Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:
|
3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату
3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
3.1.2.1 – көркем образдарды аша отырып, түрлі сипатты əндерді орындау;
3.1.3.4 – музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау жəне ажырату;
3.1.3.6 – нотамен қарапайым əуендер орындау;
3.3.1.1 – өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің жəне өзгелердің жұмыстарын бағалай білу.
|
Сабақтың басы
Сабақтың ортасы
Сабақтың соңы
|
Амандасу
«Сәлем»
Оқушылар жұппен тұрып, бір-біріне жақсы тілек тілейді. Оқушылар саусақтарын бір-бірден тигізіп, бір сөзден айтады:
1) Бас бармақтарын тигізеді - Саған,
2) Екінші саусақтарын тигізеді - Әрқашан,
3) Ортанғы саусақтарын тигізеді - Үлкен,
4) Аты жоқ саусақтарын тигізеді - Табыс,
5) Кішкентай саусақтарын тигізеді - Тілеймін,
6)Алақандарын тигізіп, амандасады - Сәлем!
1-тапсырма. Талқылау
• Суретке қарап, басқа да атақты әнші, сал-серілерді, ақындарды, күйшілерді, композиторларды ата.
• Олардың атақты адамдар болуына қандай қасиеттері әсер етті? (Мысалы: өнерге қызығуы, еңбекқорлығы ...)
• Өзің неге қызығасың? Қалай атақты болуға болады: жақсы оқу, мақсат қою, ұлы адамдарға еліктеу арқылы және т.б.?
2-тапсырма. Ақпарат іздеу.
Біржан сал Қожағұлұлы (1834– 1897) – әнші ғана емес, ақын және композитор. Көкшетау өлкесінде дүниеге келген. Оның «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Он саусақ» әндері халық арасына кеңінен таралған.
3-тапсырма. Тыңдау және талдау.
Он саусақ
Біржан сал
Домбырам күйге келер бұрауменен, Келмейді сөз жүйесі құрауменен. Гүлденген бәйшешектей қайран жастық, Келмейді,
а-хау, қайта айналып сұрауменен.
Қайырмасы:
Он саусағым бір баспай,
Жүрмін қалай жер баспай.
Жиын-тойдың ішінде
Ән саламын осылай.
«ҚҚҚ» әдісі
-Мен үшін құнды
-Мен үшін қиын
-Мен үшін қажет
|
Мұғалім қимылын қайталай отырып жасайды.
«Сұрақтар ілмегі»әдісі
.
Біржан сал Қожағұлұлы шығармашылығымен танысады.
Әнді тыңдап талдау жасайды
|
|
Оқулық
Оқулық
Фонохрестоматия
|