Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет9/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Қалыптасу процесінің мінездемесі. Ағзаның қалыптасуын қалпына келтіру үшін бір – бірімен тығыз байланысатын процестердің жұмысы жүреді. Күш қуатты қалпына келтіру кезінде ыдырау және қалыптастыру жұмыстары болады. Қалыптасу процесі жұмыс аяқталған кезде жүзеге асады. Ағзаның жұмыстан кейінгі пайда болатын жағдайы қалыптасу мерзімі деп аталынады. Қалыптасу мерзімінің жұмыс кезінде жұмсалған энергия (күш – қуат)шығынын қалпына келтіреді.
Ерте және ұзақ қалыптасу кезеңі болады. Ерте қалыптасу бірнеше минуттармен есептелсе, ұзақ қалыптасу бірнеше сағаттар немесе тіпті тәулік бойына созылады.
Қалыптасу процесі бірқалыпты өтпейді. Бұлшықет және ағзаның кейбір функцияларының жұмыс қабілетінің қалыпқа түсу жағдайы фазалық мінездемесі әртүрлі уақытты, ұзақ мерзім ішінде (гереохромды) болады.
Қалыптасу процестерінің бірқалыпты болмауы, ағзадағы жылу алмасу функциясы бастапқы қалпына әуелі тез, кейін жәй келеді. Мысалы, орташа дәрежедегі жаттығуларды орындағаннан кейін бірінші 5 минутта оттегі қажеттілігін жою 5 есе тиіс жүреді де, келесі 13 минутта ол қалпына түседі. Қалыпқа келу мерзімінің жылдамдығы кейбір оттек фракциясына тең болмайды.
Ал лактатық оттегі қажеттігі алактатық оттегі қажеттігінен 40-50 рет тезірек қалпына келеді. Қалпына келу фазасы жұмыс қабілетінің деңгейінің ауытқуы бұлшықет шаршауына байланысты жұмыстан кейін бірден жұмыс қабілеті фазасының нашарлауы мен байқалады. Кейін жұмыс қабілеті бұрынғы қалпына келеді. Келешегінде жұмыс қабілеті қалпына келіп, бұрынғы деңгейінен де асып түседі. Бұны жұмыс қабілеті фазасының жоғары деңгейі деп атауға болады. Бұдан кейін жұмыс қабілеті әлсірей бастайды. 103 - сурет

Бұлшық еттердің жұмыс істеу және жұмыс
істегеннен кейінгі зат алмасу процесінің қарым қатынасы
Қалыпқа келудің фазалық мінездемесі күш – қуат заттарының қорының өзгеруімен дәлелденеді. Бұлшықет жұмысынан кейін бұлшықеттегі гликоген құрамы төмендейді, ол алғашқы деңгейге дейін көтеріліп, содан кейін жоғары деңгейдегі қалыпқа келу фазасы басталады. Содан соң оның деңгейі төмендеп алғашқы қалпына қайта келеді. Сонымен қайта қалпына келу жағдайы жұмсалынған қуат бұрынғы деңгейге бірден келе қоймайды, белгілі уақыт өткеннен кейін адам денесі бұрынғы қалпына келеді. Қалыпқа келудің кейбір жеке фазасы атқарылған жұмыстың жағдайына байланысты болады. Мысалы, күш – қуатты өте көп жұмсауға тура келетін жаттығуларда (штанга көтеру қатты шаршағанға дейін жұмыс жүргізу). Алғашқы 7-120минут аралығында жұмыс қабілеті бұрынғы қалпына келе алады. Келесі кезеңдерде (13-20минут) аралығында көтеріңкі жұмыс қабілетінің фазасы басталып,белгілі уақыттан кейін қайтадан төмендеу басталады.
Күш қуат көп жұмсалатын жаттығулардан кейін бұлшықет қабілеті ЖСЖ қарағанда, демалыс көрсеткіші және оттегіні пайдалануға қарағанда баяу қалпына келеді.
Қалпына келудің белгілі деңгейде орындалуын физиологиялық жүйенің кейбір бөліктерінде әртүрлі мерзімде орындалады. Мысалы, бұлшықетте АТФ құрамы тез қалпына келсе, КрФ- баяу және глюкоген баяу қалпына келеді. Глюкогеннің қалпына келуі дене мүшелерінде әртүрлі жылдамдықпен: бас мида оның қоры тез толығады, жүректе баяу, ол бауырда өте баяу орындалады.
Физикалық жүктемелерден кейін бұлшықет әртүрлі топтарында функционалдық қалпы бір мезгілде алғашқы деңгейге келе бермейді. Мысалы, өте қиын қарқынды жүргізілген жаттығулардан ауыр атлетикадан кейін бұлшықетте, бөкседе, тізеде, иықта және саусақтарда күш барынша азаяды. Функционалдық көрсеткіштердің қалыпқа келуі, жүктемелер тоқтатылған мезеттен бастап, қайта қалпына келу процесі жүреді, ал бөксе бел және тізенің бұрынғы қалыпты жағдайына келуі 18-24 сағатқа созылады. Бұлшық еттердің функционалдық көрсеткіштері атқарылған жаттығулардың деңгейіне байланысты болады. Мұндай жағдай вегетативтік функциялардың қалпына келуінде де сезіледі.Аэробтық процестерге негізделген жүктемелерден кейін анаэробтық жұмыс қабілеті тез қалпына келеді, аэробтық жұмыс қабілеті баяу қалпына түседі. Анаэробтық жүктемеден кейін ағза тез қалпына келіп, аэробтық жұмысты орындауға дайын тұрады.
Ауыр жаттығу жұмыстарын және жарыс жұмыстарының жүктемелерін орындау барысында жұмсалған күш қуаты қалпына келтіру үшін бірнеше саағаттар, тіпті кейде бір тәулік қажет болуы мүмкін. Мысалы, жүзу, велоспорт және шаңғы тебу жарыстарынан кейін негізгі зат алмасу, тыныс алу, оттегіні (4-таб) жетіспеушілігін дұрыспайдалануға дайын болу керек.
Ауыр атлетика жаттығуларынан кейін бұлшықет күшінің әлсірегенін, әсіресе иық, бөксе, тізе, тізе бүкпелеріндегі күштің азайғаны сезіледі. Бұл бұлшықеттердің қалпына келуі 28-36 сағат (15 таб) мөлшерінде жүзеге асады.
Ағзаның алғашқы деңгейіне келуін байқау үшін, қайталап жаттығулар жүргізу үшін, жұмыс қабілетінің қалыпқа келу деңгейі ескерілуі керек. Негізгі белгі жұмыс ауқымы болып есептелінеді.
Мұндай әдіс ыңғайсыз және ауыр болып келеді. Сондықтан жұмыс қабілетінің қалыпқа түсуін бағалау, жүрек соғуының жиілігімен, бір минуттық тыныс алу көлемін, оттекті пайдалану деңгейін, бұлшықет күшін және басқа физиологиялық көрсеткіштердің жағдайын байқау арқылы білу болады.
Қалыпқа түсуді жеделдететін құбылыстар, қалыпқа түсу кезінде педагогикалық, психологиялық және медикобиологиялық құбылыстар үлкен қызмет атқарады. Соның біріне белсенді демалыс жатады. Бұның негіз алғаш рет орыс ғалымы И.М.Сеченов ашқан болатын. Оның тәжірибесі бойынша белсенді демалыс кезінде жұмыстан шаршаған бұлшықеттер ағзаның тынышсыздық сақталмаған кезеңінде де тез қалпына келтірілетінін анықтаған.
Бірақ спорттық жұмыс кезінде басқа түрлі жұмысқа ауыстырылу барлық уақытта қанағаттанарлық нәтеже бере бермейді.
Белсенді демалыс эффектілігі атқарылатын жұмыстың ауқымына байланысты оның жоғарғы деңгейінде болуы орта дәрежедегі жұмыс атқарғанда байқалады.
Айқын демалыс сапасы ретінде үдемелі ауыр жүктеме немесе үзіліссіз координациясы жағынан ауыр болса, айқын белсенді демалыс тиісті қорытынды бермейді.
Белсенді демалыстың эффектілігі жеке дара негізге байланысты, жұмыс қабілетінің жағдайына және адамның шаршауының деңгейіне байланысты. Өте қатты шаршағанда белсенді демалу мақсатын орындау үшін жеңіл жаттығулар жасаудың зияны жоқ.. Жақсы дайындалған спортшылардың белсенді демалысы, шынықпаған адамдардың белсенді демалысынан өзгеше, биік деңгейде болады.
Қалыпқа келу процесін жеделдету мақсатында массаж жасау жасаудың үлкен маңызы бар. Ол орталық жүйке жүйесінің жұмысын афферентік импульстің жұмысын көбейтіп, қозғалыс аппараттарын, тері рецепторларын күшейтіп, шаршаған бұлшықеттердің – қалыптасу процесін жақсартады. Өте жақсы эффекті орта дәрежедегі массаж жасауда беріледі. Қазіргі кезде қолмен массаж жасаудан көрі, вибрациялық массаж жасау және су массаждарын жасау жиі қолданылып жүр.
Қалыпқа келуді жеделдету үшін құрамында белгілі дәрежеде қоспасы бар ауамен демалу жүзеге асырылып жүр. Өте ауыр жүктемелерден кейін оттегі жетіспеушілігін өз деңгейіне келтіру үшін аралас ауамен құрамында 65-70 пайыз оттегі бар тыныстау тез арада оттегі жетіспеушілігін жояды. Жаттығу жұмыстарынан кейін немесе жарыстан кейін 400-600л аралас ауамен демалу тотығу процестерінің жақсы жүруіне мүмкіндік береді. Қалыпқа келуді жеделдету үшін бұлардан басқа көмір қышқылы бар аралас газбен тыныстау жақсы нәтеже беріп жүр. Оны максимальды немесе субмаксимальды жаттығулардан кейін пайдалануға болады. Шын мәнісінді демалыс дұрыс ұйықтау мен де байланысты. Дұрыс ұйқтамау қалыпқа келуге кері әсер етеді. Қазіргі кезде ұйқы дұрыс болуы үшін психологиялық – қалыптастыру жаттығулары пайдаланып келеді. Арнаулы сөз формуласы арқылы ұйқысыздықты жойып, ұйқтауға жол ашып жүргендер қашама.
Қалыпқа келуді жүзеге асыру мақсатында суды пайдалану, шомылу да өте пайдалы. Су суық және жылу рецепторларына және жүйке жүйесіне жақсы әсер етіп, ұлпадағы тотығу – реакциясының эффектілігін күшейтеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет