Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
3.1.1.1 – тыңдалған əуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуіш құралдарын анықтау жəне салыстыру;
3.1.2.1 – көркем бейнені аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.1.3.3 –музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау жəне ажырату.
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін,
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Әңгімелеу. Талдау.
-Мүсін түрлеріне назар аудар.
- Мүсіндер қандай көңіл күйді білдіреді?
2-тапсырма. Ақпарат іздеу.
Мына сұрақтарға жауап бер:
• Мүсін дегеніміз не?
• Мүсіннің қандай түрлері бар?
• Олар неден жасалады
3-тапсырма. Талдау.
Бір жағында мүсін өнерінің туындылары – мүсіндер, оларды жасайтын мүсіншілер. Екінші жағында музыка өнерінің туындылары – музыканың өзі, оны жазатын композиторлар және ойнайтын музыканттар, музыкалық аспаптар және т.б.
• Суреттерді зертте, талдау жаса, сұрақтарға жауап бер, пікіріңді айт.
• Мүсіндер атақты музыканттарды, музыкамен байланысты құбылыстар мен аспаптарды бейнелей алды ма?
Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Мүсіндеме – көркемөнердің бір түрі. Мүсінді орыс тілінде «скульптура» деп атайды. «Скульпо» латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеменің түрлері: жұмыр және рельеф. Мүсінші – мүсін жасайтын адам. Мүсіндеме қатты немесе пластикалық заттардан, соның ішінде: тастан, темірден, сазбалшықтан, балауыздан, ағаштан, сүйектен және басқа материалдардан жасалады. Мүсіндеме туындылары үш өлшемнен (биіктік, ендік, аумақтық) құралады
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
|
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
Миға шабуыл
Сұрақтарға жауап береді.
Музыка мен мүсін өнерін салыстырады.
|
|
http://youtube.com/watch?v=ML20Vz5BRcs
Оқулық
|