Дәріс№2.6. Химиядағы компьютерлік және ақпараттық технологиялардың қосымшалары. Химиялық деректер ақпараттық технологиялар мен жоғары өнімді есептеулердің объектісі ретінде: хемоинформатика және есептеу химиясы. Ақпаратты іздеу, сақтау және сұрыптау. Интернет және ақпаратты іздеу тәсілдері. Интернеттегі ақпараттың сенімділігі мәселесі. Ақпарат пен мәліметтер базасының саны. Сабақтың мақсаты: Химияны (жаратылыстану ғылым саласында)
оқытуда ақпараттық және компьютерлік, инновациялық технологияларды
қолдануды үйрену
Глосарий Химоинформатика (Хeмоинформатика ) - химиялық есептерді шешу
үшін информатикалық әдістерді(ақпараттық технологияларды) қолдану.
Инновациялық білім беру- іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық
қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік
шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға
және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Электрондық кесте – бұл бүтін кешендік есептерді шешуге
мүмкіндік беретін ақпараттық технологиялардың құралы.
Құрылымдық модельдер – түрлі ғылым салаларында схема, графиктер
мен кестелер.
Жоспар: 1. Химиялық мәліметтер ақпараттық технологияның объектісі ретінде және өнімділігі жоғары есептеулер: химоинформатика және есептеу химиясы.
2. Сандық ақпаратты өңдеу және электрондық кестелермен жұмыс. Молекулалардың графикалық бейнесі және олардың қасиеттері химиядағы графикалық теория. Электрондық кестеде кестелер мен графиктерді құру 3. Химияны оқытуға арналған оқу әдістемелік кешені