Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты



бет36/62
Дата05.04.2022
өлшемі2,07 Mb.
#29922
түріСабақ
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62
Байланысты:
ЕНБЕККЕ БАУЛЫ ҚМЖ 3-сынып Атамура

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Ребус арқылы  сабақтың тақырыбын ашу.

Кез келген басқа көлік түрлеріне қарағанда,  ұшақ              әлде қайда жылдам қозғалады. Ұшақтың қанаттары оны ауаға көтереді. 1903 жылы ұшақ көкке көтерілді.  Ол тоғыз қабатты үй биіктігіне дейін көтеріліп, ұшу 12-секундқа созылды. Ұшақтар жолаушылар таситын және жүк таситын болып екіге бөлінеді. Қазіргі кезде олар он мың метрге жуық биіктікке көтеріле алады. Ең жылдам ұшатын жолаушылар ұшағы «Конкорд» деп аталады. Ол «Бойнкге» қарағанда екі есе жылдам ұшады. Ұшу мен қонуға арналған жол алаңы  бірнеше шақырымға жетеді. Әрбір ұшақ ұшар алдында дайындықтан өткізіледі. Авиатехниктер ұшақтың жабдықтарын тексереді. Арнаулы жұмысшылар оның іші-сыртын тазалап жанармай құяды. Әуежай аумағында  жолаушыларға автобустар қызмет етеді. Ұшақты командир  мен бортинженер басқарады.  Оларға компьютерлер көмектеседі. Ұшқыштар радио байланыс арқылы жермен сөйлесіп отырады. Ұшақта жолаушылар үшін сапардың ойдағыдай өтуіне барлық жағдай жасалған.

    1961 жылы 12 сәуірде тарихта тұңғыш рет ғарышқа адам ұшты. Ол Юрий Алексеевич Гагарин.108 минут ішінде ол «Восток» ғарыш кемесімен Жер шарын айнала сапар  шекті және белгіленген ауданға келіп қонды. Гагариннің ұшуы адамның ғарыш әлемінде болуы және жұмыс істеу мүмкіндігі барын көрсетті.

   Сендер мектепті бітіріп, денелеріңді шынықтырып, техника негіздерін меңгергеннен кейін егер қаласаңдар, өздерің де ғарышкер бола аласыңдар.  Ғарышкер Тоқтар Әубәкіров  пен Талғат Мұсабаев ағаларың сияқты еңбек сүйгіш болып өсу керек. Ең бастысы жеңіл  техникалық заттарды өздерің жасай білулерің керек. 

Еңбек сүйгіштік – сендердің армандарыңа апаратын жол. Егер өздерің жасаған ұшақтың үлгісі әуеде бірнеше секунд ұша алса, мұның өзі үлкен жетістік.

Оқушылардың ұшақ, ұшқыш туралы білетін тақпақ, жұмбақ, нақыл сөздерін тыңдау.

 

Жазира Әбутәліп Қиялындай қиыр кезген ақынның.



Ұшып бара, ұшып бара жатырмын,

«Қош!» деді де, қошеметтеп қалды жер,

Құшағында жиырмасыншы ғасырдың.

Дилназ Нышанбекова Көңіл дария, ойы аспан,

Асқар шыңнан бойы асқан,

Ай, күнімен аспанның

Әзілдескен, сырласқан,

Ұшқыш болғым келеді!

Ақниет Сламбекова Мөлдір тұнық  көк аспан,

Сол аспанға жарасқан,

Сомолеттей сұңқармын.

Ұшқан құспен таласқан, 

Ұшқыш болғым келеді!

Диас Базарбай Құстай Ұшар

Қанатты тұлпар.   (ұшақ)

Жұмыс алдында қауіпсіздік ережесін ескерту. 

Қағаздан ұшақ жасату:

Сергіту сәті: «Мен күнмін» ойыны.

Сенімділікті арттыруға арналған ойын. 

Күннің суретін салып, ортасына «Мен күнмін» деп жазып, оқушылар күннің әр сәулесіне өзінің жақсы қасиеттерін, жетістіктерін, өнерін жазады. Неғұрлым күннің сәулесі көп болса, соғұрлым балалардың да шапағаты көп болғаны.

ІІІ Жаңа сабақты бекітемін: Ұшақ билеттеріне жазылған сұрақтар

1. Ұшақтың қандай түрлері болады?

2. Ұшақты кімдер басқарады?

3. Ең жылдам жолаушылар ұшағы қалай аталады?

4. Т.Әубәкіров пен Т Мұсабаев ағаларыңды білесіңдер ме? Олар кімдер?

5. Ғарышкер болу үшін не істеу  керек?



6. 1961 жылы 12 сәуірде тұңғыш рет ғарышқа кім ұшты?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет