Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу


Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану



Pdf көрінісі
бет34/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56
Байланысты:
УМКД

Рационалды (латынша ratіonalіs - саналы) тамақтану - ағзаға 
тағамның саны мен сапа жағынан қажеттілігін толық қамтамасыз етуге 
қабілетті, сөйтіп барлық қуат шығынының өтелуін, бүкіл физиологиялық 
қызметтерінің оңтайлы өтуін, ағзаның дұрыс өсуі мен дамуын, жұмысқа 
қабілеттілігін, қоршаған ортаның зиянды факторларына қарсылық күшін 
жоғары деңгейде қамтамасыз етуге, сондай-ақ, кәрілікті кешеуілдетуге және 
өмірін ұзартуға қабілетті ғылыми тұрғыдан негізделген тамақтану. 
Рационалды тамақтанудың негізгі қағидалары: 
1-
қағидасы 
Тамақтану мөлшері жағынан адекватты, яғни, 
рационның энергетикалық құндылығы ағзаның энергия 
шығынын толық өтеп отыруы қажет. 
 
2-
қағидасы 
Тамақтану сапасы жағынан құнды, яғни құрамында 
барлық ағзаға қажетті тамақтық (қоректік) заттар: 
белоктар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, минералды 
заттар, бәрінен бұрын, алмастырылмайтын құрам бөліктері 
қолайлы мөлшерде болуы тиіс. 


 
3-
қағидасы 
Тағам залалсыз, яғни тағамда жұқпалы немесе 
паразиттік аурулардың қоздырғыштары болмауы, ал 
микробтық 
және 
микробтық 
емес 
токсиндердің 
концентрациясы гигиеналық регламенттерден аспайтын 
болуы тиіс. 
 
4-
қағидасы 
Жақсы органолептикалық көрсеткіштері қамтамасыз 
етілуі, тәбет тартатын, аз көлемде тоқтық сезімін беретін, 
жақсы қорытылатын және жеңіл сіңетін болуы керек. 
 
2. 
Фотосинтез процесі 
Өсімдіктер ауадан көмір қышқыл газын, ал топырақтан су және 
қоректік заттарды алу арқылы күрделі органикалық зат түзеді, бұл құбылыс 
фотосинтез деп аталады. Фотосинтез процесі нәтижесінде өсмдіктер 
мүшесінде негізгі үш элементтен тұратын (көміртегі, оттегі, және сутегі) 
органикалық заттар түзіледі. 
Сурет 1. Фотосинтез процесінің сызбасы 
Өсімдіктердің ауадан көмір қышқыл газын бойына сіңіруінен 
органикалық заттардың пайда болуын олардың ауа арқылы қоректенуі дейді. 
Өсімдіктердің топырақ арқылы қоректенуімен ауадан қоректенуінің 
арасында тұрақты байланыс бар екені белгілі. Өсімдіктер көміртегінен басқа 
қажетті қоректік заттарды тамыр жүйесі арқылы топырақтың қабаттарынан 
қабылдап алып бойына сіңіреді. Олар өздерінде органикалық заттарды 


топырақтан, күл заттарын тамыр арқылы, ауадан көміртегін жапырақ арқылы 
түзеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет