Химияны оқытуға арналған оқу әдістемелік кешені.
Компьютерлік
техникалармен жеке жұмыс істеу өзіндік жұмыс үлгілерін дамытады,
нақтылыққа, әрекеттің жүйелі болуына үйретеді, талдау мен жалпылау жасау
білігін, қабілеттілікті арттырады. Компьютер абстракцияны, сұлба, модель,
сурет түріндегі көрнекі үлгілер түрінде
нақтылау арқылы қабылдауға
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дамыта оқыту әдістері мен қағидалары
жүзеге асырылады. Білім алушылардың ойлау әрекеті дамиды,
танымдық
қажеттілігі қанағаттандырылады. Білім алушы жұмыстың өзіне тән әдістері
мен
тәсілдерін
қолдануға
мүмкіндік
алады.
Жаңа
ақпараттық
технологиялардың аппараттық құралдарына біз компьютерді ғана емес,
сонымен бірге оған қоса берілетін құралдарды (принтер, сканер,
цифрлік
және web-камералар, мультимедиапроектор, бейне-магнитофон т.б.),
бағдарламалық құралдарға – бағдарламалық қамтамасыз етуді, соның ішінде
оқу үдерісіне арналып жасалған бағдарламаларды да жатқыза аламыз.
Химияны пәнаралық байланыста
оқытуды келесі құбылыстарды
түсіндіру барысында да іске асыруға болады. Оған мысал ретінде идеал
газдың молекула-кинетикалық теориясы (сиретілу дәрежесі анықталған
техникалық вакуум алу), Электрондық шоқтардың
магнит және электр
өрістеріндегі қозғалысы (дисплей экранындағы бейнені жаймалау, шоқтарды
келтіру, бейне геометриясын түзету), түстердің араласу заңы және
флуоресценция (түрлі түсті бейне алу), электромагниттік индукция және
өздік
индукция, ажырату және тұйықтау экстратоктары, сұйық кристалдар
(LCD-мониторының экраны), төмен жиілікті газ разряды(плазмалық
панельдер), Бугер заңы (сәулеленудің әр түрін
жұтатын экрандардың
қорғағыш беттері), заттың магниттік қасиеттері және магнит өрісін басқару
("винчестерлер", дискеталар, ZIP-дисктер), лазерлер, дәлдік оптика (CDR, CD
RW және DVD) т.б.
Достарыңызбен бөлісу: