Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


- Барокамераны қолдануға болмайтын жағдайлар бар ма?



бет31/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66
- Барокамераны қолдануға болмайтын жағдайлар бар ма?
- Гипербарикалық оксигенация жабық аппарат ішінде өтетіні белгілі. Науқасқа бұл сеансты белгілемес бұрын дәрігер оның хал-жағдайын мұқият тексереді. Себебі бұл тәсілді қолдануға болмайтын жағдайлар да жоқ емес. Мәселен, науқас жабық кеңістіктен қорқатын болса, құлақ аурулары, оның асқынуы, сіңірдің тартылу белгілері байқалса, яғни эпилепсия сырқатына шалдыққан жағдайда барокамераның көмегімен оттегі жетіспеушілігін жою сеансы белгіленбейді. Сонымен қатар, науқастың өкпе қуысында сары су, іріңді терең жара бары анықталса, қан қысымы жоғары, өткір суық тию сырқаттарына шалдықса, науқасты емдеуде бұл тәсілді қолдануға тыйым салынады.
- Барокамерамен емдеу қалай жүзеге асырылады?
- Науқасқа сырқатының күрделілігіне, емдеу мерзімінің ұзақтығына қарай 5-10 сеанс белгіленуі мүмкін. Оның денсаулығына қарай науқасқа қажетті деңгейде төмен немесе жоғары оттегі қысымы жіберіледі. Науқас енгізілгеннен кейін камера толығымен жабық болады. Мұнда оттегі қысымын, ауа құрамын қажетті деңгейде реттеп отыратын тетіктері бар. Камера ішіндегі науқаспен дәрігер телефон арқылы байланысып, жағдайын біліп отырады. Техникалық қауіпсіздікке сәйкес науқасқа арнайы киім кигіземіз. Жабық кеңістікте адамның өзін жақсы сезінуі үшін барлық жағдай жасалған. Науқаспен байланысу барысында оның өзін нашар сезінгенін білсек, сеансты бірден тоқтатамыз. Алайда тәжірибемізде мұндай жағдайлар көп кездескен емес. Науқас барокамера ішінде еркін отыра, жата алады. Шипалы оттегімен дем алады, сеанс барысында тіпті ұйықтауына болады. Әр сеанс ұзақтығы 40-60 минутқа созылады. Мұндағы қысым атмосфералық қысымнан жоғары болатындықтан оттегі науқастың бойына тез таралады. Қажетті оттегі барокамера ішіндегі адамға тыныс алу жолдары, тері арқылы жақсы енеді. Күніне орта есеппен 10 науқасқа осындай көмек көрсетеміз. Мұндай сеанстарды жылына екі рет, қажет жағдайда араға үш ай салып қайталауға болады.
Тамақтану физикалық жүктемемелер кезіндегі организмінің пластикалық және энергетикалық шығынын өтеудің және жұмыс қабілеттілік орнына келтірудің бірден бір маңызы табиғи шарасы болып табылады. Қазіргі замангы белокты тамақтану теориясы ойынша қалыпты тіршіліктерімен жұмыс қабілетілік үшін адам организміне жұмсалған энергия шығыныын өтейтін дәрежеде тағам өнімдері түсіп тұруы керек құрамындағы қоректік заттар мөлшері туралы таблицалар жеткілікті осыларды пайдалана отырып тренер мен дәрігер жаттығу немесе жарыс кезіндегі тағам рационын жасай алады. Спорт жарыстары кезінде ауыр жүктемелер болғандықтан тағам калолриялығын қалыпты кездегіге қарағанда 5-10 процентке ұлғайтып қабылданатын сұйық мөлшерін 0,5 – литрге көтеру керек белок құрамындағы глутамин қышқылы метионин,холин жарыстан кейін организмнің тез қалыпқа келуіне септігін тигізеді. Глутамин қышқылы сүтте, бидайда, тарыда көп болады. Метионин сүтте, тарыда, бауырда, сиыр етінде көп болады. Ал холин сиырдың піскен бауырында тілінде, жұмыртқаның сарысында, сояда, бұршақта және көптеген өсімдік текті азықтарда көп болады.
Тағам құрамында 20-25 проценттен артық май болса қарында оның қорытылуы қиындайды. Сондықтан жарыстың алдында жарыстан бір – екі күн өткенде жануар майларын тағамда шектеп көбінесе өсімдік майларын және көмір суларды көбірек қолданған жөн. Мұндай кезеңдерде оңай қорытылатын көмірсуларды мыс, жеміс жидектерді ара балын тағамға көбірек қолдану керек.
Кальций, фосфор, натрий, магний, темір элементтері бұлшықеттерде мида, жүректің бұлшық етінде өтетін процестерді реттеуде ферменттер витаминдер түзілуде оттегі тасымалдауда және басқада физиологиялық процестерді реттеуде үлкен роль атқарады. Спортшы қатты терлегенде әсәресе ыстық күндегі жаттығу мен жарыстарда пайдаланатын ас тұзының мөлшерін 5-7 граммға өсіру керек. Егерде спортшының тамыры тартылып қала берсе арнайы тұзды таблеткалар қабылдауы керек. Тағам тез сіңу және оңай қорытылу үшін сорпалар,шырындар аса пайдалы. Ішек микрофлорасын қалпына келтіруде ашыған сүт тағамдары және апельсин қабылдану керек.Тамақты тәулігіне 3-4 рет жаттығу немесе жарыстан кейін 1,5-2 сағаттан кейін ғана қабылдау керек. Тағам құрамындағы биологиялық бағалы заттар аз мөлшерде ғана болады. Сондықтан мұндай заттар аз көлемінде жинақталған препараттар қолданылады. Әсіресе витаминдер жетіспеушілік жиі байқалады.Бірақ жыл он екі ай витамин препарттан қабыфлдаған да зиян. Аэровит, ундевит, декамивит, макровит сияқты комплексті витаминдарді ауыр жаттығулар мен жарыс кездерінде екі – үш апта тәуліктік қажеттіліктің жартысындай мөлшерде қыс көктем айларында қабылдаған өте тиімді. Организмнің пластикалық және энергетикалық ресурстарын тез арада қалпына келтіру үшін арнайы жеңіл қорытылатын тамақ препараттары қолданылады. Оларға концентірленген белок препараттары (протейн) көмірсу минерал тұздары витаминдермен байытылған ауыстырмайтын амин қышқылдары препараттары жатады.
Өте ауыр жүктемелер кезінде мысалы марафондық жүгіру кезінде спортшыларға глюкоза, инверттелген қант, жеміс шырындары немесе арнай сұйық қоспалар беріледі. Ауыр жүктемелерден және жарыстардан кейін жұмыс қабылеттілікті орнына келтіру үшін формокологиялық препараттарда қолданылады. Бұл препараттарды әсер етуіне байланысты 6 топқа бөледі.
1.Пластикалық препараттар
2.Энергетикалық препараттар
3.Адаптогендер (организмнің тонусын қалпына келтіретін заттар мыс:женьшень,элеутерококк)
4.Орталық жүйке жүйесіндегі қозу мен тежелуді реттейтін препараттар
5.Қан жасалуын күшейтетін препараттар
6.Маз сұйықтық түріндже бұлшық еттерге сылап жағатын препараттар
Тамақтану физикалық жүктемемелер кезіндегі организмінің пластикалық және энергетикалық шығынын өтеудің және жұмыс қабілетілікті орнына келтірудің бірден бір маңызы табиғи шарасы болып табылады.Қазіргі замангы белокты тамақтану теориясы бойынша қалыпты тіршіліктерімен жұмыс қабілетілік үшін адам организміне жұмсалған энергия шығыныын өтейтін дәрежеде тағам өнімдері түсіп тұруы керек. Спорт ғылымындағы әртүрлі түрлі физикалық жүктеме кезіндегі энергия шығыны және стандартты тамақ өніміндегі құрылғы

Бақылау сұрақтары:


1.Барокамера арқылы жасалатын оксигенация адам денсаулығына қалай әсер етеді?
2. Барокамерамен емдеу қалай жүзеге асырылады?
3. Өте ауыр жүктемелер кезінде спортшыларға қандай қоспалар беріледі?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет