Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді



бет27/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Теориялық дайындық бағдарламасы кең көлемде болғаны дұрыс. Ол мынандай бөлімдерге бөлінеді:
1.Дене мәдениеті мен спорттың Қазақстанда дамуы, қоғамдағы рөлі.
2. Спорт түрінің пайда болуы, дамуы, қазіргі жағдайы.
3. Дене жаттығуларының адам ағзасына әсері.
4.Спортшының гигиенасы, тамақтануы, шынығуы, күн тәртібі туралы мағлұматтар.
5. Дәрігерлік бақылау өзін-өзі бақылау, жарақаттарды болдырмау, емделе білу жолдары мен спорттық массаж.
6. Спорттық жаттықтырудың негізгі әдістемелері.
7. Спортшының жалпы және арнайы дене қуаты дайындығы.
8. Спортшының техникасы, тактикасы және оларды жетілдіру әдістері.
9. Спорттық жаттықтыруды жоспарлау.
10. Спорт түрінен өткізілетін жарыс ережесі.

Жоғарғы спорттық көрсеткіштерге жету үшін спортшы көп жылдар бойы 10 жылдан артық мөлшерде үзіліссіз жаттығуы керек. Сонымен қатар менің пікірім бойынша спортшыларды отаншылшылдыққа тәрбиелеу басты мақсат болса, отаншылдық сана, отаншылдық сезім, отаншылдық іс-әрекет, отаншылдыққа өзін-өзі тәрбиелеу оның бас­ты бағыттарын құрайды. Ал оның міндеттері өсіп келе жатқан жас буындардың ар, ұждан, намыс, құрмет, сүйіспеншілік сана-сезімін ояту, орнықтыру әрекеттерімен анықталуға тиіс. Осылардың барлығы жинақталып тұлғаны ерлік, батырлық, қайырымдылық, мейірімділік секілді ізгі істерден көрініс бермек. Спортшылардың отансүйгіштігін қалыптастырудағы қазақ балуандары ерлігін, өмірінің маңыздылығын терең түсінеді, оларға тұрақты қызығушылық тудырады және оны эмоциялы түрде қабылдайды, халық педагогикасы құндылықтары негізінде терең білім алады және патриоттық тәрбие ісінде оның маңызын толық сезінеді, патриоттық сипаттағы мазмұнды еркін талдайды, талқылау барысында өз позициясын дәйекті түрде қорғайды, мемлекеттік рәміздерге терең құрмет көрсетеді.
Спортшының психологиялық дайындығы
а) Психиканы жарыс жағдайына адаптация­лау.
ә) Күшті спортшылардың концентрация, көздеу техникасы, психологиялық дайындығынан мысалдар келтіру. Оқушыларға берілген тапсырма бойынша мәліметтер жинақталып, өздеріне ұнаған мысалдарды ортаға салу.
б) Аутотренинг. Аутотренинг жарысқа дейін біраз уақыт бұрын жасалады. Егер жарысқа аз ғана уақыт қалған болса, онда да жақсы эффект береді.

Толық босаңсу жағдайына келу. Алда болатын жарысты анық әрі дәл елестету үшін жарыс алаңы туралы толық ақпарат жинау қажет. Егер мүмкіндік болса сол жерге бару керек немесе фото-бейне материал арқылы немесе сөзбен жеткізу қажет.
Жарыс алаңын көзге елестету арқылы сол жердің жағдайына бой үйретіледі. Одан соң спортшының психологиялық күйіне кері әсер етіп тепе-теңдіктен шығаратын сәттер қағазға түсіріледі. Олар пайда болу мүмкіндігіне және психикаға әсер ету күшіне қарай жіктеледі. Содан соң осы факторларды ескере отырып, олармен жарыс кезінде болғандай етіп ойша бастан өткеріледі. Бұл жүректің жиі соғуына жеткілікті. Бірнеше жаттығудан кейін сіздің жарыс алаңына келуіңіз сіздің жай-күйіңізге ешқандай әсер етпейтінін байқайсыз, жүрегіңіз тыныш соғатын болады.
Бұл жағдайға байланысты адаптация жасалды деп айтуға болады, сондықтан келесі пунктке көшеміз: мәселен садақ атуды алайық, бірінші есептік ату және ары қарай. Уақыттың көбі мейлінше мүмкін боларлық факторларға беріледі. Соның бірі – әрине «10»-ға көбірек тию. Егер сіз көңіл-күйіңізді жоғары нәтижеге келтірсеңіз, онда көп оғыңыздың «ондыққа» тию мүмкіндігі артады да, сіз бұған дайын болуыңыз қажет. Жарыс жағдайын модельдеу кезінде ең бастысы сәл ғана қозу пайда болғаны дұрыс, содан соң осы күйде атысты елестетеміз. Жай ғана атысты емес, атап айтқанда дұрыс атудың бұлшық ет сезімін. Бұл жаттығулардың пайдасы мынада, спортшының психикасы жаттығып, одан әрі алдағы жұмысты табысты орындауға бағдарламаланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет