Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Жүрек-қан тамырлар және қан жүйесі



бет59/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Жүрек-қан тамырлар және қан жүйесі. Боксшыларда тыныштық кезінде брадикардия байқалады. Жүрек көлемі оларда орта есеппен 948см3 (жеке спортшыларда 615-1440см3). Боксшыларда ұрыс кезінде жүрек соғу жиілігі минутына 180-200 ретке дейін жоғарылайды. Жаттығу сабақтарында жүрек ырғағы онша жиілемейді.
Жарыс кезінде боксшыларда ұрыс алдында пайда болатын эмоциялық қозу организмнің барлық жүйелерінің қызметтік өзгерістеріне соқтырады. Көбінесе бұл қан құрамының өзгерістерімен байқалады. Сөре алдындағы кезенде қандағы глюкозаның мөлшері 0,16-0,19%-ға жоғарылайды. Көптеген боксшыларда жарысқа 6-12 сағат қалғанда қанда эозинофилдер саны төмендейді. Ұрысқа қатысу одан әрі олардың мөлшерін төмендетеді. Жұмыс әсерінен эозинофилдердің темендеуімен қатар бір мезгілде қандағы лейкоциттердің басқа түрлерінің мөлшері жоғарылайды. Миогенді лейкоцитоздың нейтрофильді фазасы пайда болады. Боксшыларда ұрыстан кейін қандағы сут қышқылының концентрациясы жоғары болады және сілтілі резервтер төмендейді.
Жарысқа қатысқаннан кейін диурез төмендейді, зәрдің меншікті салмағы жоғарылайды, оның қышқылдылығы жоғарылайды. Зәрде тотықпаған заттар мөлшері жоғарылайды, тердің көп бөлінуіне байланысты хлоридтер мөлшері төмендейді. Сөре кезіндегі глюкоза мөлшерінің өсуі (гипергликемия) зөрде глюкозаның пайда болуына соқтырады. Жарыстан кейін зәрде белок пайда болады (0,6-1,2%).
Жарыста ұрыстан кейінгі қалпына келу процестері күллі эмоциялық қозуға байланысты жаттығу жүктемесінен кейінгіге қарағанда біршама баяу жүреді.
Нокаут. Төменгі жаққа, мүрын сүйегіне, самай және үйқы артериясы аймағына, сол жақ жене оң жақ қабырға астына және құрсақ өрімі аймағына соққы алған кезде боксшыларда ноқдаун және нокаут пайда болуы мүмкін. Нокаут дегеніміз — уақытша сананың бұзылуымен, дене тепе-теңдігінің жоғалуымен сипатталатын және спортшы ұрысты жалғастыра алмайтын жағдай.
Ноқдаун бірнеше секундқа созылады. Нокаут одан ұзақ уақытқа созылады. Егер 10 секунд ішінде боксшы ұрысты жалғастыра алмайтын болса, онда ол жеңіледі.
Нокауттың ең ауыр түрі құрсақ өрімі аймағына соққы беру кезінде пайда болады. Ол кезде қатты ауырту, уақытша тыныс алудың тоқтауы, жүрек қызметінің баяулауы, артерия қысымының төмендеуі және естен тану байқалады. Бұл аймаққа соққы берген кезде нокауттың пайда болуы; рефлексті механизм болып табынады. Соққы кезінде құрсақ жүйкесі талшықтарының тітіркенуі қимыл-тамыр орталығының және жүрек жүйкесі орталығының жағдайын өзгертеді және бұл жүрек қызметінің тежелуімен сипатталатын естен тануға соқтырады.
Басқа соққы берген кезде нокауттарда ми шайқалысы, төменгі жаққа соққы бергенде отолитті (кіреберіс) аппаратының шайқалысы пайда болады. Нокауттың организмге әсері көптеген жағдайларға байланысты (соққы тиген дене аймағы, спортшының машықтану деңгейі, нокаутқа жеке спортшылар реакциясының ерекшелігі, шаршау дәрежесі, соққы саны және т.б). Қайталанған нокауттар жүйке қызметінің ауыр жағдайына соқтыруы мүмкін. Соған байланысты нокаут алған боксшылар белгілі бір уақыт аралығында жарысқа қатысуға жіберілмейді
Бокс. Бокс спорттық ситуациялық түріне жатады. Боксшының жұмысы 3 минуттік раунд және 1 минуттік раунд аралық демалыспен белгіленген. Бокс шапшаң – күш қуатты пайдаланатын спорт түріне жатады. Демалыс интервалы аралығында толық қалпына келу аяқталмайды. Спортшылар қайта рингке шыққанда оттегі жетімсіздігі және дененің шаршауы ұласа береді. Спортшының бұл түрі мен айналысатындар үшін жаттығу жұмыстарының пайдасы көп болады. Жеке жаттығулар күш – қуатты, жылдамдықты және жеке төзімділікті нығайтады.
Орталық жүйке жүйесі. Бокс сабақтары жүйке жүйесіне, қозғалыс аппаратына және сенсорлық жүйеге үлкен міндет артады. Шапшаң қозғалыс реакциясы үлкен мәнге ие болады. Демалыс уақытында оның көрсеткіші 0,15-0,30с сайыстан кейін 0,07с болады. Сайыс кезінде қозғалыс амплитудасы, жұмсалған күш әртүрлі қалыпта болады. Бұл жүйке жүйесі процестерінің жоғары деңгейдегі қозғалыста болуын қалайды. Қозғалыс және аңғару сенсорлық жүйенің жоғары дәрежедегі сезімталдығы керек.
