Сабақтарына дайындалу мен оны жоспарлаудың Әдістемесі


VІІІ. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі



бет77/106
Дата21.07.2023
өлшемі3,53 Mb.
#104605
түріСабақ
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106
Байланысты:
sagymbekova-bastauysh-synyptardyn

VІІІ. Бақылау және өзін-өзі бақылау кезеңі.


Оқушылардың, білімді, іс-әрекет амалдарын меңгеру сапасын анықтау (түрлі тест арқылы).

ІХ. Түзету кезеңі.


Оқушылардың анықталған кемшіліктерін ӛздері түзетуге арналған әрекеттер ұйымдастыру.

Х. Үй тапсырмасы жайында мәлімет беру кезеңі.


Оқушыларға үй тапсырмасының орындалуы мен мақсат міндеттерін түсіндіру (№4, 138 бет)

ХІ. Сабақты қорытындылау кезеңі.


Жеке оқушының және сыныптағы оқушылардың жұмыстарына сапалы баға беру.
ХІІ. Ой қорыту.

ТӚРТІНШІ САБАҚ




Сабақтың тақырыбы: Білімді тиянақтау.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Қосындыны санға бӛлу тәсілдері жайлы оқушылардың білімдерін тиянақтай түсу
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларға (тәрбиелік) экологиялық тәрбие беру, табиғат- ананы, ондағы ӛсімдіктер дүниесіне сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Бекіту сабағы
Сабақтың тҥрі: Дәстүрлі емес, ертегі сабақ
Сабақтың кӛрнекілігі: Табиғат кӛрінісін бейнелеген мазмұнды сурет, құстардың суреті, ұлттық ӛлшем бірліктері жазылған плакат.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі.


Оқушыларды білімді және саналы түрде меңгеруге дайындау.

ІІ. Білімді жан-жақты тексеріп, бекіту.


  1. Қызығушылықты ояту (1-ші түрі):

  • Балалар, біз бүгін математика пәні бойынша дәстүрлі емес экологиялық

  • ертегі сабағын ӛтеміз. Сендер ертегі тыңдағанды жақсы кӛресіңдер ме?

    • Олай болса мені жақсылап тыңдаңдар. Ертегіде жануарлар да, құстар да, ағаштар да, айналадағы қоршаған табиғаттың бәрі де сӛйлеп кетеді. Ертегі кейіпкерлерімен бүгін бізде сӛйлесеміз, пікірлесеміз, бір-бірімізге кӛмектесеміз. Олай болса, ертегіні бастаймын.

  1. Қызызушылықты ояту (2-ші түрі):

    • Ерте, ерте-ертеде жапан түзде жалғыз терек ӛмір сүріпті. 20 жасында ер жетіп, 30 - ында бұғанасы бекіп, 40 - та кемеліне келіпті де, 50 - ден асқан соң қартая бастапты. Кейбір бұтақтары сынып, қотыр қабығының әр жеріне құрт түсіпті. Тұла бойы қақсап ауырған соң амал бар ма?

    • Ух, жаным-ай, жаным-ай! Енді не қыламын? Құрт ауыруына шалдықтым. Тесіп жеп барады, бұтақтарым сырқырайды, жапырақтарым сыздайды, жәрдем ете кӛріңдер - деп, терек күні - түні зарлай береді. Оның дауысын естіп бір күні Ақ кӛгершін ұшып келеді.

    • Терек ата, ауруыңыз жаман екен. Мен дәрігердің кім екенін білмеймін, дегенмен іздеп кӛрейін, - деп ұша жӛнеледі.

    • Ал, енді балалар, кӛгершінмен бірге Теректің ауруын емдейтін дәрігер іздеп жолға шығайық. Ол үшін мына есепті орындап жіберейік:

№ 1 есеп
а) Әрқайсысында- ә) "Қызыл телпек" - 24 14 оқушыдан 10 топ "Маймақ аю" - 18
Бӛлінді -7 қатарға Бӛлінді - 7 балаға
Әр қатарда- ? Әр балаға - ? кәмпит
Шешуі: 14x10:7=20 Шешуі: (24+18):7=6
Жауабы: 20 оқушыдан. Жауабы: 6 кәмпит.
Енді, осы жерде екі есепті де бӛліп тұрған 7 саны екен. Ендеше 7 санына байланысты мақал-мәтел айтып, тапсырманы нақтылай түсейік. Ӛйткені 7 саны қазақта киелі сан дейді:
"Жеті рет ӛлшеп, бір рет кес." "Жеті атасын білмеген жетесіз."
"Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл".

    • Сонымен біз, Теректі емдейтін дәрігер іздеп келе жатырмыз, алғашқы тапсырманы орындадық. Енді кӛгершінмен әрі қарай бірге аттанайық.

  1. - Кӛгершін ұшып келе жатып бір тӛбенің басында отырған сауысқанды кӛреді де, оған келіп болған жайды баяндайды. "Терекке жақсылық жасай гӛр"- деп ӛтінеді. Әркімнің ӛз жұмысы бар ғой, менің кӛмектесуге уақытым жоқ, - дейді. Сауысқанның уақыты жоқ болса, онда біз кӛмектесіп мына тапсырманы орындап жіберейік.

№2 тапсырма. Ӛрнектердің мәндерін табу. Тақтаға үш оқушы шығып орындайды:


(80+16):8=12 (900+12):3=304 (600+60+8):2=334
(70+14):7=12 (800+78):4=207 (900+60+9):3=323
(60+12):6=12 (600+30):6=405 (800+40+8):4=212.

  1. Ақ кӛгершін одан әрі ұшып келе жатып, қалың тоғайдың маңына жақындағанда Қырғауылды кездестіреді. Оған да мән- жайды хабарлайды. Ол, бірақ, кӛгершіннің ұсынысына ӛзінің кӛмектесе алмайтынын айтты. Қырғауыл үшін біз кӛмектесіп жіберейік.

№3 тапсырма. Салыстыру:
(400+40+4):4=444:4=111 (400+4):4= 404:4=101
(400+40):4=440:4=110 (40+4):4=44:4=11.

    • Ұқсастығы неде?

    • Айырмашылығы неде?

    • Кӛгершін одан әрі ұшып кетіпті. Қалың тоғайдың ішінен құйқылжыта ән салған Бұлбұлдың үнін естиді. Ол бұлбұлға да Теректі емде дегенді айтады:

    • Кешір, Кӛгершін! Маған ренжіме, менің ӛз кәсібім бар ғой. Менің әнімді ормандағы аңдар, құстар түгілі адамдар да жақсы кӛреді. Мен үшін адамдардан кӛмек сұра дейді. Кәне, бұлбұлдың тілегін орындап, тапсырма орындайық.

№4 тапсырма. Есепті шығару: Дүкен мен үйдің арасы - ? 150м
Мектеп пен үйдің арасы - ? 2 есе артық Дүкен мен мектептің - ? 3 есе кем Шешуі: 150 · 2 : 3 = 100 (м).
Жауабы: дүкен мен мектептің арасы 100 метр.
Осы есепті шешуде ара қашықтықты метрмен ӛлшедік. Ал бұрын қазақ халқы күнделікті тұрмыста қашықтық, ұзындық ӛлшемдерін жуықтап, шамалап айтатын:
қарға адым жер, қол созым жер, таяқ тастам жер, қозы кӛш жер, дауыс жетер жер, бір күншілік жер,
т.б. атаған. Бұл ӛлшемдер қазіргі ӛлшемдермен есептегенде метр, километрмен ӛлшенеді.

    • Сонымен Кӛгершін ілгері қарай ұшып кетеді. Айдын кӛлде сыланып жүзіп жүрген Аққуға келеді. Оған да Теректі емдей кӛр деп ӛтініш айтады. Сонда Аққу: Мен қасиетті де киелі құспын ғой. Мен бұл жерден кете алмаймын. Маған кӛп құстар келеді, ақыл - кеңес сұрайды, мен саған да ақыл айтайын. Сен осы тоғайда үйсіз - күйсіз, жұмыссыз жүрген құстар бар, солардың бірін тап та ӛтініп кӛр. Мүмкін солардың бірі саған ілдесіп, Теректі емдеп қалар, - дейді. Аққу бізге де ақыл айтып, тапсырма беріпті. Енді соны орындап жіберйік.

№5 тапсырма: "Ойлан тап".
Теңдік тура болатындай етіп амал таңбаларын, жақшаны қою: (100 – 100) · 100 = 0 42 : 6 + 54 : 6 = 16
(900 + 0) : 900 = 1 64 : 8 – 32 : 8 = 4
700 : 7 – 100 = 0 80 : 8 – 2 = 16 : 4 · 2.
Кӛгершін Аққудың ақылын тыңдап, ормандағы сенделіп жүрген құстардың ішінен бір құсқа кез болады. Ол құс Кӛгершіннің тілегін орындап, онымен бірге Терекке келіп, оның құрт ауруын жазған екен.
Проблемалық сұрақ: Ол қандай құс деп ойлайсыңдар? Балалар, тоқылдақ, тоқылдақ –деп, жауап берді.

    • Дұрыс айтасыңдар, бұл тоқылдақ еді.

Проблемалық сұрақ: Олай болса бүгінгі ертегімізге қандай тақырып қоюға болады.
Балалар: «Тоқылдақ - орман дәрігері».

    • Содан бері әлгі Терек жайқалып ӛсіп тұр екен. Тоқылдақтар ағаштарды құрттардан, шіруден сақтайды екен. Ал жасыл ӛсімдіктерді, ағаштарды күтсек, біздің денсаулығымызға пайдалы екенін білесіндер. Үнтаспадан "Ақ кӛгершін" әнін тыңдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   106




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет