Сабақтың мақсаты: жаратылыстану ғылымдарының арасындағы химияның рөлін анықтау және пәнаралық байланысты қалыптастыра білу


 Мультимедиялық және компьютерлік презентациялар



Pdf көрінісі
бет53/56
Дата21.12.2022
өлшемі3,67 Mb.
#58600
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
Байланысты:
УМКД

4. Мультимедиялық және компьютерлік презентациялар, 
графика.  
Химия саласында информатикалық әдістерді қолданып, есептер шешу 
«химиоинформатика» деп аталады. Оның қолдану саласы: химиялық 
қосылыстардың қасиеттерін болжау, фармакология саласы, виртуальды 
скрининг және компьютерлік синтез. 
Химоинформатика химия мен информатика қиылысында орналасқан. 
Химоинформатиканың негізінде химиялық кеңістік — барлық қол жетімді 
химиялық объектілердің (химиялық қосылыстар, реакциялар, қоспалар, 
ерітінділер, каталитикалық жүйелер, материалдар және т.б.) жиынтығы 
туралы түсінік жатыр. 
Химоинформатиканың 
айрықша 
ерекшелігі 
оның 
шеңберінде 
химиялық объектілердің қасиеттерін болжау ұқсас химиялық объектілерден 
қасиеттердің белгілі мәндерін беру (интерполяция) арқылы жүзеге 
асырылады. Көптеген жағдайларда химиялық заттар молекулалық графиктер 
түрінде болады, сондықтан графикалық теория әдістері химоинформатикада 
кеңінен қолданылады. 
Химиядан ақпарат іздейтін ең сенімді сайттың бірі – chem21.info . Бұл 
сайтта әр түрлі кітаптан түсірілген ақпараттар жиналған. Түсірілген суреттің 
астында кітаптың аты және авторы жазылады. Химия туралы тағы ақпарат 
жинай алатын сайттар тізімі: 
Avogadro: an advanced semantic chemical editor, visualization, and 
analysis platform | Journal of Cheminformatics | Full Text 
(biomedcentral.com) 
http://www.uroki.net/docxim.htm 


 http://interneturok.ru/ru/school/chemistry/9-klass 
http://www.chem.msu.su/rus 
http://www.chem.msu.su/rus/elibrary 
http://www.chem.msu.su/rus/school_edu 
М.В.Роберттің 
ақпараттық 
технологияны 
пайдаланудың педагогикалық мақсаттарынан көруге болады: Ақпараттық 
технологияларды қолдану негізінде оқу – тәрбие процесінің барлық деңгейін 
жетілдіру: 
-оқу үрдісінің ықпалы мен сапасын арттыру; 
-танымдық қызметтің екпінділігін арттыру; 
-пән аралық байланысты тереңдету; 
-қажетті ақпараттың көлемін ұлғайту; 
Осы міндеттерді іске асыру үшін ақпараттық технология мазмұнының 
құрылымдарын ескеру керек. Атап айтқанда: 
-информатика және есептеуіш техниканың негізгі түсініктерін білу; 
-компьютерлік технологияның функционалды мүмкіндіктерін білу; 
-қазіргі операциялық жүйелердің және олардың негізгі командаларын 
білу; 
-қазіргі 
программалық 
қабықшаларды, 
жалпы 
бағытталған 
операциялық жүйелерді және олардың функцияларын білу; 
-программалаудың алгоритмін, тілі мен пакеті туралы алғашқы 
түсініктерді білу; 
-интернет желісі мен электрондық почта қызметін пайдалана білу. 


Сандық ақпаратты өңдеу және электрондық кестелермен жұмыс.
Молекулалардың графикалық бейнесі және олардың қасиеттері - химиядағы 
графикалық теория. Электрондық кестеде кестелер мен графиктерді құру. 
Бүгінгі таңда ең кең тараған кестелік процессорлардың бірі, Microsoft Office 
пакетіне кіретін MS Excel болып табылады.
MS 
Excel 
(XL) 
электрондық процессор, кесте түрінде 
ұйымдастырылған ақпаратты енгізуге, өңдеуге, автоматтандырылып санауға 
арналған арнайы бағдарламалық жүйе. Құрылымы күрделі кестелерді құруға,
әдемілеп өңдеуге, сонымен қатар, жеке ұяшықтарда, жолдарда, бағаналарда 
және матрицаны есептеу, іріктеу мүмкіндігі мол. XL – өзінің есептерін 
шығыратын бағдарламалау жүйесі.
Электрондық кесте – бұл бүтін кешендік есептерді шешуге мүмкіндік 
беретін ақпараттық технологиялардың құралы.


1. Есептеулерді орындау. Ежелден көптеген есептеулер кестелік 
пішінде орындалады, әсіресе іс-қағаздарын жүргізу, толып жатқан есептеу 
тізімдемелері (орысш. – ведомости), шығыс сметалары және т.б. Бұдан басқа, 
сандық әдістермен есептелетін математикалық 129 есептердің бүтін бір 
қатарын кестелік пішінде орындау ыңғайлы. ЭК ондай есептеулерді 
автоматтандырудың ыңғайлы құралы болып табылады. Бұрын, көптеген 
есептеулерді ЭЕМ-де шешу үшін тек қана бағдарлама құру қажет болса, қазір 
оларды электрондық кестелерде жүзеге асыру мүмкіндігі пайда болды.
2. Математикалық модельдеу. ЭК-де математикалық формулаларды 
пайдалану, кейбір нақты жүйенің әртүрлі параметрлері арасындағы өзара 
байланыстарын ұсынуға мүмкіндік береді. ЭК негізгі қасиеті – формуладағы 
операндалардың мәндері өзгергенде оны лезде қайта есептеу мүмкіндігі. Осы 
қасиеттің 
арқасында, 
электрондық 
кесте 
сандық 
экспериментті: 
параметрлерді аңдап алу, модельдену жүйенің тәртібін болжау, 
тәуелділіктерді саралау, жоспарлау және т.с.с. ұйымдастырудың ыңғайлы 
құралы болып табылады. 
3. Электрондық кестелерді деректер қоры есебінде қолдану. Әрине, бұл 
аймақта ДҚБЖ салыстырғанда, электрондық кестелердің мүмкіндіктері 
әлдеқайда аз. Алайда, онда реляциялық ДҚБЖ тән, деректермен кейбір 
манипуляциялық амалдар жүзеге асырылған. Олар, белгіленген шарт 
бойынша ақпаратты іздеу және іріктеу амалдары. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет