бағдарлай білуге жаттықтыру.
Тәрбиелік: Халықтық педагогика арқылы балаларды тапқырлыққа, белсенділікке баулып, танымдық қабілеттерін арттыру, ұлтымызға сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың тҥрі: Саяхат сабақ.
Кӛрнекіліктер: Суреттер, 1 ден 7-ге дейінгі сандар, үлестірмелі қағаздар, қоржын, қазақ үй, «Тамашалар еліне саяхат», геометриялық фигуралар, интерактивті тақта, слайдтар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқу құралдарын түгендеу. Сұрақ:
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Күз айлары қалай аталады?

  • Бір аптада қанша күн бар?

  • Жеті күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі).

  • Жеті күнді былай да атауға болады екен: бүгін, ертең, бүрсігүні, арғыкүн, ауыр күн, соңғы күн, азына. Олай болса, бүгін сәрсенбі, «Қызықты математика еліне саяхат» жасайық. Ол елге қалай жетудің жолын мына

жарнамадан оқиық: Оңға жүрсең тұйыққа тірелесің, солға жүрсең жол таппайсың, ал тура жүрсең «Қызықты математика еліне барасың».
Интерактивті тақтада Сюжетті сурет: ағашта торғайлар отыр, қояндар жерде жүр. Егер, қоян мен торғайдағы мысалды шығарсақ, олар бізге жол кӛрсетеді:

2 + 3 = 5 7 – 3 = 4


4 + 2 = 6 5 + 2 = 7
7 – 1 = 6 6 + 1 = 7
5 – 3 = 2 0 + 7 = 7.

  • Міне, «Қызықты математика еліне» келдік. Балалар, суретте не кӛріп отырсыңдар? (Слайд: Бақалар мен балықтар, кӛл.) Осы кӛлден ӛтуіміз керек. Кӛлдің иесі кім екенін білейік. Сол кезде бақа: «Егер 6 санының құрамын айтсаңдар, біздің кӛлден ӛтесіңдер» дейді:




6

4 2

6

5 1

6

3 3

6

6 0




Бақа, бақа, балпақ Басың неге жалпақ? Темір қалпақ кӛп киіп,
Басым содан жалпақ.

Кӛрінгенге кӛп қарап, Кӛзім содан тостақ.
Су бетінде кӛп жүзіп, Бұтым содан талтақ.




  • Балалар, біз осы кӛлден ӛту үшін балықтың жұмбақтарын шешейік (ауызша):




1. Оң қолымда 3 алма, Сол қолымда тӛрт алма. Бәрін қоссаң егерде,
Болады екен неше алма?
(3+4=7.)

2. Бір ағашта 7 алма,
Мен алмаймын, сен де алма. Қызыл емес, кӛк екен,
Әлі піскен жоқ екен.
(7 – 0 = 7.)



Кӛлден ӛттік, енді баспалдақпен жоғары кӛтеріліп, тӛмен түсейік:


7




6










6

5










5

4










4

3










3

2










2

1










1

  • Алдымыздан тазша бала кездесті. Ол ӛзінің киіз үйін тіге алмай отыр екен. Кӛмектесіп жіберейік. Ол үшін уықтардағы мысалдарды шығарсақ тіге аламыз. (Киіз үй туралы әңгіме айту.)






Сергіту сәті: Аптаның жеті баласы.
Сәл демалып, тынығып ал, Тақпақ жаттап, ұғып ал.
Апта деген атаның, Жеті бірдей ұлы бар.
Біріншісі – дүйсенбі,

Екіншісі – сейсенбі, Үшіншісі – сәрсенбі, Тӛртіншісі – бейсенбі, Бесіншісі – жұма, Алтыншысы – сенбі,
Жетіншісі – жексенбі.



Оқулықпен, дәптермен жұмыс:


  • Балалар, мұнда тӛрбұрышты, бір ауызды бір зат тұр.

  • Бұл не?

  • Сандық.

  • Сандық қандай екен?

  • Үлкен, әдемі, оюланған.

  • Ішін ашып кӛрелік, ішінде не бар екен? (Жеті цифрының баспа және жазба түрлері шықты.) Дәптерімізге әдемілеп, жеті санын жазайық. Мысалдар жаздыру:

4 + 3 = 7 7 – 3 = 4
7 – 2 = 5 7 – 2 = 5
6 + 1 = 7 7 – 1 = 6.
Орыс тілімен байланыстыру.
- Балалар, жетіге дейін орысша санай аламыз ба? Один – бір. Ұйқыдан тұр.
Екі – два. Білмесең сұра. Три – үш. Бойға жина күш. Четыре – тӛрт. Айтты серт. Пять – бес. Ӛтірік айтпа еш.
Шесть – алты. Оқушының алды. Семь – жеті. Білмесең, екі.

  • Балалар, жеті саны - киелі сан екен. Жеті санымен ұлтымызда кӛптеген ұғымдар беріледі. Ӛздерің жеті санына байланысты не білесіңдер?

  1. 7 ата: 1.Әке, 2.Бала, 3.Немере, 4.Шӛбере, 5.Шӛпшек, 6.Немене, 7.Туажат.

  2. Ӛздерің биыл нешеге толдыңдар? (Жетіге.)

  3. Аң аулап қысы-жазына, Қосыпты ән-күй сазына. Бабалардан біздерге, Жеткен екен 7 қазына:

    1. Ер жігіт, 2.Сұлу әйел, 3.Ақыл-білім, 4.Жүйрік ат, 5.Қыран бүркіт, 6.Берен мылтық, 7.Құмай тазы.

  4. Наурыз тойында 7 тағамнан наурыз кӛже жасалады: Жетісудан желекті,

Жел, жел есіп, жел есіп,
Жерді Наурыз сел етті. Желбіретті байрақты, 7 дәмнен кӛже асып,
Жеңгем қазан қайнатты.
(Су, тұз, ет, күріш, қатық, нан, бидай.)
  1. Санамақ:





1

2

3

4

5

6

7

білім

есік

үкі

тӛсек

бесік

асық

желке




  1. Ойлан, тап (оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған жаттығулар):

5 +  > 5 6 –  < 6 7 > 7 – .






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет