Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем бейнені аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.1.3.3 –музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату;
3.2.1.2 – қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару жəне суырыпсалма жасау үшін музыкалық көркемдеуіш құралдарды қолдану
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін,
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Әңгімелесу, талдау.
Адам қашанда табиғат сұлулығына тамсана қарайды. Суретшілер табиғат бейнесін әр алуан бояулар түсімен бейнелейді. Ал композиторлар музыкада табиғат көріністерін қалай бейнелейді?
2-тапсырма. Тыңдау. Зерттеу
-Көз алдыңа нөсер жауынның қандай көріністері елестеді?
-Кестеден музыкаға сәйкес келетін сөздерді таңдап, топта талқыла.
Әбілхан Қастеев (1904–1973) – қазақтың әйгілі кескіндеме шебері, график-суретшісі, қазақ бейнелеу өнерінің негізін қалаушылардың бірі. Халық өмірінің алуан көріністерін шынайы бейнелеген. Мыңнан астам көркем туындылар салған.
3-тапсырма. Ән үйрену.
Өнерлі бала
Өлеңін жазған: А. Асылбек
Әнін жазған: Ә. Бүшікова
Мен өнерлі баламын,
Қолда сиқыр қаламым.
Табиғаттың тамаша
Суреттерін саламын.
Салам асқақ тауларын,
Өзен, көлдер, бауларын.
Жарқырата көрсетем
Жарқын жақсы жандарын.
Қайырмасы: Өнер – өрнек,
ән-күйлер,
Бой балқытқан бал билер.
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
|
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Оқушылар сұраққа жауап береді.
Кестемен жұмыс жүргізеді
Әнді үйренеді.
|
|
Оқулық
http://youtube.com/watch?v=yO_pGQU-3tA
http://youtube.com/watch?v=OdB8AXnacQc
|