Екі топтың ұпайларын есептеп, жеңген топты анықтау, сыйлығын тапсыру.
ІҮ.Үйгетапсырма: Математикалық мақал - мәтелдер жинап келу.
V. Бағалау.
ТӚРТІНШІ САБАҚ
Сабақтың тақырыбы:Білімді тиянақтау.Сабақтыңмақсаты: Білімділік: Оқушыны ӛздігінен білім алуға, ізденуге, есептің, ӛрнектің, теңдеудің мәнін табуға, амалдарды ретімен дұрыс орындауға үйрету.
Дамытушылық: Оқушының іздену әрекетіне бағыт бере отырып, логикалық ой-ӛрісін дамыту, сабаққа қызығушылығын арттыру және таза, әдемі жазуға қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қазақ халқының ұлттық ойындарын қастерлей білуге ұжымның, топтың намысын қорғай білуге, ұқыптылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтыңтҥрі: Тренинг - сабақ
Сабақтыңтәсілі: Топтың ойлау әрекеті арқылы білімдерін саралап деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтыңтипі: Білімді бекіту сабағы.
Сабақтың кӛрнекіліктері:
"Бәйге", "Жәрмеңке" ойындары.
Бағалау кестесі.
Сабақтың жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:
а) кіріспе сӛз
ә) ұжымдық ойлау әрекетіне баулу "Математикалық диктант". б) сұрақ-жауап кезеңі. Мақал-мәтел.
ІІІ. Білімді тиянақтау жұмыстары:
а) Кіріспе.
ә) Топтық жұмыс "Бәйге" ойыны.
б) Топтық жұмыс "Жәрмеңке" ойыны.
г) Топтық жұмыс "Кім жылдам?" ойыны.
Саралап деңгейлеп оқыту арқылы жұмысын бағалау.
ІV. Қорытынды.
Білімдерін бағалап, үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
а) Оқушыларды түгелдеп, оқу құралдарын реттетіп сабаққа даярлау.
ә) Оқушылардың сабақта жинақы, сергек отыруларына үнемі кӛңіл бӛліп отыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеремін:
а) Оқушылардың білімін пысықтауға, дағдысын қалыптастыруға ӛткен сабақтарды сұрақ жауап арқылы тексеріп ӛту.
ә) Ұжымдық ойлау дағдысын қалыптастыру. Математикалық диктант.
Мұғалімнің оқуы бойынша екі және үштаңбалы сандар жазылады: 90, 190, 289, 43, 543...
Сандардың оқылуын тыңдап ішіндегі ең үлкенін жаз (алдымен екі сан, үш сан, тӛрт сан):
а) 95 және 7;
ә) 200, 192 және 130;
б) 62, 105, 451 және 75.
Бірлігі, ондығы, жүздігі бірдей цифрмен белгіленген үш таңбалы сандарды жазыңдар (222, 333, 444, ...).
(Оқушыларды жазбаша тәсіл арқылы шапшаң, тез орындауға жұмылдыру.)
Мақал-мәтел:
Білімді адамақылды,саналы, ӛміргедұрыскӛзқарасыменсӛйлейді.Ал кейбірдүниесікӛпадаммақтаншақ,ӛркӛкірек болады. І. Топтық жұмыс. "Бәйге" ойыны.
1 топ тапсырмасы: 2 топ тапсырмасы:
а) 18 : х = 81 : 9 а) х · 12 = 15 х 4
ә) х + (150 · 3) = 1080 ә) х · ( 16 : 8) = 800
б) 17487 : (х + 56) = 87 б) 49 · х = 17301 + 12050.
3 топ тапсырмасы:
а) х – 86 = 43 · 3
ә) 97218 : а = 9
б) 192516 – а = 1204 · 9.
ІІ топтық тапсырма. "Жәрмеңке" ойыны:
а) Жеңіл машина 5 сағатта 450 км, ал жүк машинасы 4 сағатта 320 км жол жүрді. Қайсысының жылдамдығы артық?
ә) Ұшақ 200 км/сағ жылдамдықпен 2000 км, ал тік ұшақ 300 км/сағ жылдамдықпен 900 км ұшты. Қайсысы қанша уақыт ұшты?
б) Ұшақ 900 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат, ал тік ұшақ 200 км/сағ жылдамдықпен 3 сағ ұшты. Осы уақыт ішінде барлығы неше км қашықтықты ұшты?
ІІІ топтық тапсырма. "Кімжылдам?" ойыны:
а) Қабырғасы 6 см шаршының ауданын және периметрін тап. Р-? S-? ә) Қабырғасы 5 см және 3 см тік тӛртбұрыштың периметрін және ауданын
тап. Р-? S-?
б) Қабырғасы 7 см және 4 см тік тӛртбұрыштың периметрін және ауданын тап. Р-? S-?
Саралап деңгейлеп оқыту арқылы жұмыстарын бағалау: І деңгей – 3 тапсырма – 9 ұпай
ІІ деңгей – 2 тапсырма – 10 ұпай
ІІІ деңгей – 1 тапсырма – 10 ұпай.