ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Географиялық орны
Сабақтың мақсаты: 1.Құлан өңірінің географиялық орны турал деректер
2.Құлан өңірінің географиялық жғдайымен таныстыру
3.Иманылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа назарын аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақты қайталау мақсатында карточкалармен жұмыс.
ІІІ. Жаңа сабақ: Географиялық орны
Аудан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа темп-расы –6 – 8ӘC, шілдеде 22 – 26ӘC. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан.
ҮІІ. Сабақты бекіту: Тұрар Рұсқылов ауылында 68 ескерткіш, оның 3 тарихи, 7 монументті-архитектуралық және 54 археологиялық ескерткіштер тіркелген. Аудан жерінен Түрксіб, Луговой – Бішкек темір жолы өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: |