Дененің тепе – теңдігін сақтау, дәлдік және қозғалыс координациясын сақтау үшін вестибулярлық аппараттың функциональдық тұрақтылығы қажет болады. Боксшылардың денесінің кейбір бөліктерінде соққыны сезіну аз сақталатыны белгілі.
Қозғалыс дағдысы. Боксшының негізгі қозғалу дағдысы соққы беру және соққыдан қорғану болып табылады. Боксшының соққысының күші мына формула арқылы
м∙v2
2
анықталады, жылдамдықтың- қарқындылығы (v) 2 рет болса, онда соққының күші 4 рет, ал осы сияқты салмақтың (м) көбеюі күшті 2 ретке ғана көтеріледі. Боскта салмақ үлкен мәнге ие болады. Сондықтан спорттың бұл түрінде салмақ категориясы есепке алынады. Боксшыларда жүйелі дайындық жаттығуларын жасауы, оларды биохимиялық, морфологиялық және функциональдық пайдалы өзгерістер береді. Әсіресе, өзгерістер қаңқа бұлшық еттерінде болып, олар спортшының күшінің көбеюіне, бұлшық еттерінің тез ширауына көмектеседі.
Күш – қуат шығыны.. Жекпе – жек кезіндегі спортшыны күш – қуат шығындау үлкен деңгейде 15-25ккал/ мин күш жұмсалады.
Тыныс алу. Боксшылардың сайыс кезіндегі тыныс алуы бір қалыпты болмайды. Кейбір тыныс алу соққы берілген мезетке сәйкес келеді. Соққының (эффектілігі) пәрменділігі тыныс ішке тартылған кезде күштілеу, ал тынысты сыртқа шығарған кезде әлсіздеу болады. Бірақ мамандануына байланысты бір қалыпта ұстайды. Боксшыларда ЖЕЛ орташа 4500мл. Құрайды.
Өкпенің желдетілуі қозғалыс кезінде 80-100л/мин, оттегі қажеттілігі 3-4л/мин. Тыныс алудың қалыпты жағдайдағыдан аз болуына байланысты оттегі қарызы көбейеді, бірақ сайыс аяқталған соң 15-20мин ішінде оттекті сұраныс қалпына келеді. Боксшының квалификациясы өскен сайын, ОТШ деңгейі де көтеріледі. Ол орташа есеппен 4л/мин немесе 60мл/мин/кг болады.
Қан айналым мүшелері. Тыныштық сақталған кезде боксшылардың қан айналымында брадикардия байқалады. Олардың жүрегенің көлемі 948см3 мөлшерінде (жеке көрсеткіштерінде 615 1440см3) болады. Сайыс кезінде жүректің соғуы жиілейді 180-200 сын/мин, систоликалық артериялдық қан қысымы 200мм/рт.ст дейін ұлғаяды. Әр бір раунд аралығындағы демалыс кезінде ЖСЖ толық қалпына келе алмайды.
Қан құрамы. Сайыс кезінде боксшылардың эмоциональдық оянуы пайда болып, ағзаның функциональдық ілгерілеушілігін жеделдетеді. Қан құрамында глюкоза көбейіп, эозинафилдер саны азаяды. Сайыстан кейін лейкоцит саны көбейіп, миогендік лейкоцитоздың, нейтрофильдік фазасы пайда болады. Осының салдарынан сүт қышқылының құрамы өзгеріп, өт резерфі азаяды.
Бөліп шығару мүшелері. Қиын сайыстан соң кіші дәретті сыртқа шығару азаяды, осының салдарынан кіші дәреттің салмағы ауырлап, оның құрамындағы ашытқы заты да ауырлауы кездеседі.
Накаунд және накдаун. Иектің астынан, қасты, қабақтың маңайынан, ұйқы артериясының төңірегінен оң және сол қабырғаның астыңғы жағынан және күн сәулесінің түйісер жерінен қатты соққы алғанда, боксшыларда накдауынт және накаунд болуы мүмкін. Боксшы соққының салдарынан белгілі бір уақыт аралығында есінен айырылып қайта түзіледі. Накаунд ұзақтау мерзімге созылады да, накдауынд қысқа бірнеше секундқа созылады.
Күн сәулесінің түйісер жерінен қатты соққы алғанда накаунд болуы мүмкін, ол бас сүйегі жүйесінің қозуы арқылы болады. Тамырларда қозғау орталығының өзгеруі арқылы накаунд болады. Бұл өте қатты ауру арқылы сезіледі. Бұл кезде спортшы есінен айырылып, тыныс алуы уақытша тоқтатылады. Жүректің соғу жиілігі азайып, есінен танады.
Накаунт, басқа тиген соққыдан мидың шайқалуынан және вестибулярлық аппараттың қызметінің бұзылуынан болады. Мұндай соққы қатты ауыртпайды, бірақ қозғалыс координациясы және тепе - теңдігі бұзылады.
Накауттың негізгі белгілері: бет - әлпеттің ажарының солғын тартуынан, көз аңғалағының кеңейуінен бас айналуынан, тыныс алу деңгейінің бұзылуынан, қоршаған ортаны салғырт сезінуі сияқты белгілерінен байқауға болады. Қайта алынған накаунт ауырлау болып, жүйке жүйесіне қатты әсер етеді. Сондықтан накаунттан кейін белгілі бір уақытқа дейін сайысқа түсуге рұқсат етілмейді.
Накаунт жағымсыз әсерінен болатындығы ескеріліп спортшы дайындық барысында ондай соққыға қарсы тұратындай және ондай соққыны бойына дарытатындай техникалық және тактикалық қорғаныс жолын үйренуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет