Сабақтың тақырыбы: Ауданның тарихы Сабақтың мақсаты: 1.Құлан өңірінің географиялық орны турал деректер
2.Құлан өңірінің географиялық жағдайымен таныстыру
3.Иманылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі:Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылырды түгендеп, сабаққа назарын аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: Өткен сабақ бойынша сұрақтар қою
Т.Рысқұлов ауданының жер көлемі қанша ?
Құлан ауылының әкімшілік теориялық бөліміне не жатады?
ІІІ. Жаңа сабақ: Құлан өңірінің географиялық орны Т.Рысқұлов ауданы (бұрынғы Луговой) 1938 жылы 4 наурызда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының жарлығымен Меркі ауданынан бөлініп, өз алдына шаңырак көтерді.Сол уақытта 27 ұжымшар, 2 кеңшар болған. Олар 10 ауылдық аймаққа біріккен. Қаланы археологикалық тұрғыдан зерттеу ісі 19 ғасырдың соңында В.В. Бартольдтың жетекшілік етуімен басталды. Алғашқы археологикалық қазба жұмыстарын 1936 жылыКСРО Ғылым Академиясының Қазақ бөлімшесі мен Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі А.Н. Бернштам) жүргізді. Қазба жұмыстарының нәтижесінде алғашқы отырықшы қоныстардың Луговой төңірегінде 1-ғасырларда пайда болғаны анықталды. 1963 – 65 жылдары Жетісу археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Ақышев) қаланың айналасындағы төбешікке қазба жұмыстарын жүргізді. 1987 жылыҚазақстан Ғылым Академиясы тарихи және мәдени ескерткіштер жөніндегі археологиялық экспедиция (жетекшісі К.Байпақов) Луговой “А”, “В”, “Г” қамалдарына қазба жұмыстарын жалғастырды. 7 ғасырдың 1-жартысына жататын жазба деректерде Құлан қаласы туралы айтылады. Қытайдың Сюан – Цзян жол бағдарламасында және Таң әулетінің тарихында қала Цзюи – Лан деп аталған. Ол туралы 8 – 10 ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан қалаларды сипаттаған араб авторлары да жазып кеткен. Араб географы әл-Мақдиси: “Құлан – бекініс қала, онда мешіт бар” деп жазған. Географиялық сөздіктің авторы Якут өзінің 13 ғасырдың 20-жылдарында құрастырған еңбегінде қаланың түрік елінің Мәуераннахр жанындағы шекарасында орналасқанын айтады. Құланда көптеген тарихи оқиғалар өтті.