Бақылау сұрақтары:
Дағдылану процесінің бірнеше заңдылықтары
Қалыпты қуаттылық жағдайы
«Өлі нүктенің» пайда болу себептері
Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1. Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
№6 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Спортшылар шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық механизмдері
Сабақтың жоспары:
1.Шаршау түсінігінің анықтамасы.
2.Әртүрлі дене жүктемелерінен кейінгі шаршаудың ерекшеліктері. Спортшылар шаршауының және қалпына келуінің физиологиялық механизмдері
Бұлшық еттің қызметінің барысында ағзада өзгеше құбылыс байқалған, бұл шаршау деп аталады. Ол уақытша жұмыс қабілетін төмендетеді. Біраз демалыстан кейін ол қайта қалыптасады.
Шаршау маңызды биологиялық рол атқарады. Ол барлық ағзаның немесе жеке бір мүшенің артық күш қуаттану жөніндегі сигналы. Сонымен қатар, бұлшықет қызметінде пайда болған шаршау қайта қалыптасу процесін күшейтіп, энергетикалық ресурстарды мобилизациялайтын фактор. Яғни, шаршаудың арқасында жұмыс қабілеті төмендейді.
Шаршаудың себебтеріне байланысты бірнеше түрлері бар.. Бұл процес бұлшық еттегі қан айналуы мен байланысынан, оның нашар айналуынан тез шаршайды. Шаңғы тебуде немесе есуде көп бұлшық еттердің қатысуына байланысты жүрек тамыр және тыныс алу жүйелеріне шекті белгілерді көрсетеді. Орталық жүйке жүйесінің және ішкі секреция бездер реттейтін қызметтерінің бұзылуымен де байланысты. Қимыл жүйке орталығы мен вегетативті қызметтегі орталықтарының ара - қатынасының бұзылуы да бірден шаршауға себепші болады. Нәтежесінде, ағза шаршап, жүректің соғуы күшейіп, жылдамдығы жоғарылайды, ол ағзаның оттекпен қамтылуын нашарлатады. Сондықтан, бұлшық етте ағзаны шаршатпайтын анаэробты ыдыраудың өнімдері жиналады.
Шаршауды қан құрамының өзгеруі күшейтеді, сүт қышқылының жоғарылауы, рН-тың төмендеуі және т.б. Қанның өзгерген құрамы жүйке орталығына жетеді.
Энергетикалық қордың азаюы да шаршаудың бір себебі. Сыртқы ортаның өзгешеліктері де жұмыс қабілетін төмендтеді (жоғарғы – төменгі температура, төмен атмосфералық қысым, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, т.б.)
Максимальды күш қуаттағы 20-30С ұзақ жаттығулар тез шаршатады. Негізінен оған жүйке орталығы мен қимылдағы бұлшық еттердің функционалды өзгеруіне байланысты.
Субмаксимальды күш – қуаттағы жаттығуларды өткізу уақытында шаршауға негізінен орталық жүйке жүйесінің өзгеруі, анаэробты процестері өзеріп оттек қарызының 20л -ден жоғары болуы себепші болады.
Үлкен қуаттағы жұмыс қалыпты жағдайда өтпеуі, ағзаға оттегінің жетіспеуін байқатады. Оттек қарызының көрсеткіші субмаксимальды қуаттағы жұмыстанда жоғары болады.
Қалыпты күш – қуаттағы жаттығулар бірнеше минуттан сағатқа дейін қалыпты жағдайда өткізіледі. Шаршаудың себебі бұлшық етпен, бауырдағы көмірсу қорының азайып қандағы глюкоза концентрациясының төмендеуінен.
Көп тердің бөлінуі су мен тұздың алмасу процестерін тежейді.
Ауытқу күш – қуаттағы жаттығуларда (спорттық ойындар, күресу т.с.с) ситуациялық жағдай болғандықтан, шаршаудың маңызды факторлары болып табылады. Қарапайым күрделі қимылдар т.б. ақпаратты өңдеп, қабылдау, сенсорлық жүйе мен ми қызметіне жоғары талаптар қояды.
Статикалық күш – қуаттың жұмсалу кезінде бұлшық еттер жоғары тартылыста болады. Нәтежесінде жүйке оталығына көп импульстар түсіп, жүйке жасушалары импульстарды бұлшық еттерге жібереді. Жүйке жасушаларының қабілеті төмендейді. Тез шаршауға қан тамырлардың бұлшық еттер мен қан айналудың нашарлауы да себепші, өйткені оттектің бұлшық еттерге жеткізілуі нашарлап, алмасу өнімдері сыртқа шықпайды.
Достарыңызбен бөлісу: |