Жаттығулардың максаттары орындалу үшін алдымен мынадай мәселелер шешілуге тиісті: 1. Өзі таңдаған спорт түрінің әдістері мен жаттығу тәсілдерін үйрену.
2. Адам ағзасының мүмкіншілігін жетілдіру жолында алға қойған мақсаттарды орындау.
3. Психиканы кемелдендіру, дұрыс тәрбие алу, мінез-құлықты қалыптастыру, спорт саласындағы озық жетістіктерді үнемі пайдаланып отыру.
4. Ілімге сүйене отырып жаттығуларды пайдалы ұйымдастыра білу.
5. Жаттығулардың тиімділігін арттыру үнемі жақсы бапта болу. Осы мәселелердің жиынтығы жаттығулардың мазмұнын байытады, жоғары көрсеткіштерге жол ашады. Психологияда спортшыға айтылу қажет сөздер: Мен сенімдімін,Мен бақылаймын, Мен батырмын және тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер қорықпаймын, толқымаймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы оны қорқу, толқу деп қабылдау мүмкін.
Қорытындылай келе спортшы қоғамдық орында өзін-өзі ұстауға дағдыланып, тәртіптілікке, ұжымның мүддесін ойлау сезіміне тәрбиеленіп, басқа да, жақсы әдеттерді бойына сіңіру керек. Сонда ғана ол саналы азамат болып өседі деп айтқым келеді.
Бақылау сұрақтары:
1. Денені қыздырып икемге келтіру бөлімдері ?
2.
3. Спортшының психологиялық дайындығы?
4. Жаттығулардың максаттары орындалу үшін қандай мәселелер шешілуге тиісті?
Пайдаланған әдебиеттер: Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№14.Лекция
Сабақтың тақырыбы: Оттегі жетіспеушілігінің түрлері және олардың физиологиялық сипаттамасы.