Сабақтың тақырыбы Жалқы есім және жалпы есім Сабақтың оқыту мақсаттары



Дата16.02.2023
өлшемі236,56 Kb.
#68615
түріСабақ
Байланысты:
docx1555827214





САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: Қ. Сатбаев

Күні: 17.02.23

Мұғалімнің есімі: Сағынбай М

СЫНЫП: 2 «В»

Қатысқандар саны: 24

Қатыспағандар: 0

Бөлім

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Сабақтың тақырыбы

Жалқы есім және жалпы есім

Сабақтың оқыту мақсаттары

2.4.2.4 - зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажырату, жалқы есімнің жазылу емлесін сақтау
2.2.4.1 - мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтау

Күтілетін нәтиже

Барлық оқушылар:

Зат есімнің жалпы және жалқы түрлерін ажыратып, мысал келтіре алады;

Оқушылардың басым бөлігі:

Жалқы есімнің жазылу емлесін сақтайды;

Кейбір оқушылар:

Негізгі ойды анықтай алады.

Құндылық

Әлемдік білім беру кеңістігінде бәсекеге қабілетті болуға мүмкіндік беретінакадемиялық білім; тұрақты өзіндік білім алу дағдылары.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, жаратылыстану

Акт қолдану дағдылары

Ғаламтор, интербелсенді тақта, мультимедиялық оқу құралы

Алдыңғы білім

Зат есім

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жұмыс түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


Қызығушылықты ояту:
Шаттық шеңбері
(шеңбер бойымен тұрып, бір-біріне сәттілік тілейді)
Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Топтарға бөліну.
1 - топ: Қызғалдақ
2 - топ: Бәйшешек
3 - топ: Райхан
Үй жұмысын тексеру:
Зат есімнің ережесін сұрау; мультимедиялық оқу құралынан «Кім? Не?» ойынын ойнау.
Бағалау. «Бас бармақ» әдісі бойынша бағалау.




Интербелсенді тақта , плакат.

мультимедиялық оқу құралы



Сабақтың ортасы
25 минут



Мағынаны ажырату
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Ой қозғау.
Интер белсенді тақтасынан жалпы және жалқы есім слайдын көрсету.

  • Жалқы есім дегенімізді қалай түсіндіңдер?

  • Жалпы есім ше?

  • Жалқы есімдер қалай жазылады?

Қорытынды: Ереже. Кісінің аты – жөні, жер – су аттары, жан – жануарға қойылған атаулар жалқы есім деп аталады. Жалқы есімдер әр уақытта бас әріппен жазылады: Сәуле, Тараз, Ақтөс.
Жалқы есімдерден басқа зат есімдерді жалпы есімдер дейміз:өзен, аққу, оқытушы


Оқулықпен жұмыс
27–жаттығу. (Сөздердің бас, кіші әріптермен жазылу себептерін анықтау)



Сергіту сәті «Кызыл қоңыз әдісі». Зат есімді қайталау
Топтық жұмыс.“Фри әдісі” ойыны
Ойынның шарты: Фриларды алып, ішінен жалпы және жалқы есім фриларын тауып, фри қорапшасына салу.
1-топ: Сөздер ішінен жалқы есімді табу.(Серік, ата, Жайық, Әлия, ұстаз, Алатау, көл, оқушы, Ақтау, жұмысшы ).
2-топ: Сөздер ішінен жалпы есімді табу. (дәрігер, Алма, ұшқыш, құс, Ертіс,мектеп, Бурабай, ана, сабақ, Абай, сынып).
3-топ: Кім? сұрағына жауап болатын сөздерді табу.
Самат, мысық, парта, бала, доп, сабақ, ата, оқушы, жылқы, сәби.


Бағалау. «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау.


Оқулықпен жұмыс. 28-жаттығу. (Өлеңдегі жалқы есімдерін астын сызып, өлеңді жатқа жазады.)


29-жаттығу ауызша. Өлеңді түсініп оқиды және жалқы есімдерді табады.


Бағалау. «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау.


Шығармашылық үзіліс. 30-жаттығу
Берілген сөздердің бір әріпін алып тастап, жаңа сөз жаса.
бата- ата
Әсел- ел
емен- мен
Ажар- жар
Асан- сан
қаша- қаш


Бағалау. «Смайликтер» әдісі бойынша бағалау.

Оқулық

Бейнежазба

Оқулық




Сабақтың соңы
5 минут



Үйге: 31- жаттығу
Қорытынды: Смс әдісі арқылы сабақты бекіту. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға сәттілік купондарын таратып беру.

смайликтер
стикерлер


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет