Сабақтың тақырыбы: Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау

бет3/27
Дата13.01.2023
өлшемі1,19 Mb.
#61241
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
ІV. Кіріспе инструктажы.
Техникалық тазалық ережелерін еске түсіру, инструкциялық карталар тарату.
V. Сарамандық жұмыс.
Оқушылармен егіншіліктің қарапайым топырақты өңдеу жолдарын жасап үйрену. Бұл егіншіліктің алғашқы кезеңіне тән ерекшелік. Тың жерді көп жылдық шөптерден тазартып, ол жерді қайта жыртады. Міне, егіншіліктің қарапайым жүйесін осылай асырылатынын үйрендік. Тыңайтқыштар араластырып екі қайтара аударып, білімімізді дамыттық.
Құрал – саймандар: күрек, тырма, тыңайтқыш.
VІ. Бекіту инструктажы.
Сабақты қорытындылау.
Оқушыларға бүгінгі егіншілік жайлы білгендерін қорытындылау.
1. Қазіргі кезде қолданып жүрген егіншілік жүйесі қаншаға бөлінеді?
2. Тың жерге тән қандай қасиеттер бар?
3. Егіншіліктің инсентивті түрі қай ғасырда қай жақта пайда болды?
Бағалау.
Оқушылардың біліктілігін, еңбегін бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Егіншілік жайлы оқып, мәлімет жинап келу.

4 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы

  • Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру. 

Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың икемділігін, іскерлігін, шеберлігін қалыптастырып, ұқыптылыққа баулу. 
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларға еңбек және эстетикалық тәрбие беру. 
Сабақтың түрі: Сарамандық сабақ. 
Сабақтың оқыту әдісі: Әңгімелесу, сарамандық және өз бетімен жұмыс істеу. 
Көрнекілік: пышақ , сызғыш, қалам. 
Жоспары: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
а) Оқушыларды түгелдеу 
ә) Жұмысты ұйымдастыру 
2. Өткен материалды қайталау. 
3. Жаңа сабақ. 
4. Сарамандық жұмыс 
5. Бекіту 
6. Бағалау 
7. Үйге тапсырма 
Сабақтың барысы: Өткен тарихымызды білмей бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата – бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан – теңіз. Ата – баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына. Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу, бағалай білу біздердің, кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматық, ұлттық парызы. Қасиетті қазақ даласында талай ұста, зергер, құсбегі, сал – сері, тігінші, өрімші, балгер – бақсы өтті. 
Өкше басар ұрпаққа әлеуметтік мұра болып қалған Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Жамбылдағы Айша бибі, Қарахан, Ұлытаудағы Алашахан, Аякөз бойындағы Қозы Көрпеш – Баян Сұлу зираттары да ертедегі қазақтардың сәулет өнерінің асқаншебері бола білгенін дәлелдейтін тарихи айғақ. Есіктегі «Алтын адам» қаңқасы, Түркістандағы «Тайқазан» да ертедегі ата бабаларымыздың ағаш пен сүйектен, жүн мен теріден түйме түйетін, «алтынды аптап, күмісті күптеп» зергерлік әшекей заттар жасаушы, он саусағы өнерлі шеберлердің болғанын дәлелдей түсетін фактілер. 
Қазақ халқының өткендегі мәдениетіне үңілсек, күнделікті тұрмыс қажетін өтейтін қолөнердің жете дамыған түрлі салалары болғандығын көреміз. Айталық, киіз басу, киіз үйге қажетті бау –басқұр, алаша, кілем, аяққап тоқу, сырмақ сыру, кесте тігу, ағаштан ойып ыдыс – аяқ, ер тоқым жасау, тері илеу, асыл тастардан сәндік бұйымдар жасату (зергерлік өнер), қара темірден тұрмыстық, шаруашылық құралдарын жасау қолөнердің тамаша туындылары болды. Бұлардың бірсыпырасы қазіргі дәуірімізде де өз маңызын жоймағаны анық. Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді. 
- Ағашты өркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Мысалы: СТД – 120 м станогымен жұмыс жасауға қатты ағаш түрлері дұрыс. Сондықтан жасалатын бұйым түріне қарай ағаштың механикалық, физикалық жағдайларын білу керек. 
Жұмысқа бұтақсыз ағаш түрлерін таңдап, қажетті өлшемін кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді. 
Өрнек дегініміз – кез – келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. 
Ал ою дегеніміз – бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе бұйымды шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. 
Мөлтек ағаштан тұтас шабылатын келі – келсап, аяқ – табақ, саптыаяқ, ожау сияқты бұйымдарды жасау тәсілін жұмырлап ою дейді. 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады. 
- Бұйымның негізін талаптарға сай тазалау. 
Бұйымның барлық бөліктеріне өрнекті жоспарлау, үлгісін жасау. 
Өрнектерді кесу. 
Бұйымдарды бояу, оған әр беру, лактау. 
Әдебиет пен өнерде композиция деген түсінік бар. Ол жүйелеу, үйлестіру деген латын сөзі. Өнердің барлық саласында композиция өте күрделі ұғым және шығармашылық арқау. 
Сарамандық жұмыс: 
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу үшін композициялық пішін арқылы жаттығып көреміз. 
Үш бұрыш тұмарша түріндегі өрнектерді тақтай бетіне салып үйренеміз. Ол үшін ойға алған мақсатымыз сәтті шығу үшін қауіпсіздік ережесін білу керек. 
Ағашты қолмен өңдеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері. 
Жұмысқа дейін 
Жұмыс киіміңді киін (фартук, халат) 
Жұмысқа қажетті құрал саймандарыңды түгендеп, мұқият тексер (верстактың қысқыш қораптарын, тіреуішін т.б) 
Жұмыс орныңды, саймандарыңды ережеге сай орналастыр. 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Жұмыс кезінде 
Жұмыс киіміңді дұрыс кейін (фартук, халат) 
Станогті тексер (қайысты берілістің қорғаныш бөліктері, жермен жалғанысты) 
Жұмыс орныңда артық ешнәрсе тұрмасын. 
Дайындаманы мұқият тексеріп (көз, жарық т.б.) станокқа дұрыс бекіт. 
Кескіш тіреуіштің биіктігін дайындаманың центрлік сызығына дәл келіп, ара қашықтығы 2 – 3 мм. болсын. 
Жүзін тексер. 
  
Кесу жұмысын станок толық күшімен айналған соң баста. 
Пышақты (кескішті) дайындамаға күш түсірмей, аздан тос. 
Пышақты (кескіш) тіреуішпен дайындаманың арасын қалыпты жағдайға келтіріп отыр (2 – 3 мм.) 
Жарақат алмас үшін: 
а) станокқа қатты басты еңкейтпе; 
ә) станок үстінен алыс – беріс жасама 
б) өлшеу жұмыстарын станок толық тоқтаған соң орында; 
в) қолыңмен тоқтатушы болма; 
г) жұмыс істеп тұрған станокті тастап кетпе. 
Жұмыстан кейін 
Жұмыс орныңды ретке келтір. 
Станокті тазалап мұғалімге тапсыр. 
Өзіңді ретке келтір.
5 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Табиғи материалдармен жұмыс істеу

  • Сабақтың мақсаты: Оқушыларды табиғаттан алынатын табиғи материал түрімен таныстыру.

Өсімдік дәндерінен бұйымдар жасауды, әр түрлі пішіндік композиция құрастыруды меңгерту.
Табиғи материалмен жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік ережесімен таныстыру.
Көрнекілігі: табиғи материалдар, дәндер, интерактивті тақта. қайшы, желім, сым темір, ермексаз, үлгілер.
Әдісі: жаңа сабақ, түсіндіру, талдау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру.
Қарағай ағашы туралы не білеміз
2. Табиғи материалдармен жұмыс істеуге қажетті құрал-жабдықтар:
Қол арамен ағаш кеседі.
Түрпімен материал бетін тегістейді.
Зімпара қағазбен материал бетін тазалайды.
Пышақпен майда материалдың ұшын шығарады.
Қарындашпен белгі салады.
3. Ағаш материалына қалай белгі саламыз.
 Шеті түзу, жарылмаған ағаш таңдаймыз
 Керекті ұзындық өлшеніп, тақтайдың бір шетінен бастап белгі саламыз.
 Ағашты белгі салынған жерден қоларамен кесеміз.
 Ағаш тайып кетпес үшін қосымша жабдық пайдаланамыз.
III. Қызығушылықты ояту
- Балалар, біз әр таңымызды көтеріңкі көңіл-күймен қарсы аламыз. Сүйікті Отанымыздың көк байрағы шұғылалы күн аясында желбірейді. Арайлап тағы бір таң атты. Айналамызға көз салаықшы.
- Қазір жылдың қай м езгілі?
Олай болса осы әсем табиғат аясында серуендеп қайтамыз деп
« Тоғай сәулеті» деп аталатын көрмеге аттанамыз.
IV. Жаңа сабақ.
Мына заттар қалай аталады?
Табиғи материалдар
Органикалық (жанатын) Бейорганикалық (жанбайтын)
Өсімдік тектес табиғи материалдар Сазбалшық, құм, бор, ермексаз, жұмыр тас, қайыршақтар т. б
Біздің республикамыздың әртүрлі аймағында сол жерге тән өсімдік тектес және бейорганикалық табиғи материал бар.
Табиғи материалдардан жасалған бұйымдардың бөлшектерін жапсыру, біріктіру үшін ермексаз, тіс тазалағыш, аылшын түйреуішін пайдаланамыз.
Табиғи материалдардан композиция құрастырамыз.
«Аққулы көлде» композициясы.
- Аққу қандай құс?
Сарамандық жұмыс
• Қатырма қағазға көк түсті қағаз жапсыру.
• Жұмыртқадан аққу бейнесін жасау
• Құстың мойнын жұмсақ темірден иіп, денесіне ермексазбен біріктіру
• Көл бетіне орналастыру
• Айналасын кептірілген өсімдіктермен әсемдеу.
Топтық тапсырма
I топ
Құмыраны әшекейлеу
ермексаз, моншақ,
жеміс сүйектері
Құстар туралы не білеміз?
II топ
Кірпі жасау
шемішке дәні, ермексаз
o Қазақстанда құстардың 480 түрі бар
o Табиғатқа сән береді
o Олар ағаштағы, жердегі зиянды жәндіктерді жейді.
o Ән салып, көңіліңді көтереді.
o Құстар жемі азайғанда жылы жаққа топталып ұшады.
o Көктемде оралады, ол жақ жылы болады, жұмыртқа шіріп кетеді.
o Бақтың сәні
o Құстарды атуға, жәбірлеуге болмайды.
Уақытың болса тыңдап ал
Құс сұлуы.................................3-4 жасқа дейін сұр қу болып өседі»
...............................30-40 жыл өмір сүреді Қардан да аппақ, үш түс бойынан табылады.
.................................Өте тату құс
«Бесік баласы бес түлейді».......................... Көлде жүзіп келе
деген мақалға сай ол да................................жатқанда үйрек-қаз
3-4 жыл түлеп, шын....................................шетке ысырылып жолды аққуға
айналады................................................береді екен
Сабақты қорытындылау
Табиғи материалдар туралы не білеміз?
Көктемгі гүлдерден, өсімдіктерден не жасауға болады?
Бағалау
Үйге тапсырма
«Аққулы көлде» композициясын жасау

7 сабақ. Сабақтың тақырыбы: Ағаш кептіру.(практика)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет