(Ж,Қ)Суретпен жұмыс Тапсырма:Суреттерге қара. Табиғаттың қозғалыстың маңыздылығын түсіндір.
Ойланыңдар, түрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіріңдер.
Бұл ғылым денелер мен заттардың қасиеттерін жəне де қозғалыс, күш, жарық, дыбыс, жылу сияқты қызықты құбылыстарды зерттейді. Бұл қай ғылым деп ойлайсыңдар? Физика. Бұл ғылымды зерттеумен айналысатын ғалымдарды қалай атайды? Физик ғалымдар.
(Ұ) Динамикалық үзіліс. Ұстаз балаларға ерекше стадионға баруды ұсынады. Онда барлық спортшылар жаттығады. Таңертеңгі сергіту жаттығуларының кешені өткізіледі.
(Ұ, МК) Өзекті сұрақтар. Ойланыңдар, түрлі денелердің қозғалысына мысалдар келтіріңдер. Тек тірі организмдер ғана қозғала ала ма? Оқушыларға жел күшін, бұлттардың көшуі, жаңбыр, қар ұшқыны, көшкіннің жүруі, өзеннің ағуы жəне т.б. туралы фильм көрсеткен жөн.
Көрнекі құралдар.
Мультимедиялық презен-
тация.
(Ұ) Өзекті жағдай.
Қозғалыс құстарға, балықтарға жəне жануарларға тіршілік етуге қалай көмектеседі? (Жыртқыштардан қашады, азық табады, жəне т.б.). Өсімдіктер əлемінде ше? (көбейеді, өседі ...).
(МК) Ал адам не істей алады? (Оқушылардың болжамдары)
Ұстаз ақпараты: адам табиғатынан қимылға икемделген. Сондықтан біз кеңістікте орын ауыстырамыз, жүгіреміз, адымдаймыз, секіреміз, еңбектейміз, жүземіз, күні бойы мыңдаған иілулер, бүгілулер, бұрылыстар жасаймыз. Оның барлығын қозғалыс аппараты қамтамасыз етеді. Ол сүйектерді, оларды байланыстырушы тіндер мен бұлшық еттерді қамтиды.
түрлі түсті қарындаштар.
Сабақ соңы
35-40 мин.
(Ө,Қ) 1-тапсырма: Өзің саяхатқа шыққанда отырған көлік түрлерін боя
2-тапсырма: Жануарларға қозғалуға көмектесетін денелерінің
бөліктерін қорша.
3-тапсырма: Суреттердің қайсысы артық екенін белгіле.
Өз таңдауыңды түсіндір.
Мұғалім балалардың бүгін қандай ғалым болғандығын сұрайды. Нені зерттедіңдер? Көбінесе есте қалғаны не? Тағы не туралы білгілерің келеді? Жақындарыңа итеріліс пен тарту туралы не айтып бере аласыңдар?
Ұстаз оқушылардан сабақтағы жұмыстарын түрлі-түсті стикерлерді бағалауды сұрайды,
қызыл – ештеңе түсінген жоқпын.
сары – түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын.
жасыл– барлығын түсіндім, басқа адамға түсіндіре аламын.