Сабақтың мақсаты: Оқушылар: судың тіршілік үшін маңызын біледі; ауызсуды үнемді пайдалану қажеттігін түсінеді


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?



бет111/153
Дата16.10.2023
өлшемі16,35 Mb.
#115898
түріСабақ
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153
Байланысты:
10 кмж обнавл

Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?
Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
- Саралау сабақ мақсатын жоспарлаудан бастау алып, оқушылардың көпшілігі, басым бөлігі, кейбір оқушылар үшін қол жетімді тапсырмаларды орындауға бағытталып, өз кезегінде көрініс табады деп ойлаймын.
- Сабақ барысында оқушылар деңгейін ескере отырып құрылымдалған шағын топтарға топтастырудан басталады.
- Үй тапсырмасын тексеру барысында "Табақ тарту" әдісін қолданып деңгейлік тапсырмалар орындауға мүмкіндік беріледі.Бұл саралау оқушылардың қажеттілігіне қарай бағытталған.
- Ресурс немесе мәтін бойынша саралау сабақ ортасында топтық жұмыста көрініс тапты. "Оқы, ізден, талқыла"әдісі қолданылып, ынтымақтастық оқыту жүзеге асырылды, қабілеті орта оқушы өзінің құрбысынан көмек алуға мүмкіндігі бар, ал қабілетті оқушылар өз ойы мен идеясын асыру арқылы топ жұмысына үлесін қосады.
-"Қызыл лента" әдісінде оқушылардың бәріне бірдей сұрақтар қойылып, әр оқушы өз деңгейінде жауап беріп, нәтиже немесе жауап бойынша саралау жүргізіледі.
-Сабақты қорытындылау мақсатында құрастырылған қалыптастырушы бағалау тапсырмасы құрылымы да қарапайымнан күрделіге қарай құрылымдалып жасалынған, әр оқушының білім деңгейін саралауға бағытталған.
-Оқушының дербестігі мен жауапкершілігі бойынша саралау барысында өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау оқу процесінде ("Блоб ағашы", "Екі жұлдыз, бір тілек")байқалады.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырысыз?
- Қалыптастырушы бағалау - сабақтың өн бойында жүргізіледі, мұғалімге сынып оқушыларының білімін қадағалауға, ал оқушыға өз оқу жетістіктерін өздері бақылап, одан әрі өзінің даму бағытын анықтауға мүмкіндік береді.
-Үй тапсырмасын тексеру барысында топтарды бағалау үшін "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі қолданылды, топ мүшелерінің берген жауаптары бойынша , екі құнды деп таныған мәліметтерін және бір тілек- жақсартуды қажет ететін тұстары туралы ұсыныс береді.
- Мәтіндегі суреттерді талдау тапсырмасы бойынша әр оқушы өз-өзіне қай деңгейде тұрғанын бояу арқылы бағалау жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет