Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет29/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Сабақтың жоспары:
1.Адамның биологиялық ырғақтары.
2.Тәулік бойы жұмысқа қабілеттіліктің өзгеруі.

Тірі ағзаларға тән ырғақ – биологиялық ырғақ деп аталады. Биологиялық ырғақ белгілі бір уақыт аралығында ағзада қайталанып, оның тіршілік әрекетіне әсер етеді.


Жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың дамуы тікелей ғарыштық факторлардың әсері арқылы жүріп отырады. Әсіресе, Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі тірі ағзаларға ерекше әсер етеді. Адам ағзасының ішкі ортасы күн сәулесі белсенділігінің ауытқуына сәйкес өзгеріп отырады. Мысалы, магниттік толқынның әсерінен адамның қан қысымы өзгереді, орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады. Күн сәулесі белсенділігінің өзгеруі адамның шығармашылық жұмыстарына да әсерін тигізеді.
Тірі ағзаларда болатын ырғақты зерттейтін ғылым – хронобиология (грекше «chronos» – уақыт) деп аталады. Кейде бұл ғылымды биоритмология (грекше «bіos» – тіршілік, «rhytmos» – ырғақтылық) деп те атайды.
Ырғақтылық – тірі ағзаларға тән қасиеттердің бірі. Биологиялық ырғақтылық арқылы ағзалар сыртқы орта жағдайларына бейімделіп өседі, дамиды, тіршілік етеді. Адам ағзасындағы ырғақтылықтың үйлесімділігі жүйке және эндокриндік жүйелер арқылы реттеледі. Сонымен бірге адам ағзасы қызметінің ырғақтылығын реттеуде әлеуметтік факторлардың да маңызы зор. Адам белгілі жұмыс тәртібіне, қоғамдық мекемелердің жұмыс ережесіне бағынады.
Жылдық ырғақ жыл маусымдарының алмасуымен тікелей байланысты. Температуралық өзгерістер, күн мен түннің ұзақтығы, құрғақ және ылғалды маусымдық өзгерістер басты рөл атқарады. Жылдық маусымдардың алмасуына сәйкес адамда зат алмасу, жылу реттелу, жұмыс істеу қабілеттері өзгереді. Күз бен қыста ағзаның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмендейді.
Апта ішінде де ырғақтылық өзгеріп тұрады. Сондықтан да ерте кездерден бастап-ақ апталық күн тәртібі белгіленген. Осыған сәйкес адамның жұмыс істеу қабілеті де өзгеріп тұрады. Әрбір 5–7 күн аралығында ағзадағы зат алмасу, орталық жүйке жүйесінің қызметі өзгеретіндігі анықталған.
Адам ағзасында тәуліктік ырғақ айқын байқалады. Күн мен түннің ауысуы ұйқы мен сергектілікке, жалпы зат алмасуға ерекше әсер етеді. Көптеген аурулар тікелей тәуліктік ырғақтың бұзылуынан пайда болады. Тәуліктік ырғақ бұзылмау үшін дұрыс тамақтану, белгілі бір уақытта ұйықтау, тынығып алу қажет.
Ұйқы және оның маңызы. Адам күндіз белсенділік көрсетіп, сергек жүреді. Түнде ұйықтап демалады. Адам өз өмірінің үштен бір бөлігін ұйқымен өткізеді. Ұйқы кезінде зат алмасу бәсеңдейді, жүректің соғу жиілігі баяулайды және т. б. Дегенмен де, ұйқы белсенді түрде жүретін психикалық және физиологиялық процесс. Ұйқы мидың үйлесімді қызметінің бір көрінісі. Ұйқы кезінде ми күндізгі алған ақпараттарды асықпай талдап, ертеңгі қызметіне қажетті бағасын белгілейді. Ұйқы арқылы ағза өзінің жұмыс істеу қабілетін қалпына келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды белсенді түрде пайдаланып, энергия жинақталады. Ұйқының белгілі бір уақытында мидың белсенді қызметі күндізгіден де артатындығы анықталған.
Адам сусыз және ассыз бірнеше күн, тіпті бірнеше апта өмір сүре алады. Ал оның ағзасына оттегінің түсуін небәрі бір-екі минутқа тоқтатса, бірден көз жұмады. Осыған қарап, адам өмірі үшін оттегінің қаншалықты маңызды екенін айтпасақ та түсінікті болар. Заманауи озық тәсілдердің арқасында мұндай оттегі жетіспеушілігін толықтыратын құрылғылар да ойлап табылған, соның бірі – барокамера.
- Гипербарикалық оксигенация – бұл барокамераларда жоғары қысымда оттегімен емдеу тәсілі. Аталмыш амал белгілі физиологиялық механизмдер бойынша тканьдарға газдардың сіңуі мен таралуын реттейтін физика заңдылықтарына негізделген. Шынымен де, оттегінің жетіспеуі өте қауіпті. Оттегі жеткізілуінің бұзылуы байқалған барлық сырқаттар кезінде дәл сол орган тканьдарының гипоксиясы (оттегілік ашығуы) дамиды. Мұндай жағдайда, әсіресе, ми мен жүрек өте сезімтал келеді. Гипоксия процесі әртүрлі себептерге байланысты орын алады. Яғни қан тамырлардың, қанмен қамтитын органдардың өтімділігі бұзылса, гемоглобин төмендесе, оттегілік ашығу пайда болады. Оған өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Кейде таза оттегімен тыныс алудың өзі зақымдалған органның оттегілік ашығуын төмендете алмайды. Міне, осы орайда гипербарикалық медицинаның пайда болуы дәрігерлерге көп көмек беруде. Барокамераның көмегімен оттегінің жоғары қысымын жасауға мүмкіндік туды. Осылайша, ағзада оттегі жетіспеушілігін жоюға жол ашылды. Негізінен, барокамерамен емдеу қосымша, көмекші тәсіл болып табылады. Ауруханамыздың гипербарикалық оксигенация кабинетінде емдеу шаралары БЛКС-307 барокешенді озық үлгідегі бірегей аппаратта жүргізіледі. Бұл құрылғы Ресей елінде М.В.Хруничев атындағы мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығында жасалған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет