Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары


Әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстің айырмашылығы



бет60/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
Әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстің айырмашылығы.
Бокс – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Рефери (ринг үстіндегі төреші) 3 – 12 раундқа дейін созылатын жекпе-жекті бақылауда ұстайды. Жеңіс егер қарсыласы аяқтан құлап (нокаут) 10 секунд аралығында тұра алмағанда немесе жарақат алып (техникалық нокаут) жекпе-жекті жалғастыра алмаған жағдайдайларда беріледі. Егер белгіленген раундта жекпе-жек аяқталмаса, жеңімпаз төрешілердің баға беруі бойынша анықталады.
Спорттың бір түрі Бокс - (ағылшынша box – соққы) ерекше ереже бойынша екі спортшының арасындағы жұдырық күресі. Бокс спорттық жекпе-жек ретінде пайда болған жұдырықтасу күресінен 5000 жыл бұрын Египет пен Вавилонда бөлініп шықты. Жұдырықтасу күресі ежелгі Греция Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірген. Бокстың бірінші ережесі (қолғапсыз) Англияда XVIII ғасырдың басында пайда болып, 1867 жылы бокстың бірінші ережесі (қолғаппен) бекітілді. Ресейде бокстың пайда болуы XIX ғасырдың 90 жылдарына жатады. 1904 жылдан бастап бокс қазіргі Олимпиада ойындарының бағдарламасына кірді.
Бокстан жарыс жұмсақ қолғаппен (250-300 гр), аумағы 6Х6 биіктікте арқанмен керілген рингте, 3 раундта өтеді – әрбір раунд 3 минуттан, 1 минут үзілістен тұрады. Жеңіс көп ұпай еншілеген боксшыға; нокаутпен ұтқанға; қарсыласы пәрменсіз болып жекпе-жекті жалғастыра алмағанда, дисквалификацияға ұшырағанда немесе жекпе-жектен бас тартқан жағдайларда беріледі. Бокста белден төмен, желкеден, бастан және аяқтан құлаған қарсыласына соққы беруге тыйым салынады. Жекпе-жекке ринг үстіндегі төреші (рефери) және рингтан тыс төрешілер қазылық етеді.
Әуесқой боксшы бокс басталар алдында өз бұрышының түсіне (қызыл немесе көк) сәйкес келетін белдік тағады. Қолғабының салмағы 10 унций, яғни 284 грамм. Боксшы бұрышының түсіне сәйкес қолғабының соққы беретін бөлігінің түсі қарама-қарсы түспен ерекшеленеді – ал бұл кәсіби боксшыларда міндетті емес. Әуесқой боксшылардың өз қолғаптарымен боксқа шығуға құқығы жоқ. Боксшыларды қолғаппен жарысты ұйымдастырушылар қамтамасыз етеді.
Кәсіби боксшылар жарысқа 8 унций болатын қолғаппен, ал ауыр салмақты боксшылар салмағы 12 унций болатын қолғаппен де шыға алады. Жарыс басталар алдында қолдың сүйек буынын жарақат алудан сақтау үшін боксшының қолы арнайы созылмалы бинтпен орап алынады. Бұл рәсім бас төрешінің екі өкілінің бақылауымен өтеді. Ринг үстіндегі төреші (рефери) жекпе-жек басталар алдында белгі бермес бұрын боксшының амунициясын тексереді.
Бокс техникасы ептілік дағдыларын игерген, өзін қорғау әдістерінің жиынтығы.
Бокс техникасы күресте тактикалық ойлау арқылы боксшының қарсыласына қолданатын қаруы. Сондықтан боксшы бұл спорт техникасын мүлтіксіз игеруі тиіс.
Жақсы игерген техниканы дұрыс қолдану жекпе-жек кезінде ең қиын және әр түрлі әдістерді тез әрі оңай орындауға мүмкіндік береді. Екі қарсыластың жұдырықтасуы қарқынды болуы боксшының орынды, мақсатқа сай қимыл-әдістерін талап етеді. Бокстың техникасында аз уақыт ішінде әрбір қимыл-қозғалыс бір-бірімен үйлесіп, бірін-бірі жалғастырып, көп уақытты, күш-қуатты жұмсамай әрбір соққыны тиімді, орынды қолдану қажет. Әртүрлі жұдырықтасу қимылы тоқтаусыз, кезекпен орындалады. Алайда тұлға қалпы бір қозғалыстың аяқталуын анықтап, қатар келесі қимылды орындау үшін бастапқы қалыпты сақтайды. Боксшы қарсыласына соққы беруге немесе қарсыласынан қорғануға байланысты әрбір соққының аяғында, келесі қимылды не соққыны орындау үшін бастапқы қалыпқа келеді. Бокста қарсыласын жеңуде жеңістің бірден-бір басты маңызды құралы соққы болып табылады. Соққы беруде боксшының орынды пайдаланған қозғалыс-қимылы үлкен роль атқарады.
Әрбір әдістің негізгі құрушысы жалпы дененің және оның жеке бөліктерінің қозғалысы болып табылады. Боксшының кез-келген соққы беруі нәтижелі шығуы үшін, соққы берген боксшы қолының қозғалыс бағыты мен дене салмағының орынды сәйкес келуі қажет. Бастан тікелей соққы соғу кезінде боксшының жалпы дене қозғалысы соққы берген қолдың алға жылжу (бүгілу) қозғалысымен, кеудеден тікелей соққы соғуда жалпы дене қозғалысының жылдамдығы соққы берген қолдың қозғалыс жылдамдығымен, бас және кеуде бүйірінен соққы соғу кезінде соққы берген қолдың жылдамдығы соққы соғу бағытындағы кеуде айналуымен, бас және кеуденің төмен жағынан соққы соғуда боксшының жалпы дене қозғалысы соққы берген қолдың қозғалысымен сәйкес келуі қажет. Бұл жағдайда дене қозғалысының жылдамдығын аяқ, арқа және соққы берген қолдың бұлшық еттері жасайды.
Физика курсынан белгілі кинетикалық энергия мен күшті Е=m*v^2/2 формуласымен анықтауға болады. m – соққының салмағы. v – осы салмақтың жылдамдығы. Осы жоғарыда берілген формуладан соққы берген кезде қаншалықты салмақ жұмсалса және қажетті бағытта жұмсалшған осы салмақтың қозғалыс жылдамдығы қаншалықты жоғары болса, соққының күші соншалықты күшті болады.
Боксшы соққы берерде қарсыласының осал жерінен ұруға тырысып, қарсыласын белгілі бір уақыт аралығында жекпе-жекті жалғастыруға мүмкіндігі болмайтын нокаут немесе нокдаун құлатуы мүмкін. Боксшы денесінің осал жері деп беттің төменгі жағы, бауырдың орналасқан және жүректің орналасқан жаны жатады.
Боксшылар жекпе-жекке арнайы шортимен және өкшесіз спорт аяқ киіммен шығады. Кәсіби боксшылар шортидың ішінен қорғаныш бандаж киеді. Әуесқой боксшылар арқаның арқаға соқтыққанда жарақат алмауы үшін жеңсіз жеңіл кеудеше және қорғаныш бас киімін кию қажет. Ал кәсіби боксшыларға кеудешесіз және қорғаныш бас киімінсіз жекпе-жекке шығуға рұқсат етіледі. Кәсіби немесе әуесқой боксшы болсын ерін мен тістерін жарақаттан сақтау үшін жекпе-жек кезінде боксышының аузында болатын - резеңкелі пластинадан немесе жұмсақ пластиктен жалалған капу қолданады. Боксшыға капаны жекпе-жек кезінде өз бетінше алып тастауға рұқсат етілмейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Жекпе – жек спортының физиологиялық сипаттамасы.
2. Бокстың физиологиялық сипаттамасы
3. Әуесқой бокс пен кәсіпқой бокстің айырмашылығы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет