Сабақтың мақсаты: Сабақтың типі: Түсіндіру, жаңа сабақ ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу



бет16/22
Дата23.11.2022
өлшемі206,35 Kb.
#52149
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Саб. жосп.геог.өлкетану

ҮІІ. Сабақты бекіту: Аудандағы халықтың басым көпшілігі қазақтар (87,6%), одан басқа орыстар (7,8%), татарлар (1,1%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Халықтың орташа тығыздығы1 км²-ге шаққанда 6,6 адамнан келеді, басым көпшілігі (87 – 89%-ы) ауданның оңтүстігінде қоныстанған. Мұнда 1 км²-ге 18 адамнан келеді.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: Ауданның өнеркәсіп өндірісі
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ауданның өнеркәсіп саласы жайында мәлімет беру.
2. Оқушы санасынан өлке деген сөзге түсініктеме беру арқылы олардың ой – өрісін дамытып , өзіне деген сенімін пәнге деген қызығушылығн арттырады.
3. Адамгершілікке ,Отанның сүюге , еңбекке баулу арқылы адам өзінің мемелекет қазынасы екендігін түсінеді.

Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеп сабаққа назарын аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақты әр түрлі карточкалар арқылы қайталау
ІІІ. Жаңа сабақ: Ауданның өнеркәсіп өндірісі
Т.Рысқұлов ауданындағы «Луговой жылқы зауыты» ЖШС жаңа технологиялармен жұмыс істеу үстінде. Ірі қара мал оның ішінде түйе, жылқы, сиыр, қой өсіру шаруашылығының жаңа үлгілері қалыптастырылып қолға алынып өз нәтижелері жемісін беруде.Луговой жылқы зауыты» ЖШС облыс агроөнеркәсіп саласында өзінің орнықты орны бар, іргелі шаруашылық болып табылады. Шаруашылық тізгінін қолына алғалы бері кәсіпкер Халит Базаралиев уақыт сұранысына сай өңірге үлкен инвестициялар тартуда. Соның арқасында серіктестік асыл тұқымды мал өсіру, егін егу, шөл және шөлейтті аймақта өсімдік, балық және құс шаруашылығын өркендету, нан өнімдерін өндіру, кірпіш, шағалтас және басқа құрылыс материалдарын шығару бағытында ауқымды жұмыстар атқарып отыр. Серіктестіктің «Ақалтеке» және ағылшын тұқымдас сәйгүліктері де көздің құрты. Қазір мұнда 120 бас таза қанды жылқы бар. Сондай-ақ, шаруашылық асыл тұқымды шошқа өсірумен және оның етін өндірумен айналысады. Ол үшін 30 мың бас «талпақ танауға» арналған бордақылау алаңы бар. Оған мемлекет тарапынан 3,4 миллиард теңге несие бөлінді.Серіктестіктің бәрекелді дегізетін тағы бір бастамасы, балық өсірумен де шұғылдануы. Қазір онда балық зауыты құрылысы қолға алынды. Болашақта серіктестік зауытында тауарлы балық өнімдері, оның ішінде жоғары сапалы уылдырық өндіріле бастайды. Сол секілді 96 жылыжай құрылысын жүргізуге «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы қаржылай қолдау көрсетіліп, жылыжай құрылысы басталып кетті. Осында, сонымен бірге, Алатау тұқымды 500 бас сиыр бар. Оның әрқайсысынан жылына 6 тоннадан сүт өндіріледі.«Шәушен» шаруа қожалығы болса асыл тұқымды «Еділбай» қойларын және текті тұқымнан шыққан тұлпарлар өсірумен шұғылдануда. Сонымен бірге, 4000 гектар жерге дәнді дақылдар өсіруде. Шаруашылықтың басшысы егіншілікті ғылыми негізде жүргізіп, жоғары сортты тұқымнан жыл сайын мол табысқа кенелуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет