Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет62/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66
Байланысты:
Физиология лек. жинағы

Тыныс алу. Қорғаныш бетперде қолдану қажеттілігі тыныс алуды біраз қиындатады, сайыс кезінде тыныс алу жиілейді (И.Д.Карцев).
Семсерлесушінің қимыл қызметінің өзіндік ерекшелігі организмнің анаэробты мүмкіншілігінің дамуын талап етеді, ал аэробты мүмкіншілігі онша жоғары емес. В.Салтин және П.Астранд деректері бойынша оттегі тұтыну шегі семсерлесушілерде орта есеппен минутына 4,2 литрді (немесе 59мл/мин/кг) құрайды.
Жүрек-қан тамырлар және қан жүйелері. Радиотелеметриялық зерттеулер жаттығу сабақтарында жүрек соғу жиілігі минутына 150-170 реттен аспайтынын көрсетті. Жеке қимылдарды орындау кезінде жүрек соғу жиілігі жұмыс жасайтын бұлшық еттердің санына байланысты. Мысалы, бір қолмен түйреуді орындау кезінде жүрек соғу жиілігі минутына - 96 ретке, қадаммен түйреу кезінде - 120 ретке, алға қарай қадам басып және құлау кезінде - 138 ретке жиілейді (Ю.В.Варганов деректері бойынша). Сонымен аяқ бұлшық еттерінің белсенді жұмысымен сипатталатын семсерлесушілердің сайыс әрекеті қолмен орындалатын әрекетке қарағанда біршама жоғары болады. Кейбір жағдайда минутына 190-195 ретке жетеді.
Сайыс кезіңде семсерлесушінің қимыл қарқынының жоғары және тез болуы, сонымен қатар оның салыстырмалы ұзақтығы гомеостазды біршама өзгертеді. Стандартты жүктемені орындаудан кейін қанның сілтілі-қышқыл реакциясы (рН) 0,16-ға төмендейді, буферлік негіздер 11,6мэкв/л төмендейді, көмірқышқыл газының парциал қысымы 11,5мм сынап бағанасына өседі (И.В.Сивков деректері бойынша). Машықтанудың дамуына қарай стандартты жүктемелер организмнің ішкі ортасының құрамына онша өзгерістер әкелмейді.
Қорғаныш киімі мен бетпердені қолданудың қажеттілігіне байланысты семсерлесушілерде сайыс кезінде негізгі зат алмасу біршама қиындау.
3. Ауыр атлетика. Штанга мен жаттығу бұл өзіндік – күш жұмсау қозғалысына жатады. Мұнда бұлшық ет өз салмағының есебінен күшін дамытуы керек. Мысалы, (екпінмен жоғары итере, көтеру, серпу) жоғары серпе көтеру, тек күшті қажет етіп қоймайды және өте тез (қарбалас) қимылды қажет етеді.
Сенсорлық жүйе. Штангистердің қимылында ең керегі сезімталдық және вестибулярлық аппарат қажет, себебі олар қозғалысты басқаруды жүзеге асырады.
Бұлшық еттердің жұмысы. Басқа күш жұмсайтын жұмыстар сияқты штанга арқылы жүргізілетін жаттығулар бұлшық еттердің гипертрофиясын шақырады. Олар басқа спорт түрлерінде де эффект беретін, күш – қуаттың дамуына, себебін тигізетін құрал есебінде пайдаланады. Сабақ барысында қаңқа бұлшық еттері гипертрофиясын жақсарту мен қатар, сүйек – байланыс аппаратының дамуына әсер етіп, қорытындысында спортшының денесінің толығуына пайдасын тигізеді.
Штанганы серпе көтеру және итере көтеру бұлшық еттің қабілеттілігінің оянуын жоғарылатады.
Ауыр атлетикалық жаттығулар кезіндегі спорттық қорытындылардың өсуі негізінен бұлшық ет жұмысының координациясы мен есептелінеді.
Қуатты пайдалану (жұмсау). Уақытпен салыстыра есептегенде қуатты жұмсау ауыр атлетикадағы спорттың басқа түрлеріне қарағанда ең жоғары орындаудың бірінде сәйкес келеді. Қуатты жұмсауды 1 минутпен есептегенде 30-40ккал деңгейіне сәйкес келеді. Бір сағат ішінде қуатты жұмсаудың деңгейі 300 – 500ккал тең болады.
Тыныс алу және қан айналу. Штанга мен жұмыс жасау барысында тыныс алу және қан айналу жүйсінде бірқатар спецификалық өзгерістер байқалады. Сонымен қатар кеудедегі қысым жоғарылап, бұлшық еттердің жиырылу күші ұлғаяды.
Оттектің желденуі және оттекті пайдалану көрсеткіші жоғары болмайды. Бұлшық еттер анаэробтық жағдайда жұмыс жасап, оттектің қарызы оттек қажеттілігінің 80-90% құрайды. Тыныс алу мен қан айналымының күшеюі жұмыстан соң байқалады. (Лингард феномоні)
Статикалық жиырылу кезінде бұлшық еттердің қан тамырлары қысымы мен қан айналу нашарлап жұмысқа қажетті оттегі жеткіліксіздігі байқалады. Сонымен қатар, бұлшық еттердегі зат алмасу заттар бөлімдері сыртқа шығарылмайды.
Статикалық жұмыс тоқтағаннан кейін бұлшық еттегі қан айналымы қалпына келіп қанға алмасу өнімдері түсіп, өкпе вентиляциясы күшейіп, оттекті қажет ету жоғарылап қанның минуттық көлемі өседі. ЖСЖ және артериялдық қысым төмендейді. Нәтежесінде тыныс алу жылдамдап оттек қарызы жойылады.
Жаттығу дәрежесі жоғарылаған сайын Лингард финомині сирек немесе мүлдем кездеспейді. ЖСЖ бір минутқа шаққанда 120-190соғуға жоғарылайды. Қанның систоликалық көлемі 120-150 мм, ал минутталық көлемі 15-16л жоғарылайды. Систоликалық артериялдық қысым 150-180мм.рт.ст. ұлғаяды. Штангышілердің жүрегінің көлемі көп күш – қуат жұмсауына байланысты үлкен болып келеді.

Бақылау сұрақтары:


1.Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы
2.Күрестің физиологиялық сипаттамасы
3.Семсерлесудің физиологиялық сипаттамасы.
4.Ауыр атлетиканың физиологиялық сипаттамасы




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет