ҮІІ. Сабақты бекіту: Географиялық алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. География ғылымы көптеген салаллық бөлімдерден құралған.
ҮІІІ. Үйге тапсырма беру: Оқып келу.
Сабақтың тақырыбы: Құлан өңірінің географиялық орны
Сабақтың мақсаты: 1.Құлан өңірінің географиялық орны турал деректер
2.Құлан өңірінің географиялық жғдайымен таныстыру
3.Иманылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Сабақтың типі: Аралас сабақ
ІҮ. Сабақтың әдісі: Әңгімелесу
Ү. Сабақтың көрнекілігі: Кітап, карта т.б
ҮІ. Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу,Сабаққа назарын аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Өткен сабақты еске түсіру үшін Географиялық өлкетану ұғымы туралы сұрақтар қою арқылы еске түсіру
«География» қай тілден енген, және қандай ұғымды білдіреді?
Географияның зерттеу нысаны не?
Географияны зерттеудің басты міндеті не?
ІІІ. Жаңа сабақ: Құлан өңірінің географиялық орны
Тұрар Рысқұлов ауданы – Жамбыл облысының оңтүстігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлініс. 1938 жылы Луговой ауданы болып құрылған. 1999 жылдан қазіргі атымен аталады. Жер аумағы 9,1 мың км². Тұрғыны 63 878 адам (2010). Аудандағы 43 елді мекен 4 ауылдық және 1 кенттік округке біріктірілген. Аудан орталығы – Құлан ауылы удан аумағының басым бөлігі жазық, тек Оңтүстік ғана таулы. Мұнда Қырғыз Алатауының Ашамайлы, Қорғантас, Қарақыр, Көкқия, Көгершін, Шөңгір, Құттыжан, Ойранды, Шал, Қайыңды, Сөгеті, Мамай, Қарауылшоқы және Көкдөнен таулары орналасқан. Ауданның солтүстік Мойынқұм шөліне ұласып кетеді. Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы біршама жұмсақ, жазы ыстық, солтүстік қуаң. Ауаның қаңтар айындағы орташа темп-расы –6 – 8ӘC, шілдеде 22 – 26ӘC. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 250 – 350 мм, таулы бөлігінде 500 мм-ге дейін жетеді. Аудан жерінен бастауын Қырғыз Алатауынан алатын Қорағаты, Қарасу, Шалсуы, Жарлысу, Талды, Қарақыстақ, Әулиебұлақ, Қорғантас, Қарақат, Шөңгір, Көкдөнен, Қайыңды және Сарыбұлақ өзендері ағып өтеді. Аудан аумағында аумағы шағын келген (5 км²-ден аспайтын) Белогорка, Байтелі, Шілік, Ақкүшік, Мақбел, Әбілқайыр, Қосапан, Сұңқайты, Сандықкөл, Мөңке, Қарамақау, Көккөл және Қалғанкөл көлдері бар. Тау бөктері қара, қызғылт қоңыр, қоңыр топырақты (тәлімі жердің 80%-ы осында), орталығында сұр, сортаңды сұр, солтүстігінде құмды, құмайтты топырақ қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |