Бірінші бӛлім
I тарау. САБАҚҚА ДАЙЫНДАЛУ МЕН ОНЫ ЖОСПАРЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Оқыту процесі және ондағы мҧғалімнің ролі туралы
Жалпы алғанда, оқыту деп адамдарды қандай да бір білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру процесін түсінетініміз белгілі. Педагогика теориясында оқыту процесі жас ұрпақтың жекебас тұлғасын тәрбиелеу мен дамыту міндеттерін шешуге бағытталған, "білім беру" және "оқу" ұғымдарымен ӛзара тығыз байланысты біртұтас педагогикалық процесс ретінде сипатталады. Сондықтан, ең алдымен, оқыту, білім беру және оқу ұғымдарының мағынасын ашып алуға тырысайық. Жас ұрпаққа қазіргі заман талаптарына сай білім беру қоғам алдында тұрған аса маңызды да басты міндеттердің бірі болып табылады. Білім беру - белгілі бір жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игерудің барысы, жас ұрпақты ӛмірге дайындаудың қажетті шарты. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы" заңында: "Білім беру - бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі", -деп жазылған.
Білім беру ісінің дұрыс жолға қойылуы білім беру мекемелерінің жақсылап ойластырылған жүйесін талап етеді. Қай ел болмасын халыққа білім беру жүйесін ӛзінің саяси-экономикалық және мәдени-әлеуметтік даму жағдайларына сәйкес құрады. Қазақстан Республикасындағы халыққа білім беру жүйесі, негізінен алғанда, мынадай құрылымнан тұрады
Мектепалды даярлық;
Жалпы орта білім;
Орта арнаулы білім;
Жоғары білім;
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Халыққа білім беру жүйесіндегі аса маңызды буын жалпы орта білім болып табылады; ӛйткені мұнда мектеп жасындағы балалардың барлығын да қамту жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін орта мектептің құрылымы жас ұрпақтың ержетуіндегі жас ерекшелігінің негізгі үш кезеңіне (балалық шақ, жеткіншектік шақ және жасӛспірімдік шақ) сәйкес үш сатыдан тұрады:
Бірінші саты - бастауыш мектеп (1-4 сыныптар);
Екінші саты - негізгі мектеп (1-9 сыныптар);
Үшінші саты – бағдарлы (немесе бейімді) мектеп (1-11 сыныптар).
Халыққа білім беру жүйесінің қай сатысын алсақ та, оқыту процесінің негізін оқушының танымдық қызметі құрайды, оқытуды ұйымдастырудың ең
басты мағынасы оқушының танымдық қызметінде. Бұл дегеніміз, оқыту процесінің аса мәнді белгісі болып табылады.
Танымдық қызметтің элементтері мектепалды даярлық мазмұнында да болады. Шын мәнісінде, бала мектепке дейін-ақ айнала қоршаған дүниені танып-білуге әрекет жасай бастайды, яғни оның "оқуы" (дәлірек айтқанда, ӛзіндік іс-әрекеттер барысында айнала қоршаған ортаны танып білуі -П.С.) мектептегіден ӛзгеше жағдайларда тым ерте басталады. Ол ата-анасының және тәрбиешінің кӛмегімен табиғат құбылыстарын бақылауға және оларға талдау жасауға үйренеді, әралуан ертегілер мен әңгімелерді тыңдайды және олардың мазмұнын айтып беруді үйренеді. Дегенмен, мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қызметінде ойын жетекші роль атқарады және оның ойлау қызметінде сезімдік таным басым болып қала береді.
Ата-ананың қалауы бойынша жеті (немесе алты) жастан бастап кӛптеген балалар мектепке тартылып жүйелі білім алуға кіріседі, яғни олар әралуан мәліметтер, біліктер, дағдылар және әдеттердің белгілі бір қорын игере отырып, мектепке келеді. Мектепке келген күннен бастап олар оқыту арқылы біртіндеп, жоғарырақ деңгейге ауыса бастайды, яғни ғылым негіздерін игеруге кіріседі. Сӛйтіп, олар үшін оқу біртіндеп, жетекші іс-әрекетке айнала бастайды. Әрине, олардың қоршаған әлемді танып-білуінде танымдық кызметтің басқа да түрлері (мысалы, еңбек, ойын, кӛркем-бейнелеу, музыкалық-эстетикалық, т.б.) ӛз маңызын жоя қоймайды.
Жалпы алғанда, оқу - оқушының ӛзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Тар мағынада алғанда, оқу дегенді ақпаратты қайта ӛңдеу процесі ретінде тусінуге болады, сондай-ақ оның жаңа ақпаратты табуға мүмкіндік туғызатын әрекеттер жасау үшін де пайдаланылуы мүмкін. Оқу-білім алу мақсаттарына бағытталған оқушы қызметінің ерекше бір түрі, ол жас ұрпақтың жүйелі де терең білім алуы, білік және дағдылар жүйесімен қарулануы қамтамасыз етілетін, арнайы бағдарлама арқылы жүзеге асырылатын және белгілі бір мақсатқа бағытталған процесс болып табылады. Оқу жас ұрпақтың бойында ес, зейін, қиял, логикалық ойлау және т.с.с. қасиеттерді тәрбиелейді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқу қызметінің сипаты және оның нәтижелі болуы кӛптеген факторларға тікелей тәуелді болады, олардың қатарында мұғалімдер ұжымының сапасын, олардың кәсіби дайындығын, оқушылардың оқуға деген қатынасын, олардың дайындық деңгейін және т.б. атап айтуға болады.
Шындығына келгенде, оқу мен оқыту ұғымдары іс-әрекеттің әртүрлі екі ерекше түріне жатады және олар оқыту процесінің екі жақты сипатын кӛрсетеді. Жалпы алғанда, оқыту процесінде мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеттері жузеге асырылады.
Мектептегі оқыту – мұғалімнің басшылығымен жүзеге асырылатын балалардың мақсатқа бағындырылған, жоспарлы және ұйымдасқан түрдегі танымдық қызметі. Оқытудың міндегі жас ұрпақты ӛмірге баулу, ӛндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке
үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жекебас тұлғасын дамыту болып табылады.
Мектептегі оқыту процесінде (бұл жерде жалпы орта білім жүйесі туралы ғана сӛз болып отырғанын ескертеміз -П.С.) оқытудың бұл міндеті мектеп ӛмірінің барлық мазмұны, сондай-ақ мектептің барлық қызметкерлерінің күш- жігері арқылы шешіледі. Бұл жағдайда кең мағынадағы оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады.
Мектептегі оқыту процесі бірнеше сатыларда (бастауыш оқыту, негізгі мектептегі және бағдарлы мектептегі оқыту) жүзеге асырылады. Бұл сатылардың әрқайсысы, әрине, ӛз кезегінде оқыту процесін сипаттайды, бірақ дәл осы жерде тар мағынадағы оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады. Оқытудың әр сатысы баланың ержетуіндегі жас ерекшелігінің кезеңдеріне сәйкес келеді және осы кезеңдердің әрқайсысы үшін білім берудің аяқталғандығын (әрине, салыстырмалы түрде -П.С.) білдіреді.
Бастауыш оқыту - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, онда мектепте жүйелі білім алуды одан әрі жалғастыру үшін іргелі даярлық жүзеге асырылады. Мұнда барлық пәндерді бір ғана мұғалім оқытады. Ал негізгі және бағдарлы мектептердегі оқыту процесі пәндік жүйеге негізделген. Осыған сәйкес бұл жерде әр пәнге қатысты оқыту процесі туралы сӛз қозғауға болады. Бұл жағдайда оқыту процесі ұғымы біртіндеп тарыла түсетіндігін байқауға болады. Мектептегі оқыту процесі жекеленген сабақтарға жіктеледі. Сабақ та әрине, сӛз жоқ, оқыту процесі, бірақ оның тар мағынадағы нақты кӛрінісі деуге болады. Сонымен, ӛте кең таралған „оқыту процесі" атауының кӛлемі бойынша (мазмұны бойынша да -П.С.) мейлінше әралуан ұғымдарды анықтайтынын (жалпы орта білім жүйесінен бастап нақты бір пәнге қатысты жекеленген сабаққа дейінгі -П.С.) байқауға болады.
Педагогикалық әдебиетте оқыту процесін анықтауда бірізділік жоқ.
Педагогика оқулықтарында оған берілетін кейбір анықтамаларды келтірейік.
«Оқыту деп арнайы ұйымдастырылған, мұғалімнің басшылығымен жүзеге асатын, оқушылардың оқу-танымдық мұқтаждықтарын оятуға, оларды ғылыми білімдер, біліктер және дағдылар жүйесімен қаруландыруға, диалектикалық-материалистік кӛзқарасты қалыптастыруға бағытталған педагогикалық процесті түсінеді».
«Оқыту – бұл жеке психикалық дамуды үдету және қоршаған дүниенің танылған заңдылықтарын меңгеру мақсатында арнайы ұйымдастырылған оқу- танымдық іс-әрекет».
Бұл келтірілген анықтамаларға қарағанда оқыту процесінің танымдық іс- әрекет екендігі байқалады.
Оқыту процесі қалай болғанда да мұғалімнің басшылығымен жүреді. Осы тұрғыдан алғанда, «оқыту» ұғымы жас ұрпақты білім, білік және дағдылар жүйесімен қаруландыру, оның оқу-танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытумен байланысты мұғалімнің іс-әрекетін сипаттайды, ал оқу, яғни білім алу, қандай да бір білім, білік және дағдылар жүйесімен қарулану процесі – бұл оқушының тікелей ӛзінің іс-әрекеті. Демек, оқыту процесіндегі
басты тұлға – мұғалім, оқыту процесінің нәтижелі болуында мұғалім орасан зор роль атқарады.
Кең мағынада алғанда оқытуды аса күрделі еңбек процесі деп түсінуге болады. Оның аса күрделі болу себебі, баланың күрделі және әралуан сапалық қасиеттерімен ерекшеленуінде ғана емес. Оқыту процесі ӛзінің аса ұзақ уақыт жүруімен, сондай-ақ оқытудың әр сатысында баланың жас және даму ерекшелігіне сай оған жасалатын педагогикалық әсердің ӛзгермелі болуымен күрделі болып табылады. Қалай болған күнде де оқыту процесін мұғалімнің шикі материалды ӛңдеуімен" байланысты жұмыс процесі немесе, анығырақ айтқанда, технологиялық процесс ретінде қарастыруға болады. Осы тұрғыдан алып қарағанда, мұғалім қызметінің технологиялық процесс ретіндегі басты қиындығы мен ерекшелігі мынада: оқушы мұғалімнің педагогикалық әсерін (айтқандарын, түсіндіргендерін, т.б. -П.С.) дайын күйінде қабылдай салмайды. Ӛзінін танымдық мүмкіндігіне сәйкес бала танымының заңдылықтары негізінде, ол да әрекет жасайды және оқу деп аталатын еңбекпен шұғылданады. Оқыту процесінің жүзеге асырылуындағы қиындық пән күрделілік оқыту барысында екі технологиялық процестің (оқыту мен оқудың -П.С.) үйлесімді қабысуында. Бұл процестердің екеуі де қатар жүреді, сондықтан да оларды үйлесімді ара қатынаста жүргізу оңай болмайды. Бұған дейінгі «императивтік педагогика» бала танымының технологиясын ескермей, оқушыларға мұғалімнің технологиясын күштеп мойындатуға, сӛйтіп айтылған үйлесімді ара қатынасты бұзуға бағыт ұстайтын. Осының нәтижесінде оқушылар оқыту процесінің белсенді емес «объектісі» жағдайында ғана қалып қоятын да, оларды оқудың, білім алудың келешегі қызықтыра қоймайтын. Барлық мәселе мынада: мұғалім қызметінің технологиясы толығымен баланың оқып, білім алуының технологиялық процесін тиімді ұйымдастыруды қамтамасыз ету міндетіне бағындырылуы керек, сонда ғана оқыту нәтижелі болмақ. Басқаша айтқанда,
мұғалім оқушыларды оқуға, білім алуға үйретуі тиіс.
Әдетте, мұғалім оқытады, ал оқушылар оқиды, білім алады деп түсінеміз. Шын мәнісінде, барлығы бұдан әлдеқайда күрделірек: мұғалім тек қана оқытып қоймайды, оқушылар болса оның айтқандарын жай ғана есте сақтап қана қоймайды. Әрине, оқыту процесінде мұғалім білім мен біліктердің аса маңызды қайнар кӛзі ретінде кӛрінеді. Оқушы, ең алдымен, мұғалімнен оның сӛздері мен іс-әрекетінен кӛп нәрсені үйренеді, яғни осы тұрғыдан алғанда, мұғалім ғылыми білімдердің негіздерін жеткізуші болып табылады. Мұғалімнің ғылым негіздерін терең білуі оқушылардың оқуға деген ынтасын туғызады. Оқушылар ӛз пәнін нашар білетін, сабақ бере алмайтын мұғалімді ешқашан кешірмейді. Мұғалім оқыту барысында оқушылардың сенімді кӛмекшісі болып табылады. Ол оқушылар алдында туындайтын қиындықтарды жеңуге кӛмектеседі. Мұғалім қызметінің осы қыры ерекше маңызды болып табылады. Туындайтын қиындықты дер кезінде байқап оқушыға педагогикалық тұрғыда дұрыс кӛмек кӛрсету дегеніміз оқушының кеміп бара жатқан белсенділігін арттыру, оқушыға жұмысты жемісті жалғастыруға және аяқтауға қажет болатын жаңа күш-қуат беру деген сӛз.
Мұғалім оқу процесінде оқушылардың тәрбиешісі ретінде де кӛрінеді. Сабағы жоғары деңгейде ӛтетін, әрдайым ӛзін сергек, кӛңілді, салиқалы ұстайтын, қисық-қыңыр оқушылармен тіл табыса алатын мұғалімдерді балалар ерекше сыйлайды, ал мұғалім осы сияқты сапалық қасиеттері арқылы оқушыларға үлгі болады, оқыту барысында оқушылардың қоғамдық ӛмірге деген ынтасын тәрбиелейді, олардың ғылыми және мәдени ой-ӛрісін кеңейтеді. Осының нәтижесінде оқушылардың адамгершілік кӛзқарасы, сенімі мен сезімі дамиды.
Мұғалім оқыту процесінде оқушылардың жан-жакты дамуына да қолайлы жағдайлар туғызып отырады. Оқыту барысында мұғалім оқушылар алдына проблемалық мәселе қояды, оқушыдан осы проблемалық мәселені шешу барысындағы ізденіске белсене қатысуды талап етеді. Кӛпшілік жағдайларда, ол оқушылардың алдында жеткілікті деңгейдегі жоғары «интелдектуалдық» қиындықтар туғыза отырып, оларды жеңу барысындағы оқушылардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыра және басқара білуі тиіс. Бұл қазіргі заманғы дамыта оқыту технологиясының басты бағыттарының бірі болып табылады.
Мұғалім оқу процесінде оқушылардың оқу жұмысына бақылау жасайтын, үкімет тарапынан тағайындалған қызметкер ретінде кӛрінеді. Мұғалім қызметінің осы қыры да аса маңызды болып табылады. Ӛйткені, мемлекет пен қоғам кез-келген уақытта мектептегі оқу ісінін, нақты, әрі айқын жағдайын біліп отыруға тиісті. Оның үстінде оқушылардың оқу жұмысын тексеріп, бақылап және бағалап отырмай, мұғалім ӛзінің кәсіби міндеті – оқытушылық қызметін дұрыс жолға қоя алмайтыны түсінікті.
Мұғалім оқыту процесінде, ең алдымен, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырушы және басқарушы ретінде кӛрінеді. Оқыту процесін ұиымдастыру барысында оқушы бұрынғыдай тек оқудың объектісі ғана ғана болып қалмай, сонымен қатар оқудың субъектісіне де айналуы тиіс, сонда ғана оқыту процесі нәтижелі болмақ. Қазіргі мектеп тәжірибесі терең, әрі тиянақты білімнің оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыру барысында қалыптасатындығын аңғартып отыр. Бұл, ӛз кезегінде, қазіргі мұғалімнен оқыту процесіндегі оның ӛзі мен оқушыларының қызметінің ара қатынасын түбегейлі ӛзгертуді талап етеді. Біздің ойымызша, қазіргі мектеп тәжірибесіне дендеп ене бастаған дамыта оқыту жағдайындағы мұғалімнің басты міндетін айқындау мәселесі шұғыл түрде күн тәртібіне қойылуы тиіс, ӛйткені «мұғалім» деген терминнің ӛзі оның қазіргі заман талаптарына сәйкес қызметінің мән-мағынасын толығымен аша алмайтын сияқты. Оның үстіне Қазақстан Республикасында білім берудің жаңа мемлекеттік стандартына сәйкес мектептегі оқыту мен тәрбиелеу приоритеті түбегейлі ӛзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай оқушыны пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір-жиынтығымен қаруландыру емес, оның жекебас тұлғасын дамыту міндеті қойылып отыр. Бұл міндетті шешу мұғалімнін ӛзінің оқыту процесіндегі қызметін түбегейлі ӛзгертуді талап етеді, яғни қазіргі заманғы мұғалімді толғандыратын басты мәселе оқушылардың оқыту процесіндегі танымдық
қызметін дұрыс, әрі тиімді ұйымдастыру мен басқарудың технологиясын жасау болуы керек. Демек, осы түрғыдан алғанда, қазіргі заманғы дамыта оқыту жағдайында, мұғалімді «оқыту процесінің менеджері» деп түсінген орынды деп ойлаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |