Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


- Барокамера арқылы жасалатын оксигенация адам денсаулығына қалай әсер етеді?



бет30/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

- Барокамера арқылы жасалатын оксигенация адам денсаулығына қалай әсер етеді?
- Физика пәнінен баршаға белгілі, газдар қысымның күшімен сұйықтықта жақсы ериді. Демек, барокамера жағдайындағы оттегі плазмада және тканьаралық сұйықтықта ери отырып, гемоглобин жетпей тұрған ағзаға барынша көп көлемде түседі. Сөйтіп, зақымданған ағзаның оттегілік ашығуын жоюға болады әрі оның дұрыс жұмыс істеп, ауру қоздырғышына қарсы тұруына мүмкіндік туады. Гипербарикалық оксигенация науқастың жағдайына бірқатар тиімді әсер етеді. Мәселен, ісінуге, аурудың қозуына қарсы тұра алады, қантамыр капиллярларының кеңеюіне ықпал етеді. Бұл тәсілді қолданудың тағы бір артықшылығы, дәрі-дәрмектік заттарды пайдалануды барынша азайтуға жол ашады. Науқастың сырқатынан айығып кету мерзімін айтарлықтай қысқартады, әлсіз ағзаның аурудың салдарымен тиімді күресуіне көмектеседі. Адамның шаршауын шығарады, ауыр жұмыстан кейін күшін қалпына келтіруге ықпал етеді, бұлшық ет тонусын жоғарылатады, күйзеліске қарсы қабілетке де ие. Ластанған ауаның ағзаға кері ықпалын төмендетеді.
- Бұл тәсілді қандай сырқаттар кезінде қолдану керек?
- Гипербарикалық оксигенация тәсілін қолданатын сырқаттар аз емес. Аталмыш амалды қантамырлық ауытқушылықтар, жүрек ақаулары (жүректің ишемиялық ауруының аритмикалық жағдайында, стенокардия, аритмия, жүрек жетіспеушілігі, өкпе-жүрек жетіспеушілігі), асқазан-ішек жолдарының сырқаттары (асқазан мен тоқ ішектің жара аурулары, ішек аурулары) бойынша кеңінен қолданылады. Сонымен қатар өткір гепатит, созылмалы гепатит, бауырдың циррозы, бауырлық жетіспеушілікті, орталық және жүйке жүйесінің ишемиялық инсультын, бас сүйек-ми, жұлын жарақаттары сынды сырқаттарды емдеуде өте тиімді тәсіл болып табылады. Эндокриндік жүйенің ауытқушылықтары кезінде де барокамераның септігі мол. Бұл тәсілді ұзақ уақыт бітпейтін жараларды емдеуге, терінің ісіп-қызару ауруларына қолданамыз. Несеп органдары жүйесінің, өкпе мен кеңірдек тарамының созылмалы сырқаттарына ем-шараның тиімді болуына ықпал ету үшін барокамераның орны зор. Иісті газдан улануды емдеу жағдайында да кеңінен қолданылады. Науқасты сырқатынан неғұрлым тезірек сауықтыруға, иммунитетті арттыруға өте қолайлы. Дәрі-дәрмектің науқасқа әсерін жоғарылатады. Неврологияда бас ауруын емдеуге жақсы көмектеседі. Осындай ем-шарадан кейін науқастың ұйқысы жақсарады. Гипербарикалық оксигенациядан өткен науқастар жұмысқа қабілеттіліктері артып, көңіл-күйлері тұрақтанғандарын жиі айтады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет