Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет54/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Тыныс алу. Баскетбол ойыны кезінде тыныс алу жиілігі 1 минутта 50-58 рет және одан жоғары. Тыныс алу жиілігі жүрек соғу жиілігіне қарағанда қимыл
қарқыны өзгерген кезде тезірек жиілейді. Бұл тыныс алу жиілігін реттейтін механизмдердің жоғары жылжымалы екендігін көрсетеді.Өкпенің желдетілуі және оттегі тұтыну баскетбол ойыны кезінде ойындардың қарқынына және басқа жағдайларға байланысты әр түрлі болып өзгереді.
Баскетболшылардың жүйелі түрде жаттығуы организмнің анаэробдты, аэробты мүмкіндіктерін жоғарылатады. Баскетболшыларды бақылау 3 айлық жаттығу кезінде оттегі тұтыну шегі орта есеппен минутына 4,3 литрден 4,72 литрге дейін жоғарылағанын көрсетті, яғни 10%-ды құрайды. Жоғары оттегі қарызы 7,25 литрден 8,83 литрге дейін өсті, яғни 20% (В.А.Данилов). Баскетболшыларда жоғары оттегі қарызының салыстырылмалы аз мөлшері жұмыстың ауыспалы қуаттылығымен байланысты және ол тікелей ойын процесі кезінде жартылай оттегі қарызын жоюға мүмкіндік жасайды.
Қан айналым. Ойын қарқынына, ойыншының белсенділігіне және басқа жағдайларға байланысты жүрек соғу жиілігі минутына 200 рет және одан жоғары мөлшерге жетеді. Бұл көрсеткіш ойын процесі кезінде орташа минутына 170-180 деңгейінде сақталады. Қимыл қарқынының қысқа мерзімді төмендеуі және тіпті тоқтауы (5-10 секунд) жүрек соғу жиілігінің сиреуіне әсер етпейді. Тек ұзақтығы 20-60 секунд үзілістер кезінде ғана жүрек ырғағы минутына 100-140 ретке төмеңдейді (Н.Б.Кичайкина). Жұмыс қуаттылығы өскенде, жүрек соғу жиілігі тез өседі, ал жұмыс қуаттылығы төмендегенде немесе демалу аралығында оның сиреуі баяу болады. Жүрек ырғағы өзгеруінің жұмыс қуаттылығы өзгеруімен салыстырғанда кешеуілдеуі жүрек қызметінің осы көрсеткішін реттейтін механизмдерінің кейбір инерттілігін көрсетеді. В.Л.Карпман мәліметтері бойынша жоғары дәрежелі баскетболшы ерлерде жүрек көлемі орта есеппен 1201см3-ты құрайды. Лабораториялық жағдайда едәуір қуаттағы жұмыс кезінде баскетболшыларда қанның минуттық көлемі минутына 24 литрге дейін жетеді, систолалық көлемі — 167мл.
Зәр шығару. Ойын кезінде тері бездері қызметінің күшеюіне байланысты диурез темендейді және несептің меншікті салмағы жоғарылайды. Ойыннан кейін зәрде сүт, зәр және басқа қышқылдардың концентрациасы жоғарылайды және белок пайда болады.
Ойыншыларда сөре алдындағы кезеңде қанда глюкоза концентрациясының көбеюі оның зәрде пайда болуына әкеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет