Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет6/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Бақылау сұрақтары:

  1. Дене тәрбиесі сабағының тығыздығын анықтау.

  2. Тығыздықтың түрлері, анықтау жолдары.

  3. Сабақта жүктемені мөлшерлеу.

  4. Жүктемені мөлшерлеу хаттамасын толтыру.

  5. Жүктеме қисық сызығы графигін сызу.



Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

5 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Спортпен шұғылдану кезіндегі ағза күйінің физиологиялық сипаттамасы
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық қызмет кезіндегі ағзаның күйі.
2.Бой қыздыру және жарыс алдындағы дем алу үзілісін негіздеу.
3.«Өлі нүкте» және «екінші тыныс алу».

1.Спорттық жұмыс қабілеті дағдыланудың тез қабылдануына байланысты дамуды. Ағза тез үйреніп дағдыланса, тең дәрежедегі сайыста оның жұмыс қабілеті жоғары болады.


Қозғалыс және вегетативтік функцияны қайта құруда басты мәселе орталық жүйке жүйесіне байланысты болып келеді. Себебі, дәлелді дәлелсіз рефлекстер арқылы функцияның жоғарылауына мүмкіндік береді. Бұған симпатикалық жүйке жүйесінің қатысуы көмектеседі. Жүйке жүйесінің әсерінен тыныштық күйден, жұмыс күйге ауысу қабілеті артады. Қозғалыс және вегетативті функцияның бір – біріне қатынастылығын қанағаттандыруда жұмыстың басында афферентті дабыл (сигнал) беріледі, ол орталық жүйке жүйесіне жұмыс атқарып жатқан бұлшық еттер арқылы түседі.
Осы жағдайлар арқылы ағзаның жұмыс істеу деңгейіне көшуі басталады, ол көп түсті механизмдердің жұмысқа қатысуын жеделдетіледі. Бұл дағдыланудың мерзімін ұзартады. Дағдылану процесінің бірнеше заңдылықтары бар. Оларға гетерохромды (бір мезгілсіздік) әр түрлі функциялардың күшеюі жатады.
Қозғаушы аппарат тез қалыптасады. Мысалы, 1500м жүгіру кезінде қозғаушы аппарат тез қалыпқа түсіп, спорт басталғаннан кейінгі бірнеше секундта дұрыс жөнге түседі. Бірақ демалыс ағзаның қан айналым жұмыс деңгейін күшейте түседі.
Қанның бір минуттағы көлемі 30-40л, оттекті пайдалану минутына 5-6л болады. Жаттығудан кейінгі 2-3 минутта аяқталады. Жұмыстың алғашқы кезеңінде тыныс алудың көрсеткішінің өзгеруі туралы 13 таблицадан көруге болады.
Тыныс алудың жұмыс басындағы өзгерістері.

Тыныс алу көрсеткіштері

тыныштық

Жұмыс, мин

1-ші

2-ші

3-ші

4-ші

5-ші

1минут.Тыныс алу
Тыныстың тереңдігі,л
өкпенің желдетілуі л/мин

17

0,47

8,1


26

1,28

33,2


35

1,52

53,2


38

1,62

61,5


41

1,64

67,2


40

1,5



61,2

Ағзаны қозғаушы және вегетативтік жағдайға дайындау ұзақтығы жағынан әртүрлі болады. Олар мынадай заңдылықтарға сүйенеді. Энергия мен қамтамасыз ету жұмыстың алғашқы кезеңінде негізінен аэробты жағдайда болады. Тыныс алу және қан айналу мүшелерінің оттекті баяу пайдалануы, қажетті мөлшерде бірден пайдалана алмауы байқалады. (83- суретті қараңыз). Сондықтан ағзада аэробты алмасу заттары жиналады. Осының себебінен ағзада оттек жеткіліксіздігі пайда болады. Оттекті көп қажет етпейтін, ұзақ мерзімді жұмыс кезінде жұмыстың алғашқы минутында оттек жетіспеушілігі болады. Бірақ жетіспеушілік кейінен ішінара өтіледі, ағза жұмысты аэробты реакцияның есебінен жүргізеді.
Анаэробты жол қуатты азайту, адамдарға аэробты жол пайдалы емес. Сондықтан ағза оттекті қажетті мөлшерде пайдаланатын жолға шықса, жұмыс қабілеті артады, жұмыстың атқарылуы жеңіл және тиімді жүргізіледі.

Оттегін жетіспеушілігінің пайда болуы мен жойылуы
әртүрлі қуатта жүргізілген жұмыс кезіндегі өзгерістер (В.Л.Карпан бойынша)
2.Старт басталған кезден бастап, алғашқы кезеңде функция тез күшейеді, бара - бара функция қарқыны азаяды. Бұл жағдай сызықтық көрсеткіште ЖСЖ өзгерістері (10 сурет) анық байқалады. Алғашқы 2 мин ЖСЖ 150 уд/мин көбейеді, келесі минуттарда азаяды.
Келесі заңдылық оның специфизикалылығына байланысты. Бұл функциялардың қимылдарының жатық, бір – бірімен тығыз байланыстылығын көруімізге болады. Дағдылану әртүрлі факторларға қатысты. Жылдамдыққа негізделінген жұмыс барысында ағза тез дағдыланады, ұзаққа созылатын жаттығуларда ағза жай дағдыланады.
Дағдылану жұмыс координациясы өте қиын қозғалыстарды жүргізумен, қарапайым жаттығуларды орындауда ұзаққа созылады. Дайындығы бар жаттыққан спортшылар үшін дағдылану тез жүзеге ассырылса, дағдыланбаған спортшылар ұзақ уақыт жаттығады. Дұрыс жолға қойылған қыздырыну жұмыстарын орындау дағдылануды жеделдетеді.
Оттегіні пайдалануына байланысты тұрақты жұмыс қабілетінің нағыз және елестететін қалыптары.
3.Тұрақты жұмыс қабілетінің жағдайы жоғары және орта дәрежедегі жаттығуларды орындау барысында жүзеге асады. Осы жағдайға ең қажеттісі оттекті пайдалану деңгейін бір қалыпты ұстау болып есептеледі. Ағзаның басқа да физиологиялық жүйесінің жұмысы бір – біріне қатысты белгілі межеде болады. Бұлшық ет және ішкі мүшелердің ара қатынасы атқарылатын жұмыстарға байланысты өзара қалыптасып, олардың жұмыс барысында күшеюіне мүмкіндік жасайды. Тұрақты жұмыс қабілетінің ауқымының екі түрі: нақты және мүмкін болатын түрлері болады. Нақты және тұрақты жағдайы бұлшықет қызметі қуатының бірқалыпты кезінде болады. Мысалы, қашық және өте қашық аралыққа жүгіру кезінде байқалады. Осындай жұмыс атқару кезінде оттекті сұраныс 2,0-3,5 л/мин, аралығында ауытқып тұрады. Сондықтан жұмыс жағдайында тепе- теңдік қалыптасады –ағза қанша оттекті пайдаланады тағы да қанша керек деген сияқты.
Бұлшықет жұмысы аэробты процесстің есебінен орындалады, оттектің қажеттілігі көп емес. Оттекті сұраным мен іс- жүзінде пайдаланған оттектің арақатынасы нақты және тұрақты жағдай деп аталады.
Жұмыс ауқымының қуатына қарай нақты атқарылатын жұмыстың деңгейіне тұрақты жағдай оттекті пайдалану өлшемінің өзгеруі мүмкін.
Мысалы, жүгірудің қарқыны қалыпты жағдайда оттекті пайдалану 1л/мин болса, бұрынғыдан жүгіру қарқыны күшейтілгенде оттекті пайдалану 2 немесе 3л/мин мөлшеріне тең болады. Жалпы тұрақтылық жағдайының деңгейі, жұмыс барысында жұмыстың интенсивтілігі төмендейді, кейде жоғарылауына қарай өзгеруі де мүмкін. Қалыпты қуаттылық жағдайында жұмыс жүргізілуіне қарамастан оттекті сұраныс және оны пайдалану дұрыс болғанына қарамастан ағзаның шаршауы байқалады. Бұлай болуына негіз себебі жұмыс кезінде ағзаның дағдыланып кету мүмкіншілігі функциялық координацияның бұзылуына байланысты болады.
Кейбір зерттеуде адамдар веложарыстарда 40 мин жұмыс істеген. Жұмыс басында, ортасында немесе аяғында олар жаттығуды жылдамдатып, тынысты тоқтататып, қолдарын қимылдатады. Нәтежесінде, жұмыс соңындағы қосымша жүктемелердің әсерінен тыныс алу және қан айналу функцияларында үлкен өзгерістер, жұмыс басы мен салыстырғанда байқалады. Оған ағзаның шаршауы мен жұмыс «бағасының» көтерілуі себепші.
Оттектің барлық кезде пайдалануы мен белгіленеді. Мұндай жағдай үлкен қуаттағы жаттығуды алғашқы 3-5 минуттан кейін басталатын, жеке көрсеткіштің максималын көрсетеді. Оттекті пайдалану дәрежесінің өскеніменен оның бір деңгейде тұрақталуына қарамастан, оттектің қажетті көлемі толтырылмай, ағзада оттек «қарызы» пайда болады.
Ол осы жұмыста 12-16 л-ге жетіп, анаэробты процестерді күшейтеді.
Бұлшық еттердің белсенді қызметі қалыпты жағдайда тыныс алумен,жүрек - тамыр жүйелерінің шекті көрсеткіштеріне жақындайды. Жаттыққан адамдарда тыныс алу көлемі 120-150 л –ге жетіп, қанның минуттық көлемі 35-40л, ЖСЖ 200сағ/мин және жоғары көрсеткіштерді байқатпайды.
Оттекті максималды қажет ететін мұндай жұмыстар 5-6 минуттан артық жүре алмайды.
Нағыз және қалыпты жағдайларда оттекті қалыпты деңгейде пайдаланғанменен, оттек қажеттілігінің оттекті пайдалануының және оттек қарызының әртүрлі қатынаста екені мәлім.
3.Бұлшық еттің салмақты жұмысын бірнеше минуттасынынан кейін спортшының уақытына халі нашарлайды. Ол тез шаршап, өкпесі қысылып, ентігін, кейде қимыл координациясы бұзылып, жұмыс қабілеті уақытша төмендейді. Осындай құбылысты «өлі нүкте» деп атайды. Егер спортшының өзінің күші мен осы жағдайда жақсы, жеңілденіп, «екінші тыныс алу» кезеңіне ауысады. Қимылдың координация реттеліп, тыныс алуы жөнделіп, тер көп бөлінеді.
Ағзаның «өлі нүктеден» шығуына жұмыс қуаттың төмендеуі және еркін тыныс алудың күшеюі себепші болады.«Өлі нүктенің» пайда болу мерзімі жұмыстың күш қуатына және ұзақтығына байланысты. Мысалы, 5-10км жүгіруде ол жұмыстың 4-6 минуттында басталса өте ұзақ дистанцияларда – кештеу кездеседі.
«Өлі нүкте» бұлшықет жұмысының міндетті серігі емес. Ол жиі түрде нашар жаттыққан спортшыларда кездесіп, жаттығу алдындағы дайындықтың жеткіліксіз екенін көрсетеді. «Өлі нүкте» пайда болу себебін жұмыс басында қаңқа бұлшық еттерімен оттекті қамтитын жүйелердің сәйкеспей жұмыс істеуі мен байланыстырылады. Нәтежесінде ағзаның ішкі ортасы өзгеріп, қандағы көмірқышқыл жоғарылайды, рН төмендейді. Орталық жүйке жүйесінде координациялық қарым – қатынастар бұзылады. «Өлі нүктенің» жеңіл өтуі, ағзаның қимыл және вегетативті функцияларын реттеп, кейін қалпына әкеледі.
Түрлі бұлшықет қызметінде кездесетін шаршау және олардың пайда болу себептері. Қайта қалыптасатын және қалыптаспайтын шаршаулар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет