Алғашқы баяндамаларда адамзат дамуының болашағы жөнінде
пессимистік сарындар басым болса («даму шектері», «нөлдік даму»,
«болашақтық шок»), кейін қазіргі адамзат дамуын-дағы бағыттарды
өзгертетін кең көлемді бағдарламалар түйінделді.
Осы және басқа да
еңбектерде адамзаттың «бүкілғаламдық тепе-теңдік» пен «орнықты дамуға»
қол жеткізе алатындығы дәлелденді. Бұл тек қана өндірісті жаппай
дамытумен шектелмейтін, адамдық дамуды алдыңғы қатарға шығаратын
және жер бетінде өмір сүретін барлық адамдардың негізгі талап-
мұқтаждықтары мен құндылықтары өтелетін, әркім өзінің тұлғалық адами
мүмкіндіктерін жүзеге асыра алатын (Д. Медоуз) өркениеттілік қалыптасып
келе жатқандығын білдіреді. Осындай орнықты және тұрақты, үйлесімді
дамуды жүзеге асыру үшін қажет мөлшердегі
ауылшаруашылық өнімдерін
өндіре алатын, жан басына шаққандағы ресурстарды қамтамасыз ететін
минималдық деңгейінен аспайтын даму және демографиялық шектерді
анықтау қажет. Орнықты даму концепциясының жаңа мыңжылдықтың
табалдырығындағы қазіргі адамзат болмысының өзекті мәселесі екендігі
1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен қоршаған орта мен орнықты
даму жөніндегі халықаралық конференцияда аталып өтті.
Қоршаған орта сапасын жақсарту мақсатында, атап айтқанда
атмосфералық ауа сапасын жақсарту мақсатында,
Осло қаласында
(Норвегия), ол 2003 жылы БҰҰ «Еуропаның орнықты қаласы» болып
танылған, 20 ғасырдың 90 –шы жылдардың бойында атмосфераға қатты
заттардың, күкірт қышқылының, қорғасын және азот оксидінің
шығарылыуын
төмендету
бойынша
бағдарлама
іске
асырылды.
Шығарылулар көлемін азайту қажеттігін туғызған себеп, ол жекелеген
аудандардағы ауаның газдануы деңгейінің артуы салдарынан балалар
арасында астма және басқа да тыныс өкпе ауруларының ұлғаю болып
табылды. Ластанудың негізгі себебі қаладағы
қарқынды автомобиль
қозғалысы болып табылған. Берілген проблеманың неігзгі шешімі қоғамдық
көлік жүйесін дамыту, атап айтқанда, пайдалануға трамвайларды, жерасты
қоғамдық көлігінің жүйесін және электотоғымен жұмыс істейтін монорельсті
поездарды енгізу болып табылды (тоқ көзі – гидроэнергетика). Сондай-ақ
жеке автокөлікке шығыс газдарын каталитикалық өртеушілер орнату
міндетті болды. Осло қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін жақсарту үшін,
атап айтқанда, метро желілерін кеңейту үшін қала әкімшілігі орталық
үкіметтен қаржыландыру алады.
Германия жел энергиясын пайдалану
бойынша әлемде бірінші орын
және күн энергиясын пайдалану бойынша екінші (Жапониядан кейінгі) орын
алады. «Жаңартылатан энергия туралы» заң әрекет етеді: күн немесе жел
көмегімен өндірілген әрбір киловатт-сағат үшін үкіметі өндірушіге 48 цент
төлейді, бұл көмір есебінен өндірілетін энергияның нарықтық бағасынан - 5
цент, әлде қайда артық. Нәтижесінде қазіргі уақытта елде 14 мың жел және
80 мыңнан астам күндік өндірісітікқондырғылар орналасқан және жыл сайын
баламалы энергия көздеріне инвестициялар шамамен 6 млрд. еуродан
құралады. Геттеборн ауылының маңында 2008 жылға арай әлемдегі ең ірі күн
электрстанциясы салынады, қуаттылығы 8,2 МВт құны 35 млн. еуро.
Үкімет кіші қуатты күн көзімен су жылытатын қондырғыларға
инвестицияларды салуды жалғастыруды жоспарлауда. Күн көзімен су
жылытатын қондырғыларға ие болғысы келетін неміс отбасы күн
колеккторлары орналастырылған әрбір шаршы метр үшін 110 еуродан алуы
мүмкін. 1999 жылдан бастап ГФР мемлекеттік бюджетінен бұл бағдарламаны
іске асыру мақсатында 2,7 млрд. еуро бөлінген.
Күн энергетикасын дамыту тек қана қана қоршаған ортаны қорғауға
көмектеспейді, сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құрады. 2004 жылы
саладағы жұмыспен қамтылғандардың саны 4 мың адамға артып, 16
мыңадамға дейін жетті. Перспективада, неміс мамандарының есебі бойынша,
күн энергетикалық
қондырғыларын салу, жөндеу және қызмет көрсету ГФР
шамамен 100 мың адамды тұрақты жұмыспен қамтамаыз ете алады.
Цюриха имиджі күн энергиясының биржасын құру идеясынының
арқасында жаңа экологиялық сипат алды. 1997 жылдың мамырынан бастап
Цюриха электростанциясының клиенттері электр энергиясының орнына күн
энергиясын алу мүмкіншілігін алды, осылайша олар қаражаттың алты есе
үнемделуін қамтамасыз етті және экологиялық энергетиканы қолдауда өз
үлесін қосты.
Ұсынысты халық өте жақсы қабылдады, өте қықа мерзмінің ішінде
алғашқы күн қондырғылары өндіруі мүмкіндігіенен екі есе асатын мөлшерде
күн энергиясына тапсырыс түсті. Электростанция клиенттерінің 3% күн
энергиясының биржасына қатысады. Үлкен сұраныстың арқасында алғашқы
биржаның басталуынан кейінгі 20 ай ішінде жалпы қуаты 365 мың квт.с.
болатын 16 жаңа күн қондырғыларын қосу мүмкін болды, осы сияқты жалпы
желіге қосулар одан әрі үздіксіз жалғасуда.
Цюрих электростанциясы өзіне жеткізушілер мен клиенттер
рарасындағы белсенді делдал ролін алады. Ол күн энергиясын сатып алады,
сонан кейін оны қосмыша құнсыз барлық жеткізулердің
аралас бағасымен
сатады. Күн энергиясын жеткізушілер өз қондырғыларын салады және
оларды қала ішінде саылнған алаңдарда өз қалауы бойынша орналастырады.
Бұл үшін электростанция 20 жыл мерзімінде күн энергиясын тұрақты
бағамен сатуды кепіл етеді.
Раухалахти (Финляндия) қаласында мақсаты жылу мен электр тоғын
стандартты (көмір, газ) және баламалы (торф, биомасса, өнірістік қалдықтар)
көздерді пайдалан отырып өндіру әдістерін біріктіру болып табылатын жоба
іске асырылды. Жоба целлюлоз-қағаз өнеркәсібі және басқа да өңдеуші
өнеркәсіп өкілдерінің, сондай-ақ жергілікті билік органының қатысумен іске
асырылды. Кәсіпорындардың шығыс тесіктеріне қойылған фильтрлер
атфмосфераға шығарылатын зиянды заттардың көлемін екі есеге азайтуға
көмектесті. Жоба жылу көзі ретінде өндірістікжәнеқаланың тіршілік әрекеті
қалдықтарын қолданудың негіздемесін растады. Азғана инвестицияларға
қарамастан, мұндай кәсіпорындар рентабелді және үздіксіз
энергия өндіру
тұрғысында сенімді болып шықты.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұрақты даму концепциясы алғаш рет қай қалада
қабылданды?
2. Қоршаған орта мен орнықты даму конференциясы қай
қалада болды?
3. Осы конференцияда қабылданған шешімдер қандай?
4. Неліктен жел және күн энергиясын пйдалану қолға
алынды?
Достарыңызбен бөлісу: